Бастауышпен қоштасу мерекесінің жоспары

Ханымдар мен мырзалар! Бул өмірімізде есте қаларлық күн - бастауышпен қоштасу мерекесі сценарийі.  Кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған,  әлі ештеңе білмейтін, ертпесең өзі жүрмейтін, жан – жағына қарап, білім іздеп келген кішкентай ғана балдырғандардың бірінші белестен өткенін атап өту мерекесі. Көзді ашып – жұмғанша өте шыққан төрт жылда бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыштан білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отырған шәкірттерге арналған мерекенің жоспары деп қабыл алыңыздар....
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ББастауышпен қоштасу мерекесінің жоспарыастауыш сынып мұғалімі:

Адасбаева Шыныр Әділбекқызы

ТЭФММ

4 - сынып оқушыларының

бастауышпен қоштасу

мерекесінің сценариі.

Тақырыбы: желбірей түс, ақ желкен!

Мерекенің өтілу орны: Мектептің акт залы.

Мерекенің безендірілуі: Шарлар; тақырып бойынша қажетті түрлі атрибуттар; бейне көрсетілімдер.

Мерекеге қатысушылар:

  • 4 - сынып оқушылары, ата - аналар, қонақтар;

  • Теңіз флотының адмиралы - мектеп директоры; капитандар - сынып жетекшілері;

  • Мереке жүргізушілері - музыка, ритмика мұғалімдері.

Мереке өтілу қарсаңында мынандай дайындықты қажет етеді: Оқушылар қабырға газеті; оқушылардың мектептегі өмірі туралы бейне көрсетілімдер; мерекелік музыкалық құттықтаулар; слайдшоу; басқа да бейнематериалдар;

Мерекенің жоспары:

І. Қатысушыларды таныстыру.

ІІ. «Ең алғашқы қоңырау...Осыдан бәрі басталды.» 1 - сыныпқа алғаш

келген кезді еске алу.

ІІІ. «Төрт жылымыз төрт сағаттай өте шықты...» мектеп өмірі

туралы.

ІV. «Сіздерге алғысымыз шексіз біздің...» ұстаздар мен ата - аналарға арнау.

Жүргізуші: - Армысыздар, қымбатты қонақтар!

Ханымдар мен мырзалар! Бүгін біздің өмірімізде де, мектебіміздің өмірінде де есте қаларлық күн! Қазақ бастауыш сыныптарының ең тұңғыш түлектерін ұшырғайы отырмыз. Кеше ғана олар мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, әлі ештеңе білмейтін, ертпесең өзі жүрмейтін, жан - жағына қарап, білім іздеп келген кішкентай ғана балдырғандар еді.

4 «а»сыныбы

Міне, көзді ашып - жұмғанша, төрт жыл өте шықты. Енді олар бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыштан білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отырған - ең әдемі, ең мықты, , ең зерек, алғыр, тапқыр шәкірттеріңіз «Талаптарыңа нұр жаусын » - деп, қарсы алыңыздар!

4 «б»сыныбы

Білімге құштар 11 ұл мен қыз. Олар қылықты, көркем, ақжарқын, ең ұйымшыл, ізденімпаз, әрқайсысы бастауышта теңдесі жоқ бағалы оқушы болды, әрқайсысы менің ең сүйікті оқушым.

  • Армысыздар, ұстаздарым, қымбатты!

  • Армысыздар, аналарым сымбатты!



  • Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.



  • Бүгін , міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби, еркелер!



  • Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген - бір мұрат,

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген - бір мұрат - дейді халық.



  • Осы бір бақытты күнге жетіп, алтын ұя мектебіміздің шаңырағына қош келіпсіздер!



  • Әсем әуен, би патшасы - вальсті қабыл алыңыздар: Мектеп вальсі.

4 - сынып оқушылары салтанатты түрде вальсқа тұра қалады.

  • Қымбатты қонақтар, мына тамаша сахнаға қарап, ертегідегі Ассоль қыз армандаған үлкен кеме, ақ желкен естеріңізге түсті ме?



  • Біз осы төрт жыл бойы жыл санап, сағат санап, секунд санап бүкіл Тамос ұжымымен бірге ақ желкенді желбіретіп, , білім атты теңіздің толқынында келеміз.


  • Олай болса, бір сәтке қиялыңызға ерік беріңіз. Ғажайып саяхатқа: «Балғын балалық » аралынан « Ересектер еліне» бүгін бірге аттанайық...

  • 2011 де 4-а, 4-б нөмірлі ең мықты желкенді кемемізге қош келіпсіздер!


  • Штурвал басында біз - бүгінгі түлектер, бағыт көрсетуші - ұстаздарымыз.


  • Қане, дайынсыздар ма?

  • Ендеше, мықтап отырыңыздар, сапарға аттанамыз!


  • Палубаға шық бәрің! ( Ұлдар жүгіріп шығып, тұра қалады)


  • Көтер зәкірді...


  • Құп болады. Көтер зәкірді! (Ұлдар зәкірді көтергенін қимылмен көрсетеді)


  • Жібер желкенді!


  • Құп болады, жібер желкенді! (Ұлдар қимылмен көрсетеді)



  • Бар қуатпен жүз алға! (Кеме қоңырауы соғылады. Экранда желкенді қайық көрсетіледі)


  • Мектеп атты кемеде,

Теңізінде білімнің,

Арманымды өрбіткен,

Желбірей түс , ақ желкен! Матрос биі


  • Ақ желкенді кеме экипажымен таныса отырыңыздар (Бейнеролик басталып кетеді.)


  • Шыныққан, ержүрек,

Белсенді, елгезек,

Мейірімді, бақытты,

Еңбекқор, ақылды - деп біз туралы кез - келген айтады. Ал менің достарым өздері жайлы не айтар екен?


  • Біздің қыздар көңілді,

Қиялшыл, сөзшең белгілі.


  • Сәнқой, әнші, биші де,

Қылықтары тәтті,

Шыдамды, нәзік, сымбатты.


  • Сақина, түйме, моншақтар,

Тарақ, кәмпит, қуыршақтар.


  • Кітап оқып, жылайды,

Бірақ бізге олардай,

Дүниеде ешкім болмайды.

Ән: 8 қыз.

  1. Астыма мінген атым - Генадушка

Қыздарды әнге салдым - немножко

Қайсысын қарасаң да, красавицы,

Ақылды, шеттерінен, мастерицы!

Алтынай, Каринай, Айымжан, Заринай,

Дианажан, Зәулім-ай, Джамиля, Алуай!

Оқымысты - Алтынай, өнерлі қыз - Алуа,

Ерке сылқым - Карина, сүйрік сұлу - Зарина,

Зәулім менен Диана,Айымжан мен Джамиля

Я люблю тебя, қыздар-ай!



  1. Көп сөйлеп мен оларды хвалить етпейм,

Өйткені, не істейм, егер сглазить етсем,

Ең күшті, супер қыздар осында деп,

Бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!


  • Ұлдарымыз туралы айтсақ, олардың тапқыр, шапшаң, ержүрек екендігі бірден білінеді.


  • Біздің ұлдар ойыншыл,

Кейде шулы, кейде ойшыл.


  • Сұрақтар толған бастары,

Фантастика мен шахмат тастары.


  • Джинсы, куртка, Аватар, Футбол, кроссовки, ғаламтор.


  • Тәуекелге бел буып, компьютерлер мен бионикл,

Бәрін жақсы көреді.


  • Қалталары жыртырып, жараланып жүреді.


  • Автомобиль маркасын, олар жатқа біледі.


  • Есеп, басқатырмақ, жұмбақты,

Шапшаң ойлап табады.

Біздің барлық ұлдарды,

Сұлтан деуге болады!

Ән: «Аңсағаным»


  • Біз жиырма баламыз, орташа - 9 жастамыз.


  • Біздің жалпы жасымыз- 202 жыл, ал салмағымыз - 6ц 12 кг.


  • Осы төрт жылда әрқайсымыз, орташа есеппен, 4 кг - ға толып, 15 см өстік.


  • Ортақ көңіл - күйіміз - тамаша. (хормен)


  • Осы көтеріңкі көңіл күймен тамаша биді қабыл алыңыздар.

4 «а» сынып биі. (мамбо)

Күннен күнге, жылдан жылға тал шыбығын баптаған бағбандай сіз - біз болып осы бүлдіршіндердің білім баспалдағымен өрге шағуына жол көрсетіп, демеп келеміз. Балаларымыздың өздері де аз еңбек еткен жоқ. Осы төрт жалда 4220 сабақ оқып, ондаған ережелер жаттап, мыңдаған есептер шығарып, 2720 сағат партада отырды. Бұл үй тапсырмасына кеткен уақытты есептемегенде. 1960 дәптер толтырып, ондаған оқулықтар оқыды.

Соның бәрі неден басталған еді?

«Балғын балалық аралымен » қоштасу.


  • Мөлдір сумен байыпты,

Құмды шайған теңіздей,

Қарасам, кетіп қалыпты,

Балалық шақ білінбей.

Ертегіге сенетін,

Ғажайыптар көретін,

Балалығың кез келді,

Тек түсіңе енетін.


  • Бастауышым - балбұлағым, артта қалған балалығым. Артта қалған балғын балалық аралына, естеліктерімізге көз салайық.


  • Бәрі - бәрі 2008 жылы ата - анамыз бізді ертіп мектепке әкелген сәтте басталып еді...


Мектебім.

Қыркүйекте күздегі,

Шуақты Күн аспанда,

Құшақ толы гүлдерге,

Алты жастан асқанда.

Анам, әжем, әкеммен,

Мектепке мен беттедім.

Тамостың не екенін,

Мен ол кезде білмедім.

Қайырмасы:

Жаншы-жаншы, жанған шырақ болшы,
Білім орда мектебім.
Ағып жатқан,ағып жатқан бұлақ болшы,
Гүлдене бер мектебім

Бәрімізді сонда кеп,

Құттықтады бір ағай,

Сосын шығып ортаға,

Құттықтады бір апай.

Жақсы оқы деп ата - анам,

Мені жалғыз тастады.

Ең алғашқы сабағым,

Соныменен басталды. (1 - сынып туралы слайдшоу)

Әлі есімде сол бір күн,

ТАМОС - қа алғаш келгенім.

Дүниеде ең жақсы,

Сыныпқа кеп кіргенім.

Жасқана кіріп сыныпқа,

Әліппені ашқаным.

Жылы жүзді ұстазға,

Атымды алғаш айтқаным.

Достарыммен танысып,

Бірге ойнап, күлгенім.

Ережесін мектептің

Алғаш естіп, білгенім.

Бірге шығып далаға,

Бірге жазу жазғаным.

Әсем әнді айтқанда

Бірден жаттап алғаным.

Ән Мектебім


  • Басымыздан талай қызық та күлкілі сәттер де өтті:

Әжесі:

  • Немерем менің, құлыншағым, мектепте оқисың ғой, ғылыми түрде айтшы, осы мен неге алдымен найзағайдың жарқылдағанын көремін, ал күн күркіреген дауысты артынан естимін?


  • Ай, әже, сенің көзің алдыңда да, құлағың одан кейін тұр ғой... Сондықтан сен найзағайды бірінші көресің.


  • Ата, мен теңізші боламын.

  • Балам, ендеше айтшы, мередиандар мен параллельдер не үшін керек?

  • Қызықсыз, ата... Мередиан параллельдермен Жерді құрсаулап қойған ғой... Олар болмаса Жер шашылып қалады.

Бала:

  • Маған үнемі әділетсіз баға қояды.

Әкесі:

  • Неге?

  • Бүгін дүниетанудан айттым. Бәрін айттым. Тағы «2» алдым.

  • Бәрін айтсаң, неге 2 ?

  • Мәселе сонда болып тұр ғой, мен барлық сұрақтарды айттым, ал жауаптарды білмеймін. Мен сұрақтарды оқыдым.

Анасы:

  • Ал қазақ тілінен неше алдың?

  • Қазақ тілінен де тағы «2».

  • Не үшін «2».

  • Диктант жаздық. Тыныс белгілері үшін.

  • Немене, үтір - нүктені қоя алмайсың ба?

  • Қоя аламын. Тек, қайда қоятынын білмеймін.

Әкесі:

  • Өй, сен сүйіп оқитын бір пән бар ма өзі ?

  • Әрине бар! Математика!

Анасы:

  • Ендеше айтшы, шаршының ауданын қалай табамыз?

  • Ол нәрсе не жоғалып кетті ме? Мен алған жоқпын...

Ата - анасы талып түседі. Бала иығын көтереді.


  • Бала тілі - бал дегендей, осындай қызықты оқиғаларды әр ата - ана, әке - әжелер көптеп айтып бере алады.



  • Ал, қазір біз ер жеттік, көп нәрсеге үйрендік:



  • Бастауышым - балбұлағым,

Артта қалар балалығым...


  • Балалық артта қалса да, Тамоста өткізген әрбір күнім мәңгі есте қалмақ... (Бейнеролик басталып кетеді.)

Мектеп деген білім кені, жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектеп бізді үйретеді адалдыққа,

Достыққа, намысшылдық, адамдыққа,

Үйретеді сыйластыққа, ізденуге,

Имандылық, көпшілік, ізгілікке.

Бүгін біз толқимыз, толқып тұрмыз,

Мұндай күй болған шығар, баршаңызда...

Қол соғып қошеметтеп шақырайық,

Әсем әуез домбыраны ортамызға: ( Күй «Секіртпе»)

Осы кезде дауыл мен толқын дыбыстары естіледі, бір бала жүгіріп келеді:


  • Матростар, сақ болыңдар, үлкен толқындарға тап болдық!


  • Қорықпаңдар! Ол жылы мейірім толқыны.


  • Ол мына жерде сіздердің толқып отырғандарыңыздан болар...


  • Қымбатты біздің ата - аналар балалармен бірге 5 - сыныпқа сіздер де көшпексіздер. Сіздер әрі математик, әрі филолог, әрі психолог, әрі аудармашы, тіпті тарихшысыздар. Сіздердің еңбектеріңіз шексіз, көмектеріңіз бағасы жоқ.



  • Олай болса, осы тамаша «Көңіл толқынында балаларыңыздың ыстық лебіздерін қабыл алыңыздар.


  • Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген.

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Дүниеге әкелген - сіз едіңіз, анашым.

Ақ сүт беріп өсірген - сіз едіңіз, анашым.

Тіл алмасам, кешірген - ол да сіз ғой, анашым,

Аман болсын әрқашан, әкешім мен анашым.

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармыз күні ертең - ақ мақтанышың,

Білім алып тер төгем, еңбек етем,

Сіздер артқан сенімді ақтау үшін!

Қабыл алыңыздар, «Бала тілегі». Ән.


  • Ана тілі сабағындағы бір көрініс:

Мұғалім:

  • Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не?


  • Апай, мен айтайыншы.

Жерден ауыр - ақыл, білім.

Судан терең - оқу, ғылым

Оттан ыстық - адам өмірі,

Көктен биік - тәкаппардың көңілі.


  • Дұрыс. Балалар, айтыңдаршы, дүниеде не жетім?

Мен айтайыншы...

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім.


  • Ал , сен айтағойшы.


  • Апай, мен қол көтерген жоқпын ғой...

«Тіл туралы» өлең оқылады.

Ана тілін оқыдық,

Санамызға тоқыдық.

Ұлт дәстүрін құрметтеп,

Ақыл - ойды толтырдық.

Би «Қара жорға»

Орыс тілінен: А что у вас.

Ағылшын тілінен: ...............................


  • Атас, кемемізді тарроршы, лаңкестер жаулап алды.

  • Не дейсің, қарулары бар ма?

  • Жоқ.

  • Енді не?

  • Гүлдері бар...

  • Ақымақ, шақыр ендеше, Ол біздің ұстаздарға арналған құттықтаулар ғой.


  • Уважаемые Лидия Николаевна, Татьяна Владимировна, Лидия Владимировна, Екатерина Петровна, Елена Николаевна, Ирина Владимировна, как говорил великий Абай, мы стали кирпичиками и нашли свое место в этой школе, построили свой дом, свою семью «Тамосят». Если убрать один кирпич, то дом ослабеет, рухнет. А вы являетесь основными кирпичиками нашего прекрасного дома, нашей замечательной семьи.

Плывет корабль по волнам знаний,
И вы стоите у руля.
Ведете четко и умело
Вы всю команду корабля.

Нет на свете почетней труда,
Чем учителя труд беспокойный.
Постараемся не огорчать никогда,
И любви вашей будем достойны!

Спасибо Вам!

Қоңыр үнді даусың әсем, таңдардай,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

Кешегі жабырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі.

Ұстаздарым, алтын ұям киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен.

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Ән: Ұстаздарға арнау.

Қымбатты Шолпан Серікқұлқызы!

Базархан апай!

Бедербек Төркешұлы!

Жанат Толеужанқызы!

Эльмира Төлендіқызы!

Альмира Жұмабайқызы!

Гүлзат Әлиқызы!

Динара

Құралай Дәулетқызы!

Талғат Қасболатұлы!

Дильшат!

Расул!

Сондай - ақ, бас ауырса, тіс ауырса біз жүгіріп баратын сүйікті Неля Ватутқызы мен Елена Дмитриевна!

Және дәмді - дәмді асымен демеп келе жатқан Ардақ апайымызға!

Нұрын төгіп бізге, қиналған кезде,

Абзал жандар әркез келер көмекке.

Бақытты ғой заман, қандай көңілді.

Біз тілейміз Сізге ұзақ өмірді.

Тыңдаймыз, сыйлаймыз, ұмытпаймыз,

Мәңгіге есімізде сақтаймыз.

Сіздердің көңліңіз қымбат бізге!

Бас иіп айтамыз: Рахмет сізге!

(Балалар жүгіріп, ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынады)

Көрініс: Екі жақтан екі бала шығады. Біреуі айқайлап жылап шығады.


  • Саған не болды?


  • Міне, жаңа ғана жиырма бала жетімсіреп, сынып жетекшісіз қалдық қой...(қолында сурет: іздеу салынады)


  • Жылама, қыркүйекте бізді жаңа жетекші қарсы алатын шығар?


  • А-аааа. Ол біздің апайымыз сияқты мейірімді, жаны ашитын бола ма, бізді солай жақсы көре ме?


  • Дұрыс айтасың. А-ааа.



  • Балалар, жыламаңдар, біз мектебімізде әлі 7 жыл оқимыз. Апайларымыз бізді сенімді қолға табыстайды.



  • Ән: Аппақ қурай әнімен.

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді.

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп, әркез демеп,

Шәкірттерін баласымен тең көреді.

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмас көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап,

Шәкірттеріңіз жиі еске алатын.

Монолог: Робот апай.

Ән: Ұстазым

Би: Черлидеры.

Құттықтау. Марапаттау. Мектеп директоры Лидия Николаевна.

Жап жасыл ағашы,

Қып - қызыл алмасы,

Тамостың мекені -

Алматы қаласы.

Қосылған әнге аты,

Өшпейді мәңгі аты,

Жаннаты жерімнің

Алматы қаласы.

Ән : Алматым.

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


  • Балалар, көптеген ыстық лебіз, тілектер айтып жатырмыз. Бірақ, қанша айтсақ та, артық болмас. Бастауыштың бізге бергені көп. Ал біз, біз оған не сыйлай аламыз...


  • Балалар, мен бастауышқа жүрегімді сыйлаймын.

  • Мен де бастауышқа жүрегімді «Алған білімім» үшін деп сыйлаймын.

  • Мен бастауышқа жүрегімді «Бізге деген шексіз махаббаты» үшін сыйлаймын.

  • Мен бастауышқа «Төккен мейірімі» үшін сыйлаймын.

  • Мен жүрегімді «Адал достық» үшін сыйлаймын.

  • Біз әрқайсысымыз жүрегіміздің бір бөлігін бастауышта қалдырып барамыз. Ал бастауыш мектеп біздің жүрегімізде мәңгі қалмақ.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым - балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: Оқы, оқы...

Ана тілің - арың деп,

Өз тіліңде сөйлеуді

ТАМОС бізге үйретеді, үйретеді.

Кітаптармен дос болып,

Талаптанып оқуды,

ТАМОС бізге үйретеді, үйретеді.

Қамқоршы боп кішіге,

Үлкендерді сыйлауды,

ТАМОС бізге үйретеді, үйретеді.

Уәдеңде тұруды,

Досыңа адал болуды,

ТАМОС бізге үйретеді, үйретеді.

Ата - анаңның үмітін,

Сенімдерін ақтауды,

ТАМОС бізге үйретеді, үйретеді.

Келешекте Отанның

Азаматы болуды,

ТАМОС бізге үйретеді, үйретеді.

Кел, балалар, талмайық,

Оқуда да қалмайық,

Қайда жүрсек жақсы оқиық, жақсы оқиық!

Бастауышты ұмытпай,

Бар үмітті ақтайық,

Жақсы оқиық, жақсы оқиық, жақсы оқиық!

Мерекені «ТАМОС» гимнімен аяқтау.

© 2010-2022