Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым

Тақырыбы: «Мемлекеттік  рәміздер – ұлттық мақтанышым» Мақсаты: Білімдік мақсаты: Тарихтағы  таңбалар мен рәміз белгілердің пайда болуы және қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің туу тарихына және олардың авторларына тоқталу. Дамытушылық мақсаты: Рәміздерді салыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой – сараптамалық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу Қазақстанның әрбір азаматының борышы екенін ұғындыру. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар. Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка пәндері. Сабақтың барысы: 1. Әнұран орындалады. 2. Мұғалімнің сөзі: (Оқушылармен сәлемдесу. Бүгінгі сабақтың ерекшелігін атап өту.)       Жер бетіндегі мемлекет атаулының барлығында да шет елдерге өзіндік бет – бейнесін танытатын белгілері – ел нышандары (туы, елтаңбасы, әнұраны) болатыны белгілі.       Таңба түрік тайпаларында өте ерте заманнан – ақ қолданылады. Мәселен, қазақ таңбаларының ең көне түрі қола дәуіріндегі Беғазы – Дәндібай қазбаларынан табылған.       1466 жылы күз айында Сарыарқадағы Нұра өзені бойында көп халық жиналып жатты. Бұл сол кездегі қазақ рулары мен тайпалары басшыларының қазақ хандығын құру үшін тұңғыш бас қосуы болатын. Жиналғандар қазақ тайпаларының басын қосатын қазақ хандығы құрылсын деп шешкеннен кейін, келесі мәселеге көшті. Ол рудың өз таңбасын, белгісін анықтау. Мұндай белгі не үшін қажет. Ол кезде жайылым үшін, жер үшін, сауда жолдары үшін рулар арасында дау – жанжал жиі болып тұратын.Осындайда кімнің қандай рудан е...       Таңба белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі – тулар. Туды адамдар ертеден – ақ пайдаланған. Тіпті, ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің сол кезге лайық тулары болған. Бертін келе ту жасау ісі жетіле түсті.       Матадан жасалған тулар мұнан үш мың жыл бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үнділіктерде болған. Сол тұста Қазақстанда да тулар пайда бола бастады. Мұны суреттегі тулар және ондағы таңба белгілер дәлелдейді. (Экраннан ежелгі қазақ мемлекеттерінің тулары және ғұн жауынгерлерінің қытай әскерімен шайқасының суреті көрсетіледі.) Мына суретке мән беріп қарасаңдар, ғұн жауынгерінің қолындағы Бөрілі байрақты көреміз. «Бөрілі байрақ» деп ежелгі ғұндар мен түркілер көтерген байрақты атаған. Бұл байрақ ...       Қазақ жеріндегі кейбір ру – тайпа басшыларының өз тулары болған. Қазақ тарихында белгілі есімдер Жәнібек пен Керейдің, Қасым мен Есімнің, Тәуке мен Абылхайырдың өз тулары болғаны тарихтан белгілі. Мысалы, Абылайдың Ақ туы. Бұл айтылғандардың барлығы сонау ежелгі заманнан-ақ қазақ халқының өзіндік белгісі бар деген сөз.    Ал, балалар енді Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздеріне тоқталайық. Осы рәміздерге көптеген қазақ ақындары өлең – жырларын арнады. Солардың бірі Абзал Бөкеновтың өлең шумақтарынан үзінді тыңдайық.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым»

Мақсаты:

Білімдік мақсаты: Тарихтағы таңбалар мен рәміз белгілердің пайда болуы және қазіргі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің туу тарихына және олардың авторларына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты: Рәміздерді салыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой - сараптамалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу Қазақстанның әрбір азаматының борышы екенін ұғындыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка пәндері.

Сабақтың барысы:

1. Әнұран орындалады.

2. Мұғалімнің сөзі: (Оқушылармен сәлемдесу. Бүгінгі сабақтың ерекшелігін атап өту.)

Жер бетіндегі мемлекет атаулының барлығында да шет елдерге өзіндік бет - бейнесін танытатын белгілері - ел нышандары (туы, елтаңбасы, әнұраны) болатыны белгілі.

Таңба түрік тайпаларында өте ерте заманнан - ақ қолданылады. Мәселен, қазақ таңбаларының ең көне түрі қола дәуіріндегі Беғазы - Дәндібай қазбаларынан табылған.

1466 жылы күз айында Сарыарқадағы Нұра өзені бойында көп халық жиналып жатты. Бұл сол кездегі қазақ рулары мен тайпалары басшыларының қазақ хандығын құру үшін тұңғыш бас қосуы болатын. Жиналғандар қазақ тайпаларының басын қосатын қазақ хандығы құрылсын деп шешкеннен кейін, келесі мәселеге көшті. Ол рудың өз таңбасын, белгісін анықтау. Мұндай белгі не үшін қажет. Ол кезде жайылым үшін, жер үшін, сауда жолдары үшін рулар арасында дау - жанжал жиі болып тұратын.Осындайда кімнің қандай рудан екенін білу үшін әр рудың өз таңбасы болғаны дұрыс еді.Халық жырауы Асан қайғы рудың белгісі деп таңба үлестірді.Қыпшаққа - айбалтаны,үйсінге - жалау,жалайырға - шылбыр,найманға - бақанды,арғынға - көзтаңбаны,адайға - садақ пен жебені т.с.с. Халық бұл жерді сол күннен бастап «Нұраның таңбалығы» деп атап кеткен.

Таңба белгілердің ең ертеден келе жатқандарының бірі - тулар. Туды адамдар ертеден - ақ пайдаланған. Тіпті, ежелгі аңшылар мен жауынгерлердің сол кезге лайық тулары болған. Бертін келе ту жасау ісі жетіле түсті.

Матадан жасалған тулар мұнан үш мың жыл бұрын алғаш рет қытайлықтар мен үнділіктерде болған. Сол тұста Қазақстанда да тулар пайда бола бастады. Мұны суреттегі тулар және ондағы таңба белгілер дәлелдейді. (Экраннан ежелгі қазақ мемлекеттерінің тулары және ғұн жауынгерлерінің қытай әскерімен шайқасының суреті көрсетіледі.) Мына суретке мән беріп қарасаңдар, ғұн жауынгерінің қолындағы Бөрілі байрақты көреміз. «Бөрілі байрақ» деп ежелгі ғұндар мен түркілер көтерген байрақты атаған. Бұл байрақ үш бөліктен тұрады: ту,найза және оның ұшындағы ту байлар темір. Ту - жылқының қылы болса, найзаның ұшар басында алтыннан немесе жезден тақтайшаға бөрінің бейнесі салынған. Бөрі бейнесінің таңдалуы оның тотемдік қызметіне және оны ержүректілік бейнесі ретінде қабылдауға байланысты. Елбасылар мен қолбасшылар өз төңірегіндегі ең сенімді адамдарды да «Бөрі» деп атаған.

Қазақ жеріндегі кейбір ру - тайпа басшыларының өз тулары болған. Қазақ тарихында белгілі есімдер Жәнібек пен Керейдің, Қасым мен Есімнің, Тәуке мен Абылхайырдың өз тулары болғаны тарихтан белгілі. Мысалы, Абылайдың Ақ туы. Бұл айтылғандардың барлығы сонау ежелгі заманнан-ақ қазақ халқының өзіндік белгісі бар деген сөз.

Ал, балалар енді Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздеріне тоқталайық.

Осы рәміздерге көптеген қазақ ақындары өлең - жырларын арнады. Солардың бірі Абзал Бөкеновтың өлең шумақтарынан үзінді тыңдайық.

1-оқушы: Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, ту болмады дегенге.

2-оқушы: Бас белгізіп, жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға,

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен - таңба?!

3-оқушы: Батылыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған,

Өзі ақын, өзі аңшы халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

Мұғалім: Жас ақын жырлап өткендей қазақ деген жауынгер халықта неге Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болмасқа?! Енді осы рәміөдерге жеке-жеке тоқталып, талдайық. Тудың түріне қандай сипаттама бересіңдер, нелер бейнеленген және нені білдіреді?

1-оқушының жауабы: Бүкіл дүниеге көк жүзі,аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, жоғарыдағы аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.Әр қазақтың, әр ұлттың жанына жақын айрықша қастерлейтін өз бояуы, өз түсі де болады. Көк түс геральдистердің айтуы бойынша, адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің белгісі. Тарихи наным - сенім тұрғысынан алғанды, көк түс- тәңірлік түс.

Ерте замандарда тотемдік мәні болған. Мысалы, «Көк бөрі» , «Көк жалды арлан қасқыр». Ал күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы күн бейнесі - көшпелілер үшін нағыз өмір символы. Күн мәңгілік тіршілікті бейнелейді. Байлық пен берекенің нышаны.

Қазақтар үшін қанатты қыранның да орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Ол биік армандарға қол созу, ұмтылыс нышаны. Туымыздағы бүркіт тәуелсіздік алған қазақ елінің әлемдік өркениет биігіне талмай ұмтылып, кетуін тілеген игі ниеттен туған.

Туымызды даралап тұрған тағы бір белгі - ұлттық өрнек. Онда «Қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Бұл қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Егер туға тұтас зер салсақ, оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол - көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран-тыныштықтың,баянды өмірдің белгісі. Ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Мұғалім: Енді осы туды өмірге әкелген адам туралы не білеміз?

2-оқушының жауабы: Шәкен Ниязбеков 1938 жылы Жамбыл қаласында туған. Белгілі монументші - суретші. Ленинградтың көркемөнер институтының суретші - конструктор бөлімін бітірген. Суретшілер Одағының мүшесі. 1969 жылдан Алматы қаласының бас суретшісі болды. «Абай» , «Музыка сазы», «Құрманғазы», «Сырым Датов» сияқты алюминийге, мысқа, жезге бедерленген туындылардың авторы .

Мұғалім: Енді елтаңба туралы не айталамыз?

3-оқушы жауабы: Елтаңбада кең - байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт - санасы мен жасампаз рухы толық танылады . Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Отанымызды қорғау үшін шаңырақтың берік болуы ойластырылған. Қазақша «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек-сөз бар. Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Тіпті оның шаруашылықты дамытуда, бостандық жолындағы күресте де маңызы болғаны тарихтан белгілі . Бірақ мал шаруашылығының басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Бұл тұста біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата дәстүрін қастерлеу деген ұғымды білдіреді. Жалпы қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі. Ел жұлдызды қастерлейді.

Мұғалім: Елтаңбаның авторлары туралы кім не айтады?

4- оқушының жауабы: Жандарбек Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Екпінді колхозында туған. 1965 жылы Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Жолдама бойынша сол Республикада қызмет етуге қалдырылған. Өзбекстан Республикасына еңбек сіңірген сәулетші. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасына көп жыл жетекшілік етті. Ферғанада пошта үйін, Әндіжан қаласындағы әуежай ғимаратын, Ташкент қаласындағы қонақ үйді, басқа да белгілі құрылыстарды тұрғызған танымал сәулетші.

Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлихан 1932 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында туған. Сәулетші, жазушы, драматург. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығын лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі. 1956 жылы Мәскеу Архитектуралық институтын бітірген. Осы жылдан бастап сәулет саласындағы мекемелерге басшылық қызмет атқарды. Көптеген монументтер мен ескерткіштердің авторы.

Мұғалім: Мемлекетіміздің келесі белгісі - Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы не білесіңдер?

Жауап: Әнұран шумақтарында ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі, сол ата - бабалардан қалған асыл мұрамыз - жеріміздің кең байтақтығы , еліміз бен жеріміздің біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны және біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілген.

Мұғалім: Әнұранның авторлары кімдер?

Жауап: Әнұран мәтінінің авторлары : Жұмекен Нәжімединов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнұран сазының авторы : Шәмші Қалдаяқов.

Мұғалім: Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бөлімінің 9- бабы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері - Туы , Елтаңбасы, Әнұраны. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленген. 1996 жылы 24 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы»Жарлығының 3-бабы бойынша: Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай - ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Гимнін қастерлеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Гимнін қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Мемлекеттік рәміздердің эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталуда.

Қорытынды:

Мұғалім: Сонымен балалар, Мемлекеттік белгілерді, нышандарды құрмет тұту - әрбір қазақстандық азаматтың міндеті екенін ешқашан ұмытпаған жөн. Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін көп рахмет!

© 2010-2022