Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны»

«Сүйінбай мен Қатаған» айтысынан үзінді жаттау. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында  тест беріледі. «Ел бірлігін жырлаған, Сүйінбай пірің мен болам» киносынан үзінді көру.Қабиболла Сыдиықовтың «Қашаған сыншыл, тура, өткір, сықақ мәнді шығармалармен танылған айтулы бұқара жаршысы»,- деген сөзімен бастайын. Қ. Күржіманұлының өмір жолын түсіндіремін, слайд көрсетемін. Қашаған ақынның Есқали сұпыға айтқаны (домбыраны қорғағаны) туралы видеоролик көрсетіледі, терме орындалады.Қашаған ақынның «Есқали сұп...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Қысқа мерзімді жоспар

Күні:

Қазанның он бесінші жұлдызы, 2014 жыл

Пән мұғалімі.

Икенова Тилектес Дуйсенбековна

Тақырып

Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны»

Сілтеме

10-сынып. Қазақ әдебиеті. Жаратылыстану- математика бағыты. Алматы «Мектеп» 2014

Жалпы мақсаты

Қашаған Күржіманұлының шығармалары мен өмірі туралы түсінік беру, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу, оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Оқу нәтижесі

Топтық жұмыс кезінде оқушылар өзара сұрақ қою арқылы, постер қорғау арқылы, оқу барысында диаологты қолдану арқылы, мәнерлеп оқу арқылы сөйлеу мәнері жетіледі, бірін-бірі тыңдап, ой бөлісе алады.

Көрнекілігі

АКТ, тест парақшалары, А3, домбыра, тапсырмалар

Түрі, әдіс-тәсілдері

СТО, мәнерлеп оқыту, ой дамыту, ой қорыту, ой қозғау.

Сабақтың барысы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Амандасады, кезекші сыныпта жоқ оқушыларды айтады

Үй тапсырмасы

«Сүйінбай мен Қатаған» айтысынан үзінді жаттау. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында тест беріледі. «Ел бірлігін жырлаған, Сүйінбай пірің мен болам» киносынан үзінді көру.

Әр топтан бір-екі оқушы жаттаған үзіндісін айтады.

Әр топ бір-бірінің тестін тексеріп, «ия, жоқ» деп жауап береді, бірін-бірі бағалайды.

Оқушыларды топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру

19 домбыраның астына цифр салынған, соған қарай төрт топқа бөлемін.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді

Жаңа тақырып

Қабиболла Сыдиықовтың «Қашаған сыншыл, тура, өткір, сықақ мәнді шығармалармен танылған айтулы бұқара жаршысы»,- деген сөзімен бастайын. Қ. Күржіманұлының өмір жолын түсіндіремін, слайд көрсетемін. Қашаған ақынның Есқали сұпыға айтқаны (домбыраны қорғағаны) туралы видеоролик көрсетіледі, терме орындалады.

Оқушылар өмір жолымен танысады, терме тыңдайды, ой қорытады.

Қашаған ақынның «Есқали сұпыға айтқаны» өлең-толғауларын мінерлеп оқытамын.

Әр топтағы оқушылар өлең-толғауларын мінерлеп оқиды.

Сөздікпен жұмыс

Сұпы - дін жолын ұстанған, молда

Шарғы-шариғат, дін жолы

Барсиса-сұпы бола жүріп, шайтанға ылығып, азғындық жолға түсіп, құдайдың қарғысына ұшыраған адам.

Сөздікпен жұмыс жасай отырып, мағынасын түсінеді, дәптерлеріне жазады.

Қорытындылау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жаңа сабақтан түйгенін айтады.

Оқушылар ағашқа жапырақ, гул, көбелек тәрізді стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып іледі.

Үй тапсырмаларын түсіндіру

Қашаған ақынның термелерін оқып, тәрбиелік мәнін түсіну.

Қашаған ақынның термелерін оқып, мазмұнын, тәрбиелік мәнін түсінеді.

Бағалау

Тест, тапсырма жауаптары ескеріледі.

Бірін-бірі бағалайды.



© 2010-2022