Жеңіс күні-ұлы күн

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өскемен қаласы әкімдігінің

«Ахмер орта мектебі» КММ

Шағын орталық



Жеңіс күні-ұлы күн











Тәрбиешілер: Абылкасенова А.У



Өскемен қ,

2015ж

1.Жүргізуші: Абылкасенова А.У

2.Ведущая:Турдыбекова Ж

Әнұран орындалады:

1.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар , қонақтар және бүлдіршіндер! 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Жеңіс күні - ұлы күн» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

2.Ведущая:Здравствуйте уважаемые учителя и гости , дорогие ребята ! Сегодня мы отмечаем замечательный праздник - 7 мая «День защитников отечество» и 9 мая» «День победы». Вот и мы с вами собрались, чтобы поздравить всех с этим замечательным праздником!

1.Жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

День Победы отмечается как большой всенародный праздник, он принес нашему народу мир, а детям-спокойное детство.В этот день память погибших чтят минутой молчания. Давайте и мы стоя, склонив голову, молча почтим память тех, кто отдал свою жизнь за нас, за мир на земле.

.(Бір минут үнсіздік)

1.Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Қатысатындар: әжесі, қазақ қызы-немересі, солдат қыздың әкесі, келін-қыздың шешесі.

1.Жүргізуші: Жаздың жайма - шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі әжетайлап мектеп бітіргеніне өте қуанышты болып жүгіреді.

Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ.Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер болып бастағым келеді. Әжесін құшақтап еркелей күледі.

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! Маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады.

Әкесі жымиып , салмақты кейіппен отыра береді. Келіні ыдыс алып келе жатып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан-байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді.

Ән «Свещенная война» орындалады

Қолындағы ыдысы жерге түсіп кеткен келіні жылап бетін жабады.

Немересі: Әже, соғыс, соғыс басталды!

Әжесін құшақтап жылайды.Әскери музыка ойнап тұрады.

1.Жүргізуші: Қырқыншы жылдардағы қазақ ауылы. Ер-азаматтарды соғысқа аттандырып тұрған, ауыл адамдарының жанарында қайғы мұң.

Радио: Тындаңыздар, тындаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар. Отан қорғауға аттаныңыздар!

Немересі: Аттан!-деді,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің рөлін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесің.

Кеудесінде жанары бар пақырларың

Тауып жейді сенсіз де несібесін.

Әкесін келіп құшақтайды.

Әкесі: (Әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)

Тыңда балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анам, сәби інің,

Барлығы саған аманат.

Әжесі: (Әжесі баласын сүйіп келініне қарап)

Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған елімен.

Келін-ау көздей қалтаға,

Топырақ салып беріп жібер,

Келін: (қалтаға топырақты салып берген келін)

Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді.

Жарының соңынан жылап қалады.

Гр «Колокольчик» песня «Катюша»

Бесік тербеткен келін, бір шетінде енесі отыр.

Келін:( Келін қырықыншы жылдардың бесік жырын ыңылдап )

Әй-әй бөпем, әй бөпем,

«Оралсын аман жеріне,

Топырақ сап бер» деді де,

Дұғасын оқып күбірлеп,

Әжең де қалды жөніне.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Біздің халхымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды.Бұл жеңіс 20миллион жерлестеріміздің қанымен, терілердің табан ет, маңдай терімен келді.Соғыста ерлікпен қаза тапқпн қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өнеге!

Әкесі: Аман-есен оралады, Біз жеңдік, апа! Жеңіс келді!Жеңіс!Апасын құшақтап қуанады .

Бала: Апа, соғыс бітті. Біз жеңдік, апа! Жеңіс келді!Жеңіс!Апасын құшақтап қуанып тұрып, .

Барлығы шығып кетеді.

Ән: «День Победы» орындалады

1.Жүргізуші:Толқындары тулаған

Шағаласы шулаған

Өр теңіздің қожасы

Ер теңізші мен болам !-дей келе

Ертөстік тобының «Теңізшілер биін қарсыалыңыздар!»

Жүргізуші: Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып елімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні?

Бәрі: Тоғызыншы мамыр күні

2.Ведущая: Все наши дедушки и папы,

Когда-то в армий служили

Учились защищать державу,

Всегда подтянутыми были.

А наши детки ,все умеют

Танцевать и песню петь,

И стихи нам рассказать

А теперь послушайте стихи гр «Ертөстік»

1.Ақерке

Жеңіс күні ұлы той көктемдегі,

Текке кетпей төккен қан, төккен тері.

Қауқылдасып жататын қариялар,

Естеріне алып басынан өткендерін.

2.Ернұр

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім - менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам

3.Рамина

Әлем бізді ұққан күн

Жауды ініне тыққан күн

Батыр атам алдынан

Әжем күліп шыққан күн.

5.М.Нурали

Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

6.Алуа

Отанды,

Жас, кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып өмір сүреміз.

7.Айназ

Сағындырып жеткен күн

Қадірі әбден өткен күн

Тұңғыш реет туған жер

Тәтті ұйқыға кеткен күн

8.Айғаным

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

9.Ерасыл

Ұлы күшке сенген күн,

Фашистерді жеңген күн

Қырмызы гүл, қызыл гүл

Құшақтарға енген күн.

10.Ерке

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді.

Алақай,

Тоя жейтін нан болып.

1.Жүргізуші: Жауды жеңді аталар ерлік етіп,

Жеңіс туын көтеріп желбіретіп.

Жеңіс тойын тойлайды балаларда

Аталардың ерлігін мақтан етіп.

«Балбөбек» тобының орындауында ән «Жас ұлан» Мөлдір тақпақ айтады

2.Ведущая:

Все солдаты успевают:

И служить и воевать.

Эй, солдаты!

Эй, ребята!

Выходите танцевать.

Атеперь встречайте гр «Колокольчик» танец «Смуглянка»

1.Жүргізуші:

Асқақтаған ән дайын,

Ал, қанеки қырандар

Ал, қанеки ұландар,

Шырқатайық әнді біз-деп

«Ертөстік» тобының кішкентай бүлдіршіндерін «Жас ұландар»әнімен қарсалыңыздар

2.Ведущая:

Ах, белая футболка!

Позавидует любой.

Сбоку нож десантный

Парень импозантный!

Только тот, в ком страха нет,

Одевает белую футболку.

Прыгнет с порошютом

Тут уж не до шуток.

За спиною -небо

Под ногами-недро

На курке лежит рука,

Плохо дело у врага!

Встречайте, гр«Балбөбек» танец «Десант»

1.Жүргізуші:

Еліміздің ертеңі, болашақ ұрпағы, ұлдарымызды «Отан қорғаушылар» күні және «Жеңіс» күні мерекесімен құттықтап, Ән «Достық әнін» шырқаймыз, қабыл алыңыздар!

Құрметті қонақтар және бүлдіршіндер! Сіздерді «Отан қорғаушылар» күні, «Жеңіс» күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңіздер.Тәуелсіз қазақстанның аспаны ашық, рухы биік болсын, береке-бірлік нығая түссін! «Жеңіс күні - ұлы күн» атты мерекелік кешіміз аяқталды, қош сау болыңыздар!

2.Ведущая:

Сияет солнце в День Победы

И будет нам всегда светить

В боях жестоких наши деды

Врага сумели победить

С этими словами мы заканчиваем наш небольшой концерт посвященный к дню победы.Пожелаем друг другу мира и согласия.









© 2010-2022