Арманы үндес еді Ақ Жайықпен (Хамза Есенжановтың 105жылдығына орай)

Білімділік мақсаты:  -         Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін кеңейту -         Оның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында алатын орнын, маңызын таныту -         «Ақ Жайық» романында кездесетін әдеби кейіпкерлердің образын ашу Дамытушылық мақсаты: -         Оқушыларды шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру -         Өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру Тәрбиелік мақсаты: -         Оқушыларды жазушы еңбектеріне құрметпен қарауға, көркем әдебиетті сүюге үйрету -         Ұлтжандылыққа, патриотизмге баулу Сабақтың түрі:   дәстүрлі емес Тегі:  семинар сабақ Әдісі:  сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікіралмасу, толғаныс Пәнаралық байланыс:  тарих, география Сабақ жабдығы:  хронологиялық слайдтар, кейіпкер фотолары Сабақтың  барысы: І  Кіріспе ІІ  Негізгі бөлім ІІІ Қорытынды                                             Бүгінгі сабағымызда   Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп ұлы Абайша айтсақ, артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер, бір-бірімен туындай тұтасқан 6 томдық тарихи-революциялық романдар циклін жазып қалдырған тамаша сөз зергері  жерлес жазушымыз Хамза Есенжановтың өнегелі ғұмыры туралы және шығармалары туралы сыр шертеміз. Бұл суреткердің екі тағдыры бар. Біріншісі – қарапайым адами болса, екіншісі – жазушылық бұралаң жолы.    Ендеше, сабағымыздың эпиграфы Жұмабай қажының немересі Бекеннің ұлы дана Абайдан кейінгі ұлы ақынымыз Мағжанның сөзімен өрнектеледі.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Арманы үндес еді Ақ Жайықпен

Білімділік мақсаты:

  • Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін кеңейту

  • Оның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында алатын орнын, маңызын таныту

  • «Ақ Жайық» романында кездесетін әдеби кейіпкерлердің образын ашу

Дамытушылық мақсаты:

  • Оқушыларды шығарманың эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру

  • Өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру

Тәрбиелік мақсаты:

  • Оқушыларды жазушы еңбектеріне құрметпен қарауға, көркем әдебиетті сүюге үйрету

  • Ұлтжандылыққа, патриотизмге баулу

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Тегі: семинар сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікіралмасу, толғаныс

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақ жабдығы: хронологиялық слайдтар, кейіпкер фотолары

Сабақтың барысы:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

ІІІ Қорытынды

Бүгінгі сабағымызда

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп ұлы Абайша айтсақ, артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер, бір-бірімен туындай тұтасқан 6 томдық тарихи-революциялық романдар циклін жазып қалдырған тамаша сөз зергері жерлес жазушымыз Хамза Есенжановтың өнегелі ғұмыры туралы және шығармалары туралы сыр шертеміз. Бұл суреткердің екі тағдыры бар. Біріншісі - қарапайым адами болса, екіншісі - жазушылық бұралаң жолы.

Ендеше, сабағымыздың эпиграфы Жұмабай қажының немересі Бекеннің ұлы дана Абайдан кейінгі ұлы ақынымыз Мағжанның сөзімен өрнектеледі.

Ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор яки кішілігінде емес,

елге деген жүрегінің таза болуында, тілегінің елмен ортақ

болуында, ер өмірінің өрі мен көрі де ел өмірінің өрі мен

көрінің бір болуында. (М.Жұмабаев.)

КІРІСПЕ

Айдынғалиева Мерует: Ғ.Сейтақ. «Сарыөмірде мәңгілік бір ғұмыр бар»

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша

  • Біз білетін Хамза кім?

  • Қандай еңбектері бар? /әңгімелері, романдары, аудармалары, драмалары/

  • Хамза - репрессия құрбаны

  • Оқулық авторы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Шежіре - бой тұмардай төлқұжат.

Х.Есенжановтың шығу тегі, өмірі туралы - Айгерім Испандиярова.

Еспосинова Жазира

Хасиетова Нұржанат

Оразаева Гүлден

2. 17 жыл түрмеде отырған Хамза атамыздың өз айтқанынан

Сайлауова Ардақ

3. Мөлдір суы құла болып көрмеген асау Жайыққа қазақтың пәктік символы «ақ» деген киелі сөзі қосылған «Ақ Жайық» романына келсек: үш кітаптан тұратынын бәріміз білеміз.

- Төңкеріс үстінде

- Шыңдалу

- Тар кезең

Бұл роман - азамат соғысы жылдарында Батыс Қақастанда болған оқиғаларды баяндайтын күрделі шығарма. «Ақ Жайық» - халықтың тағдыры ойыншыққа айналған асыра сілтеу дәуірінің саяси ахуалын бүркемелемей, қаз-қалпында суреттеген шығарма.

Бар кітабына арқау болған шығарманың бас геройы кім?

Хакім туралы - Айбарша Самиева

4. Әр жазушы әр түрлі. Біреуі геройдың жан-жүйесін тереңірек бойлауға мәлім, ал біреуі - оқиға үстіне оқиға үюді жақсы көреді. Сол сияқты Хакімді терең таныстыру үшін оның бауырлары Әлібек пен Әділбек Жүнісовтер туралы да жазушы көп еңбектенген.

Трилогияның жалғасы ретінде «Жүнісовтер трагедиясы» атты дилогиясын жазды. Бұл романдар арасында 7-8 жылдай уақыт үзіліс бар, сюжет аттамасы бар. Алғашында «Көп жыл өткен соң» деген атпен шыққан бұл роман 14 тараудан тұрады. 200-ден астам адамдардың аты аталып, 100-ге жуық кейіпкерлер оқиға үстінде көрінеді.

Әлібек пен Әділбек туралы - Еркебұлан Елтаев

5. Сондай-ақ негізгі кейіпкерлердің бірі - сол кездегі атақты банды Құныскерей туралы Бахыт Абуханова

6. Шығарманың бас геройын әр уақытта толықтырып отыратын тағы бір жанды, өзекті кейіпкер болады. Алпамыстың Гүлбаршыны, Абайдың Тоғжаны болса, Хакімге жүрек сырын айқындап аша алмаған, арман құшағында кеткен Шолпан туралы - Асхат Үмбетжанов

7. Хамза атамыз Сібірде айдауда жүрген кезінде елінен қол үздірмей тұрған тағы бір себеп болды. Ол - Софья апамыздың хаттары еді. Сол Софья кім еді?

Софья естеліктері айтылады.

Хаттарынан үзінді оқылдаы, көрініс қойылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Көңіл күйі келген шақта» Хамзаның төл өлеңдері оқылады.

БҚО Теректі ауданы

Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тулешова Самал Зинуллиевна



© 2010-2022