Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам » 6 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО Тарбағатай ауданы Абай атындағы орта мектебі

6 сынып тәрбие сағатының жоспары

Сынып жетекшісі : Г.М.Абдрахманова

Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам »

Уалханова Алмагүл Нұралықызымен кездесу

Мақсаты:

  • Оқушыларды мектеп қабырғасында еңбек етіп жүрген Уалханова Алмагүл Нұралықызының өмірі, қызметі және шығармашылығымен таныстыру.

  • Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту ;

  • Сөйлеу мәнері шеберлігін арттыру, сахна өнеріне баулу, оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының формасы: танымдық өнегелі отырыс

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері : әңгіме, пікіралысу , әңгімелесу, жаттығу, көрнекілік;

Тәрбие сағатының құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері:

Тақырыптың аты мен нақыл сөздер жазылған плакат, Уалханова Алмагүл Нұралықызы өміріне байланысты слайд, дыбыс күшейткіш, күйлер, өлендер.

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

А) шаттық шеңбері

Ә) А.Н.Уалханованы құрметпен қарсы алып, ортаға отырғызу

Б) оқушылардың құттықтаулары

В) 8 Наурыз мерекесіне байланысты оқушылардың өнерлерін тамашалау

Г) « Алмагүл апаның сыр қазынасынан...» сұхбаттасу

ІІІ Қортынды

А) оқушылардың ой түйіндері

Ә) А.Н.Уалханованы құрметпен шығарып салу

І V Соңы

Тәрбие сағатының барысы:

І Ұйымдастыру

Бөлмені безендіру, жабдықтау жұмыстары

ІІ Негізгі бөлім

Оқушылар мерекелік безендірілген бөлмеде жартылай шеңбер құрып отырады.

Музыка әуенінде, ортаға Абай атындағы орта мектебінің математика пәні оқытушысы Уалханова Алмагүл Нұралықызыны құрметпен шақыру.

Сәлемдесу рәсімін сахналау

Оқушылар орындарынан тұрып, қонаққа құрмет көрсетеді.

Шаттық шеңбері

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысыз Ұстаз Анамыз,

Сәлем берді, Сізге , өзіңіздің балаңыз.- оқушылар иілім сәлем етіп, орындарына отырады.

Оқушы

-Амансыз ба, мен адаммын, адамдығымды білдіремін, Алланың нұры жаусын! Мерекеміз құтты болсын!

Деңсаулығыныз зор болсын!

Есенсіз бе, мен де адамммын, адамдығымды білдіремін, Сізге де алланың нұры жаусын!

Мерекеміз құтты болсын

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

Психологиялық дайындық:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен-бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз

Базарбек Зерде : «Жақсы адам көңілі- күн» Д.Әлімжанов

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

« Жақсы адам »

1. Жақсы адам деген кім?

2. «Жақсы » болу дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ:

Халыққа батыр да өткен,бағлан да өткен,

Ел едік ата текті мақтан еткен.

Жеті атасын білген ер азамат деп.

Бабалар өсиет қып айтып кеткен.

Бұл пәниден жақсы да,жаман да өткен.

Жиын той болмап па еді бізде көптен.

Қол соғып ел-жұртым демеп отыр.

Сөз қозғайық жақсы адамға ізгі ниетпен.

Мұғалім:

  • Оқушылар, биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында, өзіміздің асыл ұстазымыз,талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан, осы күнде қызметтес әріптестерінің, оқушыларының,балаларының, немере-шөберелернің ыстық ықыласы мен махаббатына бөленіп жүрген Алмагүл апаймыз -бүгін күні біздің төріміздің сәні болып отыр.

  • Құрметті Алмагүл Нұралықызы!

Сізді кележатқан 8 наурыз мерекенізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі күні сізге Алланың нұры жаусын демекпіз.Деніңізге саулық, ғұмырлық өмір, отбасылық бақыт тілейміз

  • Ендеше, Алмагүл апайымыздың өмірі,отбасы, қызметі,шығармашылығы жайлы өз аузынан естісек.

  • Құрметті Алмагүл Нұралықызы, әңгімемізді сонау балалық шақтың тәтті кезеңдерінен бастасақ, туған жеріңіз, отбасыңыз, алғашқы ұстазыңыз, ол адамның сізге әсері жайлы әңгімелесеңіз дейміз.

- Әңгімеңізге көп рахмет

Енді әсем ән тыңдап, бой сергітіп алайық

терме « Жақсы мен жаман» Аңықбек Шолпан

-Оқушы :

«Қазақтың тыйым сөзі- тәрбие көзі» демекші, қандай тыйым сөздерді білеміз?

Малды теппе, ақты төкпе

Отты шашпа, күлді баспа

Бүйіріңді таянба, жағыңды таянба

Бос бесікті тербетпе

Бесікті ашық қалдырма

Екі қолыңды төбеңе қойма

Есікті керме

Тұзды шашпа, баспа

Асты оң қолыңмен алып же

Нанды бір қолмен үзбе

Аяқты көкке көтерме

Түнде тырнақ шаш алма

- Алмагүл Нұралықызы, сіз қаншалықты ырым-тыйымдарға сенесіз, сол жайында айтсаңыз?


  • Оқушылар, Алмагүл Нұралықызы апайымыздың өмірі мен шығармашылығына арналған мына көрмеге назар аударайық, барлығымыз бері жақындап, көрме тамашалап, мерейтой иесінің өз аузынан осыншама еңбектің қандай термен, қандай табандылықпен келгенін естіп білсек.

Қазақ биі : « Көктем »

Ән: «Ұстазым»

«Батамен ел көгерер» демекші, ақ батаңызды берсеңіз

-Құрметті Алмагүл Нұралықызы, бүгін бізді өміріңіз, шығармашылығыңыз,

жекелей қасиеттеріңіз бен ерекшеліктеріңіз жайлы бізді хабардар етіп, таныстырғаныңызға шексіз разымыз. Ұстаздық жолдың қиын болғанымен,

Сіз - өз өміріңіздің мәнін де сәнін де бала тәрбиесіне арнағаныңыздың куәсі болдық. Әңгіміңізге көптен-көп рахмет, кездескенше сау болыңыз.

Қонаққа сый-сыяпат көрсету.

Соңы.



© 2010-2022