«Өлең - деген құдірет қой, шынында. .. »

«Өлең - деген құдірет қой, шынында...» Мақсаты:Қазақтың лирик ақындарының өмірі мен шығармашылығы жайлы насихаттау,оқушылардың өлеңге деген құштарлығын арттыру.Әдісі: әдеби сазды кеш1-жүргізуші: Сендердікі – өмір,қоғам,заман да, Сән түзеген қалаң менен далаңда Барлығы да мұра болмақ әманда Болашақ деп аталатын Адамға Барлығы да сендердікі-барлығы Табыстаймыз жансыз бенен жандыны Армысыңдар,Ата ұрпақтың тағдыры! ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өлең - деген құдірет қой, шынында...»


Мақсаты:Қазақтың лирик ақындарының өмірі мен шығармашылығы жайлы насихаттау,оқушылардың өлеңге деген құштарлығын арттыру.

Әдісі: әдеби сазды кеш

1-жүргізуші: Сендердікі - өмір,қоғам,заман да,

Сән түзеген қалаң менен далаңда

Барлығы да мұра болмақ әманда

Болашақ деп аталатын Адамға

Барлығы да сендердікі-барлығы

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны

Армысыңдар,Ата ұрпақтың тағдыры!

Армысыңдар,жаңа атқан таң нұры!

Құрметті ұстаздар,көрермендер!Бүгінгі «өлең- деген құдірет қой шынында..»атты қазақ лирик ақындарына арналған әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Қайтадан қауымға келмейсің,

Барыңды,нәріңді тіршілікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт,осыны ұқ,мәңгілік өлмейсің»деп ұлы ойшыл Шәкәрім жырлағандай қазақ әдебиетінде өшпес іздері бар ақындарымызға арналған бүгінгі кештің мәні тереңде.

1-жүргізуші:Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі бар қызығың бір өлеңмен,

Ойласайшы бас қақпай елең-селең,-деп ұлы Абай атамыз жырлағандай өлең өмірге сән беретін қоғамдық құбылыс.Абай атамыздан бастау алып,ххі ғасыр ширегінде өмір сүрген лирик ақындарымыздың таңдаулы шығармаларын бүгінгі кеште тарту етпекшіміз.Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан обл.Абай ауданында дүниеге келген.Абай-дара,Абай-дана,Абай лирик.Оның өлеңдерінің құдіреті ерекше.Бүкіл әлемдік ғылым,білімнің тұнығынан сусындаған Абай шығармашылығы ендігі жерде шын мәнісіндегі бүкілхалықтық сипатқа ие болды.

«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» Сәкен.Реж.бөлімі

1-жүргізуші: Шәкәрім Құдайбердіұлы-лирик әрі эпик ақын,жазушы,шебер аудармашы,композитор,тарихшы,ойшыл.Қазақ қоғамынын рухани өсуіне үлес қосып жастарды ғылым - білім,өнер - өнегеге баулуды мұрат еткен ұлы Абай мектебінің шәкірті,талғамы биік дарын иесі Шәкәрім 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде ,Семейдегі Абай ауданында дуниеге келген.

«Адам болып тудым,адам атымды ақтайын,көп үшін,халық үшін,келешек ұрпақ үшін еңбек етейін.Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын,адам атым өшпесін,тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.

...Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым» - дейді ақын атамыз.

«Адамдық борышың»

2 - жүргізуші: Поэзия әлемінде жарық жұлдыздай сауле шашып, айрықша із қалдырған Мұқағали күші-қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»-деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімдерін, оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері - мәңгілік қазына.

Мусаева Айтолқын. «Қара өлең»

Балқасимов Данияр. «Дос болам десең»

________________________________________

1 - жүргізуші: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - ақын Қадыр Мырза Әлі. Ол - қазақ поэзиясын өзгеше бір ойшылдықпен байытқан ақын Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы қаңтар айының 5 жұлдызында Батыс Қазақстан облысының, Сырым ауданында дүниеге келген. Ол өз шығармаларында халқының ұлттық салт - дәстүрін, әдет-ғұрпын, тәлім - тағылымын тарих тереңінен аршып алып, яғни бүгінгі күннің эстетикалық талап - талғамына үйлестіре жырлайды.

Тасмуханова Аида. «Зердеміздің шам шырағы өше ме?»

2 - жүргізуші: Ата күші, ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің иірімі, жанына жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға ретінде қалыптастырады. Біздің қазақ киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі- Фариза Оңғарсынова!!!

Ақын 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысының, Новобогат ауданының, Манаш ауылында дүниеге келген. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. Фариза поэзиясында махаббат, табиғат, қоғамдық-саяси лирикалардың қай - қайсысы да мол кездеседі.

Көңілді жайлы күнімді,

Азапты, қайғы мұңымды.

Өзіммен бөліскенің үшін,

Мені мынау қиындау тағдырым болып,

О баста көріскенім үшін,

Өлең, мен сені аялап өтем! - деп өлеңді өміріне өзек еткен Фариза Оңғарсынова қазақ поэзиясына, арманы асқақ, танымы терең, рухы ұлттық өлең - жырларымен өлшеусіз үлес қосты.

Рыстыгүл «Өлең, мен сені аялап өтем!»

___________________________________________________________

1 - жүргізуші: Жайықтың ақ шағаласы, ақ желкені Ақұштап Бақтыгереева Бат. Қаз.обл, Ақжайық ауданында туған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Ақұштап, қалам ұстаған ақын болып қана қоймай, елінің ертеңін ойлаған қайраткер ретінде бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге кірісті. Ол халықтың тілегін жетер жеріне жеткізді. Өзінің ақындық та, азаматтық та борышы деп санайды.

«Жүрегі елжірегендер мен, үмітке сендіре білгендермен достасқым келеді менің. Мұң қайғы жеңбейтіндермен, наданға ерімейтіндермен, өсекке сенбейтіндер мен бас қосқым келеді менің!»

Шүкірова Ботагөз «Жұлдызды әлем»

Қалимоллаев Аблай «Өлең - деген құдірет қой шынында»

2 - жүргізуші: Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің - бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны үлкен өнер иесінің қолынан ғана келеді.

Барлығы да елім деп соққан жүрекпен өмір сүрген жандар. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған жандардың арқасында біздің еліміздің ауыз толтырып айтарлықтай бай әдеби мұралары бар.

1 - жүргізуші: Егемен еліміздің әрбір ұрпағы осы ақындарымыздың шығармаларынан алатын тәлімі мол екенін кәміл сеніммен айта аламыз.

Халықтың хал - жағдайын ойлап, елдің қамын жасаған өлең құдіретін айқындап берген ақын жазушыларымызға арналған кеште соңына жетті.

2 - жүргізуші: Өз тарихымызды танып, әдебиетімізден адаспайық, ағайын!

Бірге: Қош сау болыңыздар!








© 2010-2022