Дархан халықтың-дана Абайы (тәрбие сағаты)

Сабақтың тақырыбы:        Дархан халықтың- дана Абайы                        Сабақтың мақсаты: а) А. Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу; б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту; Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену Сабақтың көрнекіл...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дархан халықтың- дана Абайы

Сабақтың мақсаты:
а) А. Құнанбайұлының шығармашылығынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (топқа бөлу,сабақтың мақсатымен таныстыру)

2. Ақынның өмірі

3. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

4.Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»

5. Абайдың қара сөздері

6. «Құлақтан кіріп бойды алар»

7.Қорытындылау

Ақынның өмірі

Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш "Телғара" деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік

Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.

Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

1. Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

2. Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкiрегінде болсын көз.

3.Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң ,арқалан.

Сен де бір кірпіш,дүниеге

Кетігін тап та,бар қалан!

4.Пайда ойлама,ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

5.Жүрегі жұмсақ білген құл,

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда, мақтан бәрі- тұл,

Доссыз ауыз тұшымас.

6. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі бермек үшін.

7.Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

« Тіршіліктің көзі - табиғаттың өзі»

Табиғат туралы өлеңдерінен үзінді оқу

Абайдың қара сөздері

Абайдың 38-ші қара сөзі

  • Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Сонан қашпақ керек:әуелі-надандық,екіншісі-еріншектік,

үшіншісі-залымдық деп білесің.

  • Надандық-білім-ғылымның жоқтығы,дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

  • Еріншектіккүллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыз-

дық,жігерсіздік,ұятсыздық,кедейлік-бәрі осыдан шығады.

  • Залымдық-адам баласының дұшпаны.Адам баласына дұшпан болса,адамнан бөлінеді,бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады.

«Құлақтан кіріп бойды алар»

Желсіз түнде жарық - ай; Қараңғы түнде тау қалғып; Көзімнің қарасы,

7.Қорытындылау

"Жұлдызды сағат" ойыны

1. Абай қай жылы туды? 1855, 1963, 1845;

2. Қай жерде туды? Семей, Алматы, Торғай

3. Әкесінің аты кім? Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;

4. Абай қай рудан? Жігітек, Бөкенші, Тобықты;

5. Анасының, әжесінің аттары кім? Әйгерім, Зере, Ұлжан;



Дархан халықтың- дана Абайы (тәрбие сағаты)

Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».








© 2010-2022