Сабақ тақырыбы: Әрбір адамның өзінің атына құқығы бар

Сабақтың мақсаты: Бала құқығы туралы Конвенцияның талаптарына сай әрбір баланың жеке өмірі туылған күнінен бастап мемлекеттіңқорғауында және қамқорлығында болады. Бала дүниеге келгеңде оған ең біріншіқұжаты «Туу туралы куәлік» беріледі. Бала жеке өмірге, білім алуға, денсаулығы болуға, өзінің атына құқылы және осы құқықтарын толық пайдалануға хақы бар. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, ой-өрісін кенейту, сөздік қорын молайту, тілін дамыту. Көрнекіліктер: жұлдызшалар, жүрекшелер, суреттер, ойын...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Әрбір адамның өзінің атына құқығы бар

Сабақтың мақсаты: Бала құқығы туралы Конвенцияның талаптарына сай әрбір баланың жеке өмірі туылған күнінен бастап мемлекеттің қорғауында және қамқорлығында болады. Бала дүниеге келгеңде оған ең бірінші құжаты «Туу туралы куәлік» беріледі. Бала жеке өмірге, білім алуға, денсаулығы болуға, өзінің атына құқылы және осы құқықтарын толық пайдалануға хақы бар. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, ой-өрісін кенейту, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Көрнекіліктер: жұлдызшалар, жүрекшелер, суреттер, ойыншық жүрекше, отбасы мүшелерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

Шатық шеңбері:

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек?

Көнілді боп жүрейік

- Балалар қандай ғажап өлең орындадық. Енді ыңғайланып отырыңдар. Әңгімелесу.

- Балалар менің қолымда сиқырлы қорапша бар және оның ішінде бір зат бар. Қалай ойлайсыңдар қорапшада не бар?

Балалардың жауаптары:

- Менің ойымша сырға бар.

- Ол қорапта сақина бар деп ойлаймын.

- Ал мен ойыншық бар деп ойлаймын.

- Ал ендеше мен қазір тексеріп көрейін.(құжатты көрсету) Балалар бұл не? Бұл не қылған құжат?

Балалардың жауаптары:

- Бұл туу туралы құжат.

- Бала дүниеге келген соң осы құжатты береді.

- Дұрыс айтасыңдар! Ал бұл құжат баланың қаңдай құқығын білдіреді?

Балалардың жауаптары:

- Бала дүниеге келгең соң өзіне есім алуға құқылы туралы құжат.

- Жарайсың, дұрыс айтасың. Бұндай туу туралы құжат бәріңде де бар. Тағы қаңдай балардың құқықтары жайлы білесіңдер? Мына суреттерге қарап айтыңдаршы. (суреттер көрсету)

Балалардың жауаптары:

- Бала медициналық көмек алуға құқұлы.

- Бала тегін білім алуға құқұлы

- Бала демалуға құқұлы.

- Жеткілікті тамақтануға құқылы.

- Дұрыс, бала құқықтары жайлы жақсы айтып бердіңдер.

- Балалар қараңдаршы қаңдай әдемі жұлдызшалар ілініп тұр. Жұлдызшалар неге сонша көп?

Балалардың жауаптары:

- Өйткені барлық балалардың есімдері бар.

- Ал сендер өздерің бір - бірлеріңді қалай атап айтасыңдар?

Балалардың жауаптары:

- Біз бір - біріміздің есімдерімізді айтамыз.

- Мен білемін, сендер өздерінің есімдерің туралы тақпақ білесіндер, қане айтып беріндерші.

Балалардың жауаптары:Әлиямын жайнаймын,

Тоты құстай сайраймын.

Ән де айта аламын,

Би де билей аламын. Еркелеткен анам

Салтанат мен болам.

Жанымнан да қымбат

Ана тілі маған.

Данамын мен анаға,

Данамын мен әкеге

Жақын болғым келеді

Ақниетті адамға. Тамерлан деген ұланмын.

Тәуелсіз елде тұрамын

Жас ұрпағы бүгінгі

Мен ертеңгі қыранмын.

- Қалай тамаша айттыңдар! Ал үлкен адамдарды қалай атап айтасыңдар?

Балалардың жауаптары:

- Үлкен адамдарға Сіз деп айтамыз.

- Тәрбиешілердің аты - жөнін айтамыз.

- Жақсы, Нұрмухаммед бізге өз отбасың туралы тақпақ айтып берші.

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар;

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар…

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін!

- Жарайсың, ал қазір мен сендерге осы әдемі жұлдызшаларға дайындап қойған өз суреттеріңді жапсыруларыңды ұсынамын. (балалар жұлдызшаларға өз суреттерін жапсырады)

- Қараңдаршы балалар, жұлдызшаларға суреттеріңді жапсырғанан кейін одан сайын әдемленіп, жарқырап кетті. (Жүрек соғысының музыкасы ойнайды, ойыншық жүрек көрсету)

- Балалар, тыңдаңдаршы мына жүрек қалай соғады. Енді өздеріңнің жүректеріңді тыңдап көріңдер. (балалар өз жүрек соғысын тыңдайды)

- Қалай ойлайсыңдар, жүрек қандай сезімді білдіреді?

Балалардың жауаптары:

Жақсы көру сезімін.

Махаббат сезімін.

Түсінік сезімін.

Біреуге қамқор болу сезімін білдіреді.

- Ал, сендерге кім қамқорлық көрсетеді?

Балалардың жауаптары:

- Әке - шешеміз, өйткені олар бізді жақсы көреді.

- Аспазшылар, өйткені олар бізге тамақ пісіреді.

- Дәрігелер, өйткені олар бізді емдейді.

- Біз сендермен өткен сабақта жүрекшелер даындап қойғанбыз, енді сол жүрекшелерді мына біздің әдемі жұлдызшаларымызға қосып қояйықшы. (балалар жүрешелерді жапсырады)

Әңгімелеу:

- Мен сендерге Ә. Дүйсенбиевтің «Мен - осындай адаммын!» атты шығармасын оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.

Мен - осындай адаммын!

Мені ешкім жалқау демейді,

Жұмысым бүгін көбейді.

Папам мен мамам жұмыста

Әжем де кеткен туысқа.

Жалғыс қалдым үйде мен,

Қорықпаймын бірақ мүлде мен.

Болдым да жинап төсекті,

Еңбекке бердім кезекті,

Тетігін ашып сулардың,

Гүлдерді жайлап суардым.

Келтіріп үйдің сәнін де,

Ыдыстың жудым бәрін де.

Тамақ та түсте пісіп те,

Тойдырды қарнын күшік те.

Кінә тағады маған кім?

Мен - осындай адаммын!

- Шығармадағы баланы қандай бала деп айтуға болады?

Балалардың жауаптары:

- Шығармадағы бала еңбекқор бала.

- Ешкімнен қорықпайтын батыл бала.

- Анасына көмекші бала.

- Ұқыпты бала

- Мейірімді бала.

- Шығармадағы баланы өте жақсы айтып бердіңдер. Ал сендер, өздерің кандайсыңдар, құрбы - достарың ше? Бәріміз отырып ойланып көрейік. (музыка ойнайды)

- Балалар ыңғайлып, жақсылап отырамыз. Көздеріңді жайлап жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза да шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсандар да болады.

- Қане енді айтыңдаршы сендер қандайсындар, достарың, құрбыларың қандай?

Балалардың жауаптары:

- Менің құрбым әдемі, мейрімді.

- Менің құрбым ұқыпты.

- Менің досым батыл, еңбекқор, шыншыл, қамқор.

- Ал енді балалар орнымыздан тұрып, тынығып алайық.

Сергіту сәті:

Қимыл - қозғалыспен көрсету

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым

Мынау - менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

- Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Д/О «Санға байланысты отбасы мүшелерін құрастыру»

Қорытындылау:

- Бүгін сендердін жүлдыздарың жарқырап жанды, көңіл-күйлерің тамаша, көтеріңкі,ал енді осы көңіл-күйлерінді жұлдызшаларда көрсетіп, қонақтарымызға тілектеріңді білдіріп тарту етейік. (балалар сыйлықтарын сыйлайды)

Жүректен-жүрекке:

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, өлең жолдарын орындайды:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Қонақтармен қоштасу.

© 2010-2022