Баланың жаны таза, жүрегі пәк

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№3 Алға қазақ орта мектебі

Ата - аналар жиналысы

Тақырыбы: «Баланың жаны таза, жүрегі пәк»

Класс: 5 «Г»

Класс жетекшісі: Кушимова И.Д.

2015-2016 оқу жылы

Жиналыстың тақырыбы: «Баланың жаны таза, жүрегі пәк»

Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана балалардың бас ұстазы екендігін түсіндіру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, «Отан отбасының басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны іледі»

Барысы

Кіріспе сөз

Жылдағы дәстүр бойынша өтетін жалпы ата-аналар жиналысы ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі ата-аналар жиналысы дөңгелек үстел үстінде пікірлесу, ой бөлісу негізінде өтпек. (Осы жерде жиналыстың мақсаты, тақырыбы айтылып кетеді) алдымен бүгінгі жиналыста топқа бөлінген ата-аналарды отраға шақырсақ. Бірінші топ - бастауыш, екінші топ - орта буын, үшінші топ - жоғарғы сынып ата-аналары.

Бала тәрбиесі ата-ана үшін де күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұзтаз және ата-ананың орны бөлек. Осы екі жақты бірлескен жұмыс істеген жағдайда ғана бала тәрбиесінде жақсы нәтиже көруге болады.

Бала тәрбиесіне ең әуелгі оның өз ата- анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл - ойы адамгершілігі әсер етпек. Олай болса бүгінгі жиналыстың шарттарымен таныстырып өтсек.

Шарттары:

  1. Мен қандай ата-анамын? (Сұрақтарға жауап алынады)

  2. Жағдаяттарға талдау жасау.

  3. Рефлексия

  4. Қорытынды

Алдымен ата - аналарға сұрақт ар беріледі. Дайындалуға бір минут уақыт беріледі.

  1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

  2. Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі жоғары деп ойлайсыз?

  3. Дені сау, тәрбиелі өрелі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?

  4. Бала дүниеге жаман күйде келмейді, бірақ бала өсе келе әрқилы жағымсыз әрекеттерге бой бұрып, әртүрлі мінез көрсетеді, бұған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?

Келесі кезекті баланың күнделікті өмірінен алынған кейбір жағдаяттарға кезекті береміз:

  1. Жағдаят.

(Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Самат пен Сәкен біраз ақылдасты. Саматтың есіне асханада ақша ұсатқан Ербол түседі. Сол Ерболды қорқытып ақшасын тартып алу керек тігін Сәкенге айтады)

Сәкен: Ербол мұнда кел. Мен ақша тауып алдым.

Ербол: Қане ақша?

Самат: Ербол сен асханада ақша ұсатып тұрғаныңды көргенмін. Сол ақшаң қайда? Бізге бер.

Ербол: Жоқ бере алмаймын. Анам ақшаны қайтарып әкел деген. Анама қайтарып беремін.

Сәкен: Сен біздің ақша алғанымызды ешкімге айтпайсың? Айтсаң саған жаман болады.

Ербол: Анама айтамын. (Жылап кетіп қалады)

Сұрақ: Осы көріністе баланың қандай қылығын байқадыңыздар? (ата-ананың жаубтары тыңдалады)

ІІ Жағдаят.

Нұрлан 3 сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлыө өабілеті бар. Бірақ ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте өтетін жиындарға келмейді. Білім алу баланың басты міндеті екендігін біле тұра соны орындауға салғырт қарайды.

Сұрақ:

  1. Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

  2. Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

  • Құрметті ата-аналар, енді түрлі түсті бояуды пайдаланып, үлкен жүректің суретін салайық. (Ата - аналар жүректің суретін бейнелейді)

  • Ал ашуыңызға тигенде, шыныңызды жазыңыздаршы, қандай сөздерді көп қолданасыздар?

(Стикерді таратамын, соған ата-аналар сөздерін жазады)

  • Енді осы сөздерді алдарыңдағы «Жүрекке» жапсырыңыздар.

Қорытынды:

Бізде бүгінгі тренинг - жиналысымызда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабағымызда қолданғанымыздай, осы осы сіздерге салып көрдік. Балаларыңыздың осы әдістерге білім алғанына қандай пікір білдіресіздер?

Бала өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Жанұяның жемісі алтын тірегі, діңгегі - бала. Әр ата-ана һзінің баласын тәрбиелей отрып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш уақытта ұмытпауы тиіс.

Дұрыс тәрбие көрсе ғана баланың саналы, жоғары адамгершілікті, рухани бай, тұлға болып қалыптасатындығына көзімізді жеткіздік. Ата-ана баласына білім беріп, өмірге нұсқау беретін, ұстаз еңбегін бағалайтындығын түсіндік. Сондықтан үйде ата-ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен жол табатындай тәрбиелік мәні зор еңбек етсе, тәрбие өз орнын табар еді деп бүгінгі тренинг жиналысымызды аяқтаймыз.

І. Жағдаят.

© 2010-2022