1 желтоқсан-Президент күніне арналған іс-шара

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған

«1 желтоқсан- мәңгілік ел болуға бастаған күн» атты кештің өтілу сценарийі

Сабыржан:

Тәуелсіз қазақ елінің тарихы сол елдің екі тізгін, бір шылбырын өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, бұған керісінше Елбасының тағдыры қазақ елінің тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр тұтас бір халықтың тағдыры!

Арман:

Елімнің атын айтсам - Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам - Қазақстан!

Ел тарихы, жер тарихы - өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

Адиль:

Приветствуем тебя, Наш солнечный,

Наш гордый Казахстан!

Наша любовь, Наша Отчизна,

Наш край родной, Наша земля, Наш дом родной!

Наша страна, где солнце всходит,

Где президент с народом за одно,

Где жизнь страны, народа, президента,

Цветет под солнцем золотым!!!

Айдос:

Қазағымның көз жетпес даласы бар,

Даласының тағдырын данасы ұғар.

Бүгінгі биік даңқымызға,

Айтшы кәне, кімдердің таласы бар.

Қиын-қыстау күндерден өттік, міне

Әлем бізді танитын жеттік күнге

Көреген Елбасының арқасында,

Өзгеге көз сүзбейтін жеттік күйге.

Елім барда мен неге жасқанайын

Өсірдік топырақ түгіл тасқа да гүл.

Жас ұрпаққа жасалды зор қамқорлық,

Жетілдік, қанат қағып аспандадық.

Тәуелсіздік татқызды балын тәтті,

Елу елдің қатарын жақындатты.

Елбасының жасаған әр қадамы,

Халықтан қай кезде де қолдау тапты.

Сабыржан:

Елбасының қазақ елі тарихындағы аса маңызды орнын қазір де, болашақта да анықтап тұратын бір күн қазақ тарихында болу керек еді, сол бір күн 1 желтоқсан болып күнтізбелік тарихтың жылдар жылнамасынан орын алды.

Адиль:

1 декабря 1991 года в соответствии с постановлением Верховного Совета Казахской ССР от 16 октября 1991 года состоялись выборы Президента Казахской ССР. В результате выборов за Нурсултана Абишевича Назарбаева проголосовало 8 681 276 избирателей, или 98,78 процента от числа принявших участие в голосовании.

Сабыржан:

Еліміз жаһандық дағдарыстың жаңа толқынын алаңдаушылықпен күтіп отырған кезде тұрақтылық тұғырымен, білекті, бірлікті жаңғырту жобасымен Қазақ ССР-ның 1990 жылғы «Мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру туралы» құжатында және 1991 жылы Қазақ ССТ-нің Конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша мемлекет басшысы президент болып жарияланды.

Адиль:

2012 году по решению парламента Республики Казахстан были внесены дополнения в Закон Республики Казахстан «О праздниках в Республике Казахстан» от 13 декабря 2001 года следующее: статью 3 дополнить девятым абзацем следующего содержания:

«День Первого Президента Республики Казахстан назначить 1 декабря».

Сабыржан:

Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Еліміздің тұңғыш президенті күні құтты болсын!

Адиль: Мы приветствуем Вас на торжественном мероприятии, посвященном к Дню первого президента страны!

Сабыржан:

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне арналған «Нұрлы болашақ жолында» атты салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы енгізілсін!

ӘН Ұран

Әдеби монтаж

1 чтец:

О, народ мой, поведать позволь,

Как из пепла страна возраждалась,

Как, пройдя сквозь потери и боль,

Пусть с трудом, но с колен поднималась!

Как по ней реки крови текли

И как горы от стонов дрожали,

Как казахи за счастье земли,

Не страшась свою жизнь отдавали

Умирали с надеждой в глазах,

Что их дети, а может быть, внуки

Смогут гордо сказать: «я - казах!»

И ласкать будут слух эти звуки.

Ах, как много пришлось испытать,

Но ты гордых колен не сгибала

Я люблю тебя, Родина-Мать,

Что рабою ты все же не стала.

Суждено было сбыться мечтам,

Закалился, окреп дух народный

И из пепла восстал Казахстан

Независимый, гордый, свободный.

2 оқушы:

Неткен дала япырау жатқан мынау далиып,

Бір жағында Көкшетау, бір шетінде Алтай ағиық.

Бір шетінде Қаратау- қарт тарихтың куәсі,

Бір шетінде Алатау- жасыл жаннат жерұйық.

Қарт бабам қанмен суарған бұл даланы

Қасиетін қадірін есейген соң жаңа ұқтық.

Жақсылықтан басқа оның түк келмейді қолынан

Мынау жұмыр жаһанға жалқы біткен жарықтық

Бәлкім, біздің бабалар басын тауға, тасқа ұрып

Дүлей дауыл кетсе кенет асқынып,

Дархан дала дастарханы желмен ұшып кетер деп

Төрт бұрышын төрт таумен қойды ма екен бастырып!?

3 оқушы:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Нұрына шомылдырып алтын күннің,

Республикам ертеңге талпындырдың.

Өзінен шабыт алып ақын қиял,

Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

Алаштың ерлері бар асыл өткен.

Арманым болмас еді-ау туған елім,

Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім?

4 чтец:

О Казахстане

5 оқушы:

Қазақстаным!

Өзіннен алдым

Бұрқанған асау жыр басын

Өзінсің менің,мұңдасым

Досым,

Сырласым!

Керіліп жатқан кермиық далам

Сен барда

Мынау әлемде

Қазақстаным

Қып-қызыл құмда

Жап-жасыл ну да,баршылық

Қиырсыз түзге

Аспанның асты таршылық

Қазақстаным!

Баршасы сенде-

Табиғат білсен бояудың

Кірпігін қақпай қадалар

Саған ояу күн

Құмарғып қойған ежелден

Досты

Қасты-да

Бір өзі Шағын планета-сынды Аяулым

5 оқушы:

Төрелігін Нұрсұлтандай ағамның,

Мықтылары мойындады жаһанның.

Ту қадаған төбем шыңмен таласып,

Бейқұт, бейбіт бақ қонған жұрт атандым.

Жұлдыз біткен жерге түсіп ақшамда,

Елорданың атын жазды аспанға.

Қисайғанды қиуына келтіріп,

Кемеңгерлер ақыл табар сасқанда.

Тәуелсіздік баршамызға жарық күн,

Бауырмалды мінезімді таныттым.

Ұлылығын дәлелдеді Елбасы,

Қазақ деген қаны таза халықтың.

Ғалам заттың қал-құлт етіп шырағы,

Иман қашты қалқандай боп құлағы.

әлем мұқтаж игіліктің жолында,

қайнап жатыр қазақы рух бұлағы.

Бала демес тар өткелде тапса амал,

Қызыл тілмен талқандаған тас қамал.

Қазыбектер қара қылды қақ жарып

Он үшінде-ақ билік айта бастаған.

Біз кешпеген жерде қорлық қалды ма?

Адам болсаң қуан енді, қалғыма!

Келіп жатыр түгел төрт күл дүние

Төле бидің төңкеріліп алдына

Түйе байлап, би байлап бағына

Кірісті ме қонақ күту қамына

Ағалығын ағайына көрсетіп

Даналығын асырады тағы да.

Ән. Атамекен (Сымбат ҚТӘ 31)

1 жүргізуші:

Көптеген мемлекеттер ұзақ жылдарын сарп еткен ұзын-сонар жолды Қазақстан қысқа мерзімде еңсеріп, ХХІ ғасырға экономикасы өркендеген демократияшыл ел болып қадам басты. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұраты еді.

2 жүргізуші:

Президенттің бойынан қажыр-қайрат пен құштарлық сезімі еседі, енді оның жанындағы жандардың - жұмысшы мен шаруаның, солдат пен студенттің, бүлдіршін мен зейнеткердің жүзінде Отанның болашағы үшін өз жауапкершілігін терең сезінген сезім. Нағыз өміршең жандар. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қиындық біткенді еңсеріп, еңсесін бермей, бағытынан танбай ілгері басуына жәрдемдесер күш те осы.

1 жүргізуші:

Қазақстанның кемел болашағын қалыптастыруда қажырлы еңбек етіп, Елбасының ел алдына қойған бағытының ілгері басуына, білім сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда Семей көп салалы колледжі де өз үлесін қосуда.

2 жүргізуші:

Ендеше осы ұжымды басқарып отырған білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, құрметті Әлия Қабылғазықызы Қабылғазинованы бүгінгі Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен колледж ұжымын, жастарды, шақырылған қонақтарды құттықтау үшін ортаға шақырамыз.

Колледж директоры Әлия Қабылғазықызының құттықтау сөзі

Ән: ҚТӘ 31

1 оқушы:

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін мәңгілік ел ету арман- мүддесінің жүзеге асырыла бастаған күні деп те қастерлеуге тиістіміз. Сол мәңгілік ел болудың бір алғы шарты болып саналатын «Қазақстан-2030» стратегиясы Елбасының алысты аңдаған, болашақты болжаған, келешекке көрегенділікпен көз тіккен, бүгінімізге бел шешіп, ертеңімізге еңсемізді тіктеп барар жолымыз еді.Солай болды және солай болып та келе жатыр!

2 оқушы:

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы отар қазақ елін айдай әлемге танытуға ұмтылып, сол жолда ұта да білген және де әлемдік саясатқа олжа салған ұпайлы күні деп те білеміз. Елбасы Астана төрінде Саммит өткізу арқылы қазақ елі сан ғасырлық тарихы бар әлемнің дамыған, өркені өскен өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосып, жарқын жүзбен нық барып тұра алды. Біз сол биікке көтерілген елміз, бізді сол заңғар биікке алып шыққан да Елбасымыз, өзіміздің тұңғыш Президентіміз!

3 оқушы:

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ХХІ ғасырда дүние тіршілігі үшін жаһандық жаңа қатерлер бой көтере бастаған қатерлі тұста түрлі діндердің ғасырлар бойғы ізгі де жасампаздық мол тәжірибесі мен Құдай сөзін Адамзаттың бітімгершілік пен келісімнің пәрменді құралы ретінде пайдалануды терең сезіне отырып, тұңғыш рет Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кездесуін ұйымдастырды. Бұл күн өркениеттің қазақ жеріндегі тоғысуы мен табысуларының бастау алған күні деп те санаймыз.

4 оқушы:

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей атом полигонын өз Жарлығымен жауып, өз қолындағы ядролық қарудан өз еркімен бас тартуын бүгінгі Адамзат пен жалпы өркениетті ядросыз әлем құруға шақырған батыл да ізгі қадамның басталған күн. Біз, қазақстандықтар өз Елбасымызды «ядролық әлем құрудың бас архитекторы» деген пікірімізді нықтай түсеміз.

5 оқушы:

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мәңгілік атап өтер де, бұл күнді ХХІ ғасырдың алып та, көрнекті тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін мәңгілік ел болуға бастаған күні деп те әспеттей беретіндіктеріне де бек сенімдеміз.

Ән. Ізін көрем

1 оқушы

Қазақтың барлық елмен тең болғаны,

Елбасы жер-жаhанды кең шолғаны.

Президенті-қазағымның қолбасшысы,

Президент-ұлт көсемі,ел қорғаны.

Нар тұлға күрделі де,жабайы да,

Ақжарқын әмбеге аян арайы да,

Президент-қазағымның Абылайы,

Туған ел толғандырған Абайы да.

Мың жығылып,мың тұрып көп тосқан күн,

Тар кезеңде ызамен дөп басқан күн,

Еліме Тәуелсіздік жолын ашқан

Президент-жебеушісі желтоқсанның.

Нұрсұлтан бастап шықса көшін алдан,

Туды сәт-ел аңсаған шешілді арман.

Жеткізді егемендік биігіне,

Қолында қайсар Алаш оты жанған.

Тілегі ата-баба шоғырланды,

Шыт жаңа өркениет жолын салды.

Астана-Елбасының тақ-тұғыры,

Арманы Абылайдың орындалды.

Осының келген десең қайдан бәрі,

Бабалар дәстүрінен алған нәрі.

Бірінші Президент таза қазақ,

Басына бақыт құсы байланғаны.

Емес қой қиял-аңыз ғаламаты,

Тарихтың бұл да айқын аманаты:

Елбасы-ең бірінші Президент,

Атанып Ата-қазақ қалады аты.

2 оқушы

Үлгі-өнеге ұлтына ұлағаты,

Бәрі бауыр,

Жоқ жанның сірә, жаты.

Алты құрлық,төрт мұхит ар жағына

Алашымды әйгілеп тұрады аты.

Көзден, тілден сақтай гөр Елбасымды!!!

Самұрықтай бір аттап сан ғасырды,

Астана сап Арқаға,тұңғыш рет

Абылайдың арманын алға асырды.

Туын тікті Азаттық тұңғыш рет,

Кеудесіне ұя сап Күн кішірек.

Симпозиумда. Саммитте салиқалы,

Күллі әлемге ұсынған үлгісі көп.

Асқақтатқан Ақордам көкке айдарын,

Төле бидей төрінде төкті ойларын.

Тұңғыш рет БҰҰ-да желбіретті,

Қазағымның әнекей,көк байрағын!

Жаратылған Тәуелсіз бағына елдің,

Осынау кез шаңқай түс шағы дермін.

Қай құрлыққа ұшса да жүреді ойлап,

Ер Едіге сияқты қамын елдің.

Қызғыш құстай қорыған аспан,жерін,

Қайда барса жанында жас пен кәрім.

Төбесіне көтеріп Көшбасшымды,

Төрткүл әлем түп-түгел тосқан төрін.

Жастайынан ұя сап жанына арман,

Артына ерген қазағы-қалың орман.

Ер Есімнен еншілеп елдік істі,

Әз Тәукеден тайсалмас тәлім алған.

Қайраткерлік қарымы қабыландай,

Сирек туған перзентті Тәңір ондай.

Өркениет көшіне оза шауып

Жалпақ жұртын бастайды жаны қалмай.

Бірлігінен қуат ап бүгінгі елдің,

Тыныштығын ойлайды Жұмыр Жердің. «Қой үстіне бозторғай ұя салған»,

Қолымызға қонып тұр шынында ол күн.

Арманының алысқа көші кеткен,

Мұратына мына елді жеткізеді, Ақ кемедей мұхитты кесіп өткен...

3 оқушы:

Ақ жүзді,ақ маңдайлы,ер тұлғалы,

Сізді көрсем жүрегім бұлқынады.

Бір құдірет,бар Сізде баурап алар,

Елбасы ел иесі,ұлттың бағы.

Ағасыз,жылы жүрек,мейірімі мол,

Жатсынбай бар адамға бересіз қол.

Дағдарыс деп жатқанмен,Сіз ел үшін,

Қиын тұста қиналмай табасыз жол.

Қазағымның маңдайына жаратылған,

Ел үшін ұйқысыз-ақ таң атырған.

Тәуелсіз Отанымның мол бағына,

Тұлғасыз бақ,бақыт боп жаратылған.

Өзіңіздей болса екен жігіттерім,

Мендегі осылайша үміт-керім.

Көш бастаған көреген ретінде,

Ардақтап жатыр Сізді бүкіл елің.

Дін мен тіл қуат берсін бойыңызға,

Тәуелсіздік қашанда ойыңызда.

Нұр аға,қазағымның шамшырағы,

Бір Алла медет берсін жаныңызға.

4 оқушы:

Қазақстаным - Отаным гүлдей жайнаған,

Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған.

Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,

Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.

Әнұран,Туы, Елтаңбасы бар азат ел!

Әлемге мәлім, өркендеп өскен ғажап ел!

Бой тікті қала Есілдің қос қапталынан,

Мақтанышыма мұрагер ұрпақ бола көр!

Көшбасшы өзі, тұтқасы елдің Нұр аға,

Қиялын баптап қондыра білген қияға.

Күн санап менің құлпырып жатса бай далам,

Қуанышы шіркін кеудеме менің сия ма?

Мәңгілік болсын тәуелсіздіктің тұғыры,

Күлкімен өтсін, бейбіт күнімнің ғұмыры.

Татулық пенен бірліктің туын көтеріп,

Арманшыл елдің лайланбасын тұнығы.

5 оқушы:

Көтеріп тәуелсіздік туын биік,

Келесіз туған елді сүйіндіріп.

Өттіңіз талай қиын асулардан,

Кеудеге сан ғасырдың сырын құйып!..

Жүрген соң қанатыңды көкке жайып,

Атағың жер жүзіне кеткені анық.

Ішінде аз жылдардың әлем білген,

Менің Ұлы Отаным неткен алып!

Қазақтың мойындатсаң алыптығын,

Байтақ ел,

Қолдап отыр халық бүгін.

Еңсесі биік осынау туған елді.

Жырлай бер,

Жырла сен де, шабытты үнім!

Бірлігін, қаншама ұлттың татулығын,

Айшықтап,

Ай-жылдарым жатыр бүгін.

Жебей гөр, Көкте Тәңір, Жерде халқы,

Қазақтың Нұрекеңдей ақылды ұлын!

Тебіренбей отыра алсын ақын қалай,

Еркелікпен ел бастаған,батырлар-ай!

Жалғасып құрлық,мұхит бір ниетпен,

Бөленіп тыныштыққа жатыр маңай.

Жылытқан небір ызғар жанарларды,

Келесіз,асқақтатып,

Ақ-Ордаңды.

Жасаған ерлік ісің,халқың үшін Тарихта,

Ел есінде қалар мәңгі!

БИ. ПД 22

1 жүргізуші:

Тәуелсіздіктің 24 жылында Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Қазақстан Президентінің ұсыныстары жаңа әлемдік тәртіпті орнықтырудың көзіне айналды. Осылай қазақ халқының етектегі басы төрге шықты. Н.Назарбаев жаһандық саясаттың мінберінен сөз алды. Дауысы Алатаудан асып, Сарыарқадан шығып, кәрі Каспийден өтіп, Алтайды айналып Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен бір-ақ шықты. Ғасырға бергісіз жиырма жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті кәрі Европа да, мұхиттың арғы жағындағы АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындады. Сіздердің назарларыңызға әр елдің президенттерінің біздің Елбасы туралы пікірлерін экраннан ұсынамыз.

Видеоролик о президенте

2 жүргізуші:

Н.Назарбаев экономиканың даму үрдістерін тани білетін және ондағы Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер ғана емес, ғалым екендігін мойындатты. Нарықтық қатынастарға бейімделген «Назарбаев моделін» жүзеге асырды. Осылай қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан үш елдің қатарына енді. Бұл күні кеше тоталитарлық жүйенің, экономикасы таза шикізат көзіне тәуелді мемлекет үшін экономикалық бұғауды үзіп шыққанмен бірдей еді. Сондықтан да Елбасы: «Әуелі - экономика, сонан соң саясат», - деді. Бұл өз жемісін берді. Қазақстан әлем өркениетінің озық тәжірибесін игерді. Оны Қазақстан жағдайына лайық жүйеге түсірді.

1 жүргізуші:

Процветание городов, улучшение благосостояния народа, развитие экономики, мир в нашей многонациональной державе еще раз доказывают, что все эти преобразования свершаются под руководством нашего Президента Н.А. Назарбаева.

2 жүргізуші:

Биік боп көздегені

Бірлік боп іздегені

Халқымның көшбасшысы

Жастарға ол сенеді

Уәдені біз сақтаймыз

Біз жастар құр жатпаймыз

Үмітін елбасының

Шынында біз ақтаймыз , деп колледж жастарының атынан біздің өңірдің белгілі жас ақыны Елбасына арнаған өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

Жарқын ҚТӘ 31

1 жүргізуші:

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен егемендікке қазақ халқы қол жеткізіп, асқаралы биіктерді бағындыруда. Осындай тарихи сәтте еліне тұлға бола білген Нұрсұлтан Әбішұлындай кемеңгер ұлының бастауымен болашаққа жол тартып бара жатқан қазақ елінің келешекте әлемдік өркениет керуенінің басында тұратындығына сеніміміз мол.

2 жүргізуші:

Большого уважения заслуживает политика Нурсултана Назарбаева, который, неуповая на достигнутые результаты, стремится идти дальше в продвижении экономических реформ, повышении уровня жизни казахстанцев.

Президент остается верным своему курсу, отличительными чертами которого является использование накопленного опыта и открытость страны для всего мира.

Ән: ПД 22

Студенттердің тілектері: БД 11

  1. Елбасымыздың тілеулесі ғана емес, тірегі болайық! Өйткені, Қазақстан болашағы - білім мен ғылымда.

  2. Кез-келген Қазақстан азаматы кез-келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген Қазақстан!

  3. Индустриалды-инновациясы өркендеген Қазақстан!

  4. Терезесі тең, керегесі кең - өркениетті Қазақстан!

  5. «Назарбаев один из выдающихся лидеров современности»

  6. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ірі саяси қайраткер, тарих таңдаған тұлға!

  7. Н.Ә.Назарбаев − елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға!

1 жүргізуші:

«Нұрлы болашақ жолында» атты салтанатты шараның аяқталуына байланысты Мемлекеттік Ту шығарылсын!

2 жүргізуші:

Айымыз оңынан туып, тәңір тілекті берді.

Төрт құбыламыз теңеліп, төбедегі келді.

Алаштың айбыны асып, күн сөнгенше азат болды.

Қырандай қомданып, тұғырына қайта қонды.

3 жүргізуші:

Нам, молодым, строить завтрашний день! И кто как не мы, должны реализовать предложенные Елбасы смелые идеи о светлом будущем. Молодежь должна приложить все усилия для индустриально-инновационного развития. «Мечта. Труд. Вера» - должен стать нашим главным девизом!

1 жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған салтанатты кешті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты ұранымен аяқтаймыз: тұғырымыз - тыныштық, тілегіміз - татулық, тірегіміз - тұрақтылық болсын!

3 жүргізуші:

И это главное, во имя чего живет и продолжает свой путь Президент Нурсултан Назарбаев. Так пусть же освещает этот путь удача!

Ән: Атамекен



© 2010-2022