Көктем аруы тәрбие сабағы (сабақ жоспары)

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қобда гимназиясы
















«Көктем аруы-2016» сайысы






Класы:5

Класс жетекшісі Л.Мадетхан


















05.03.2016ж


Сайыс тақырыбы: «Көктем аруы-2016 »

Мақсаты:

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысы:

Жүргізуші -1.

Құрметті қызғалдақтай құлпырған сұлу қыздар бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке. Бұл халықаралық әйелдер күні, көктем мерекесі. Наурыз айы - үлкен мерекелер айы. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ.

2-жүргізуші

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

«Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

1-жүргізуші

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

2-жүргізуші

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

1-жүргізуші:

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық! (Арулар сахна төріне шақырылады)

Аяулымдай біздің білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Айбибі қыз елгезек,

Алады тез тіліңді.

Дильназ шықты үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп.

Төртінші Аида шығады,

Бұрымдары желбіреп,

Дарина біздің тұр жарап

Өн бойында бар талап.

Алтынайдай қыз мақпалдай

Ағарып таң атқандай

Жетінші қыз Әселдей

Өнері тасып жатқандай

Ақботадай өнерлі

Төгеді бар өнерді.

Райхан қызым көрегі

Алыстан бәрін көреді

Таңшолпанның биік өресі

Арулардың төресі

Раушан сұлу келесі

Шығар биік белесі

Акбота біздің

Қыз сынына келіпті

Назерке мен Аружандай сұлуды

Шіркін-ай кім көріпті

2-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтып,

Әділқазы алқасымен танысайық

1-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.ортаға қошаметпен шақырайық.

2-жүргізуші: - Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші

Сайысымыз 5 турдан тұрады.

1. Өзін-өзі таныстыру.

2.Өнерлі өрге жүзеді.

3.Жемісті сәндей білуде өнер.

4. Білім мен дәстүр

5. шаш үлгісін көрсету.

Ал енді сәттілік тілейік.

2-жүргізуші:

Бүлдіршін арулар келді танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

1-жүргізуші

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,

Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.

Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,

Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

.2-жүргізуші

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынындабәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты

Он үш қыз өз өнерлерін көрсетеді. (Арулардың өз өнерлерін көрсетеді.)

1-жүргізуші

Келесі сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салты

2-жүргізуші.

Әдет-ғұрып, салт -дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық.. (Сұрақтарға жауап)

1-жүргізуші

Қонақ келсе-құт

Барыңменен күт- деп аталады.

Халқымыздың талай ғасырлардан келе жатқан жақсы салты- қонақжайлылық қонақ күту рәсімі талай өлең-жырға негіз болған. Арабтар: «Қонақ тәңірі жіберген сый» десе, қазақтар: Қырықтың бірі- қызыр, мыңның бірі Уәли, «Қонақ келсе-құт, барынменен күт»- дейді.

(Үстел үстіндегі жеміс-жидектерді сәндеп әділ-қазылар алқасы дәм татып, өздерінің бағаларын береді).

Көрсетті өнер әр салада сайысып

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз дем арада майысып.

2-жүргізуші.

Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнап

Шаштаразға шаш жөндеуге аттанады

1-жүргізуші

Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,

Сыныбымыздың аруы деп жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікші.

Құттықтайық ал енді,ару болған баланы

Өрге жүзіп өнері,тауға өрлесін талабы. Әділқазылар сөйлейді.

2-жүргізуші..

Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым - қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.

1-жүргізуші

Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Сұрақ №1

1. Туыстық атауды ата.

Бөле деген кім?

2. Сандар сөйлейді.

ҮШ АҚИҚАТ

3. салт-дәстүр. Тұсаукесер .

Сұрақ №2

1. Туыстық атауды ата.

Құдаша деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

ҮШ АРСЫЗ

3. салт-дәстүр. Бастаңғы деген не?

Сұрақ №3

1. Туыстық атауды ата.

Жиен деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

ҮШ жұрт

3. салт-дәстүр. Байғазы деген не?

Сұрақ №4

1. Туыстық атауды ата.

Жезде деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Үш ДАУАСЫЗ

3. салт-дәстүр. Шілдехана қай уақытта жасалады?

Сұрақ №5

1. Туыстық атауды ата.

Бауыр деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Үш қадірлі

3. салт-дәстүр. Базарлық деген не ?

Сұрақ №6

1. Туыстық атауды ата.

Бажа деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Үш қадірсіз

3. салт-дәстүр. Қонақасы беру деген не ?

Сұрақ №7

1. Туыстық атауды ата.

Балдыз деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Үш тәтті

3. салт-дәстүр. Дәм ауыз тию деген не ?

Сұрақ №8

1. Туыстық атауды ата.

Қарындас деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Үш қуат

3. салт-дәстүр. Сыбаға деген не ?

Сұрақ №9

1. Туыстық атауды ата.

Жиеншар деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Үш би

3. салт-дәстүр. Асар деген не ?

Сұрақ №10

1. Туыстық атауды ата.

Сіңілі деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Төрт маусым

3. салт-дәстүр. Қалау деген не ?


Сұрақ №11

1. Туыстық атауды ата.

Әпке деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Төрт түлік

3. салт-дәстүр. Тоқымқағар деген не ?

Сұрақ №12

1. Туыстық атауды ата.

Құда деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

Жеті қазына

3. салт-дәстүр. Жылу деген не ?

Сұрақ №13

1. Туыстық атауды ата.

Жеңге деп кімді айтады?

2. Сандар сөйлейді.

ҮШ БАЙЛЫҚ

3. салт-дәстүр. Наурыз көже туралы?




Жауаптары сұрақ №1

1.Бөле қыздардың балалары

2.Үш ақиқат

Қымбат - шындық, Арзан - өтірік, Дауасыз - кәрілік.

3. Тұсаукесер - сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Сұрақ№2

1.Құдаша- ерлі-зайыпты адамдардың жасы кішi әйел туыстары, құдандалы адамдардың қыздары бip-бipiнe құдаша болып есептеледі.

2. ҮШ АРСЫЗ

Ұйқы - арсыз, Күлкі - арсыз.

Тамақ - арсыз,

3.Бастаңғы - қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды.

Сұрақ 3

1.Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.

2. Үш жұрт.1. Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт 3. Қайын жұрт

3. Байғазы - қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін

Сыйлығы

Сұрақ 4

1.Жезде- туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

2. Үш дауасыз. 1. Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал.

3. Шілдехана - өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той.

Сұрақ №5

1 Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.

2. Үш қадірлі. 1. Ырыс. 2. Бақ. 3. Дәулет.

3. Базарлық - алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін СЫЙ.


СҰРАҚ №6

1. Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

2. Үш қадірсіз.

Адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың қадірін білмейді.

3. Қонақ күту.

Сұрақ №7

1. Балдыз - әйел адамдардың жасы кіші туыстары.

2. 1. Жан тәтті. 2. Бала тәтті. 3. Жар тәтті.

3. Ауыз тию (дәстүр, ырым).. Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта «үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгіс

Сұрақ №8

1. Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.

2. Үш қуат. 1. Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.

3. Сыбаға - құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Мәселен ақсақалдарға, құдаларға, т.б. жолы үлкен адамдарға бас, жамбас, жая, ірі малдың омыртқалары сияқты мүшелері тартылады.

Сұрақ №9

1. Жиеншар - жиеннен туған бала.

2. Үш би. 1. Ұлы жүз Төле би. 2. Орта жүз Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Кіші жүз Әйтеке би.

3. Асар - қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластарының - жетіаталық экзогамиялық ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару харекетінің атауы.

Сұрақ №10

1. Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.

2. Төрт маусым 1. Көктем. 2. Жаз. 3. Күз. 4. Қыс.

3. 3. Қалау Дос-жаран, тамыр-таныс, құда-жегжат, ағайын-туыс дегендей көңілі жақын адамдар бір-бірінен ұнатқан нәрселерін қолқа салып сұрап, «бәленшекең түгенін берсін, көзіндей көріп ұстап жүрейін» дегендей өтініш сөздер айтып қалап алады


Сұрақ №11

1. Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.

2. Төрт түлік

1. Түйе пірі - Ойсыл қара.

2. Жылқы пірі - Қамбар ата.

3. Сиыр пірі - Зеңгі баба.

4. Қой, ешкі пірі - Шопан ата, Шекшек ата.

3. Тоқымқағар, халық рәсімі. Ауыл-үйдің қарттары жол жүрерде, сөйтіп жастар жағы бірыңғай болып ауылда қаларда немесе жас бала тұңғыш рет ажа мінерде «тоқымкағар» деп аталатын тамақ пісіріліп, дастаркан жайылады. Бір жағы жол жүрер үлкендердің жолының болуына тілектестік болса, екіншіден жас баланың азамат болғанына қуаныш білдіру белгісі болып табылады

Сұрақ №12

1. Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.

2. 1. Жүйрік ат 2. Қыран бүркіт 3. Құмай тазы

4. Берен мылтық 5. Қанды ауыз қақпан

6. Майланғыш ау 7. Өткір кездік

3. Бақытсыздыққа ұшырап, үйі өртеніп, жұтанған, дүние мүлкінен, малынан айырылғанда ауыл тұрғындары, көршілері, туыстары дүние жинап, мал беріп, ақшалай не болмаса заттай өмек берген. Не болмаса жылы сөздер айтып, серпілткен. Мұны «жылу жинау» " дейді. Ауыл аймаққа сөзі ететін, аузы дуалы, сөзге шешен, нар адам ұйымдастрады

Сұрақ №13

1. Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.

2. Үш байлық. Брінші байлық -денсаулық. Екінші байлық -ақ жаулық. Үшінші байлық - он саулық.

3.Наурыз көже- ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже" деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: "ақ мол болсын" деген тілек айтып тарқасады.

© 2010-2022