«Ұстаздық – киелі де мәртебелі мамандық»

«Ұстаздық – киелі де мәртебелі мамандық»  Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім.  Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға  беру үшін алты алаштың баласы бас қосса,  қадірлі орын - мұғалімдердікі.  Мағжан Жұмабаев                  Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы, бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.  Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі.Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.  Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.  Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.  Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.  Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.  Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді.Себебі, м... «нәзік психолог»,  ізденімпаз – жаңашыл, жасампаз – еңбеккер қасиеттері бойына дарыған ең басты асыл тұлға.  Мұғалімдік – ұстазға берілген жалпылама ұғым, биік тұғырлы мамандық.         Мұғалімдік мамандық адам жан дүниесінің ең нәзік, ең күрделі қыр сырына қызмет ететін адамтану.  Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізден...                   Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Қорытындылай  келе,  Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды са...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұстаздық - киелі де мәртебелі мамандық»


Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы - мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға
беру үшін алты алаштың баласы бас қосса,
қадірлі орын - мұғалімдердікі.
Мағжан Жұмабаев

Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы, бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан - тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.

Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі.Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
Төртінші қыры - байқағыштық сезімі - көрегендігі.
Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры - жан - жақты дарындылығы.
Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп - этикасы деуге болар еді.Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті,үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.Ұстаз бүгінге емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмас үшін, өзін- өзі жан- жақты дамыту
үшін саяси- идеялылық дәрежесін, ғылыми теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе- күн жетілдіріп отыруға талаптануы қажет. Мұғалім өзінің білімімен, ақыл- парасатымен, яғни бүкіл болмысы мен қоғамның болашақ азаматын дайындауы қажет.
Бүгінгі таңда мұғалім жұмыс жүйесінің негізін айқындау және жұмыс принциптерінің үйлесімділігін қоғам және нарық заманына бейімдеу үшін ең алдымен мұғалім тұлғасы, оның мамандық қызметінің сан қырлылығы, ұстаздық бедел, мәртебесі жайлы айта кетейік.
Мұғалім - қастерлі, ұлы ұғым. Болашақ ұрпақтың тәрбиесін сеніп тапсырған қоғамның ең сенімді өкілі.
Мұғалім - жасөспірімдерді іскерлікпен ұйымдастырып, «басқарушы», мамандығын жетік меңгерген білімпаз «шебер оқытушы», жүрек жан жылуымен оқушы жан дүниесін нұрландырып, тәлімдеп үйретуші - «рухани сәулеткер», болашаққа жөн сілтер ең жақын ақылшы - «екінші ата - анасы», көмектесіп жетектеуші, кеңес беріп ескертуші, демеп ынталандырушы, үлгі - өнегесімен тәрбиелеуші -

«нәзік психолог», ізденімпаз - жаңашыл, жасампаз - еңбеккер қасиеттері бойына дарыған ең басты асыл тұлға.
Мұғалімдік - ұстазға берілген жалпылама ұғым, биік тұғырлы мамандық.

Мұғалімдік мамандық адам жан дүниесінің ең нәзік, ең күрделі қыр сырына қызмет ететін адамтану.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Қорытындылай келе, Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты - білім. Ал шынайы білім беру - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында: «балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген.


© 2010-2022