Планирование открытый урок Ұсатз ұлағаты (7 класс)

Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.Жүрісі: 1. «Өмірі ұрпағына өнеге» өмірбаяны таныстырылады. (Слайд)2.«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» Ұстаздан білім,тәлім тәрбие алып, ел алғысына бөленген шәкіртерін таныстыру.Слайд3 «Замандас көзімен...» Ұстаз туралы айтқан жұмыстасы,замандасының естелігі. Бейнеролик көрсетіледі.4.«Ұстаз бейне...
Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы : «Ұстаз ұлағаты»

Мақсаты:
Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Жүрісі:

1. «Өмірі ұрпағына өнеге» өмірбаяны таныстырылады. (Слайд)

2.«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» Ұстаздан білім,тәлім тәрбие алып, ел алғысына бөленген шәкіртерін таныстыру.Слайд

3 «Замандас көзімен...» Ұстаз туралы айтқан жұмыстасы,замандасының естелігі. Бейнеролик көрсетіледі.

4.«Ұстаз бейнесі шәкірт жүрегінде» Бейнеролик көрсетіледі.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Етеді мектебімді халық мақтан,

Түлектерін қияда қалықтатқан.

Алтын Орда мекені білім бақтың,

Ұстаз дана талаптыны шарықтатқан.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,- дегендей бүгінгі таңда мектептеріңізде ұстаздардың ұстазы атанған, білікті маманнан бірегей басшылық тұлғаға айналған қандай ұстаздарды білесіздер?

Оқушыларға ой тасталады. Оқушы жауабы тыңдалады.

Олай болса, оқушылар бүгінгі өткізгелі отырған ашық тәрбие сағатымыз бүкіл ғұмырын өскелең жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына арнаған, ұстаздардың ұстазы атанған, білімді маман, білікті басшы Мәткеров Әзен аталарыңа байланысты өткелі отыр.

Ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұстаз ұлағаты»

Интербелсенді тақтаға назар аударайық.

І. Слайдтан ұстаздың өмірбаяны, марапаттары баяндалады.

Оқушылар, сонымен бүгінгі ел ағасы,ұлағатты ұстаз атанған аталарың кім болды, қандай мағлұмат алдыңдар?

Оқушы ойы тыңдалады.

ІІ. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»

Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Ұстаздан білім,тәлім тәрбие алып, ел алғысына бөленген бір топ шәкірттерімен таныстыру.Слайд көрсетіледі.

«Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Адай жылқысы» ғылыми танымдық фильмінің авторы, Қазақстан Республикасы АШМ нің «Қазақстанның аграрлық элитасы» кітабына енуші Ерғалиев Күзембай, филология ғылымдарының кандидаты, 1986-1995жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Отарова Ақмарал Нұрғожақызы, техника ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры Түркпенбаева Бибігүл Жапарқызы, айтыскер ақын Бозатов Жолболды, Республикалық «Үкілі домбыра» сайысының Гран при иегері, сәулетші Әлиев Ермұханбет Амандықұлы,Республикалық байқаулардың лауреаты,Президент сыйлығының иегері, әнші Тамара Асар Қалниязқызы.

Оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу. «Шәкірт шашуы»

Оқушы ойы қорытындыланады.

Мұғалім:

«Жылқыда да жылқы бар

Қазанаты бір бөлек

Жігітте де жігіт бар

Азаматы бір бөлек» дегендей 1970 жылдан бері Мәткеров Әзенмен жұмыстас, бірге жолдас болған замандасы Бекбосинов Нұрғожаның естелігіне назар аударайық. Видео көрсетіледі.

Міне,осы бейнероликтен не түйдіңдер? Ұстазды қай қырынан таныдыңдар?

Мұғалім: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деген теңеу Әзен ағайымызға арналғандай. Талапшыл басшылық қабілетімен, зейінді білімділігімен жан жағына шуағын шашқан ұстазы туралы ой толғамайтын шәкірт болмас.

Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек те бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын дегендей, ұстаз алдынан білім мен тәрбиені қатар алып, білім бәйтерегінде ұстаздық жолды таңдаған , бүгінде Түпқараған ауданына танымал, аудандық мәслихат хатшысы Досанова Айкүмістің, Форт Шевченко қаласындағы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Шабикова Гүлсім ұстаздары туралы сыр шерткен бейнероликке назар аударайық.

Мұғалім: Оқушылар Мәткеров Әзен тек қана пән мұғалімі, білікті басшы ғана емес,ұрпақ өсіріп, немере сүйген ардақты әке, сүйікті ата.

Отбасы туралы слайд.

Оқушылармен жұмыс. «Бес жол» өлең.

Зат есім--------------------------------

Сын есім--------------------------------

Етістік-----------------------------------

Сөз тіркесі-----------------------------

Синоним---------------------------------

Қорытындылау.

Мұғалім:

Етеді бұл орданы халық мақтан,

Түлектерін қияда қалықтатқан.

Алтын Орда- мекені білім бақтың,

Ұстаз -дана талаптыны шарықтатқан.

Бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарған,

Сан дүбірлі додада бақ сыналған.

Ұстаз,шәкірт шыңдалып алға басар,

Әзендейін талапшыл ұстаз барда.

«Ұстазым,менің ұстазым» әні





© 2010-2022