Мен және менің құқығым (тәрбиелік шара)

Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.            Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерд...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орал ақпараттық технологиялар колледжі


Бекітемін:

Директордың тәрбие-ісі

жөніндегі орынбасары:

________ Голенок С.Е.


Мен және менің құқығым (тәрбиелік шара)

Тақырыбы:

Мен және менің құқығым (тәрбиелік шара)


Орындаған: №10к топ жетекшісі Бексариев Н.С.



Орал - 2015 жыл

Мақсаты: білімділік - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, адам құқығы туралы Декларация шарттарын меңгеру;

дамытушылық - оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі, бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрту, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;

тәрбиелік - Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке , елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру

Кіріспе:

Қазіргі уақытта оқушыларға құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі керек. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Барлық жерде белгіленген тәртіп бар, соны сақтау керек: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу т.б.

«Біз неге құқылымыз?» ойыны

  1. Құқық дегеніміз не? (мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)

  2. Құқық немен қорғалады? (Заңмен қорғалады)

  3. Адам құқығының қорғалуы қай жерде бастау алды? қай жылы? (1789 ж. Франция елінде)

  4. Жер бетіндегі әрбір адам қандай құқықтар мен бостандықтарға ие болатынын біз қандай құжаттардан көре аламыз? (Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпыға бірдей Декларациядан көре аламыз. Ол 1948 ж. 10-желтоқсанда қабылданды)

  5. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ)

  6. БҰҰ-ның мақсаты не? (БҰҰ-ның мақсаты: әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау)

  7. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болып кірді? (1992 ж. 2.03)

  8. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады? (Бала құқығы туралы Конвенция)

  9. Бала болып кімдер саналады? (18 жасқа толмағандар бала болып саналады)

  10. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды? (1995 ж. Нью-Иорк қаласында 156-мемлекет болып қол қойды)

  11. Қазақстанда жетім және мүгедек балалардың құқығы қалай қорғалды? (жетім және мүгедек балалардың құқығын қорғауды мемлекет өз қарауына алды және ол үшін 1992 ж. «Бөбек» қорын құрған)

  12. Декларация дегенді қалай түсінесіңдер? (Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі)

  13. Декларацияда адам құқығы туралы не айтылған? («Барлық адам құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл-ой берілген, сондықтан бір-бірімен бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс» деп 1-бапта айтылған)

  14. Адам құқығы жат елде жүрсе қалай қорғалады? («Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады» деп Декларацияның 6-бабында айтылған)

  15. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады? (Соғысып жатқан елдерде адам құқығы бұзылады)

  16. Біздің елімізде адам құқығы бұзылған қандай кезеңдерді білесіңдер? (1930-33 ж. Ашаршылық, 1937-38 ж. Қуғын-сүргін, 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы)

  17. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады? (Парламент шығарады)

  18. Декларацияда жарияланған біздің құқықтар мен бостандықтарды кімдер пайдалана алады? (Декларацияның 2-бабында «Әрбір адам пайдалана алады» делінген)

№1. Глоссарий «Тәртіп орнат»

  1. Құқық А-Еліміздің негізгі заңы

  2. Конституция Б-Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет В-Негізгі саяси қоғамдық ұйым

  4. Азамат Г-Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық Д-Заңдар жүйесі

  6. Президент Е-Заң шығарушы орган

  7. Парламент Ж-Заң жүйесін бұзу

  8. Егемендік З-Құқығы бар ел тұрғыны

1-д, 2-а, 3-в, 4-з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г.

№2. Байқау «Құқық дегеніміз не?»

Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.

Сұрақ-жауап

  1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? (Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)

  2. Құқықтың қандай түрлері бар? (Жеке (азматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т.б.)

  3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? (Туылғаннан беріледі)

  4. Оларды орындау үшін не қажет? (Міндеттерін орындау)

  5. Адамның негізгі құқығы не? (Өз құқықтарын пайдалану құқығы)

  6. Құқық қашан және қайда пайда болады? (Азаматтарға құқық керек кезде ол пайда болады)

  7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық дегеніміз не? (Бостандық-ол таңдау)

  8. Бостандықты не шектейді? (Бостандықты шектеу әр адамның санасына байланысты)

№3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарын пайдаланып қана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.

Байқау ережелері: тақтаға әр командадан бір-бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма-кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап жазған топ жеңеді.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

  1. Заңдаға бағыну

  2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу

  3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу

  4. Қаржы, салықты төлеу

  5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау

  6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау

  7. Ата-аналардың балаларына қамқорлық ету міндеттерін орындауы

  8. Орта мектеп білімін алу

  9. Қазақстан Республикасын қорғау

№4. Талқылау «Қылмыс пен жаза»

  1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?

  2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? (құқық туралы білім не өз санасы)

  3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?

  4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасыңыз қандай?

  5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?

  6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

№ 5. Конституцияны білесіз бе?

  1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? (Халық (3-бап))

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? ( 1992 жылы)

  3. Қазақстан азаматы екінші бір басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? (жоқ (6-бап))

  4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым бар ма? (ия (19-бап))

  5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы бар ма? (ия (23-бап))

  6. Қазақстан Президенті сайлау қашан өтті? (желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44-бап))

  7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма? (жоқ (43-бап))

  8. Қазақстанның жоғары өкілетті органы. (Парламент (49-бап))

  9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? (Премьер-министр (67-бап))

  10. Елдің атқарушы билігі билігін жүзеге асырушы. (Үкімет (64-бап))

  11. Премьер -министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. (Үкіметтің (70-бап))

  12. Қазақстанда нешінші Конституция пайдаланылуда? (Екінші)

  13. Заң құдайы. (Фемида)

  14. Қазақстан азаматы болуға қашан құқығы әлі жоқ? (Дүниеге келген кезде (12-бап))

  15. Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз. (Конституция күні, Тәуелсіздік күні)

Бала Құқықтары туралы Конвенциядан қорытынды:

 Мемлекет әрбір баланың аман - сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді;
 Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
 Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
 Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата - анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
 Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
 Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
 Әрбір баланың ой - пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
 Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
 Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
 Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

«Біліп жүрейік»

1-маусым - халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша - дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан - адам құқығы күні.
10.12.1948ж - адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж - әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж - халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж - Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.

Мен міндеттімін:
- білім алуға
- тәртіп сақтауға
- үй, оқу және демалу орындардың мүлкін сақтауға;
- үлкендерді сыйлауға;
- ана тілдің тазалығын сақтауға;
- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
- темекі шекпеуге, нашақорлыққа жақындамауға, спирттік ішімдіктер ішпеуге.

Қорытынды.

Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс. Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.


© 2010-2022