Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағат

Тақырыбы:Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

Мақсаты:Елтаңба,Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеп,құрметтеуге,халқынық тегін ,тарихын білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

1-оқушы:Әселхан

2-оқушы:Аяжан

Жәнібек ,Керей сұлтандарым бастаған,

Ата-бабам азаттықты аңсаған.

Бөлініп шығып Әбілхайыр елінен,

Дербес елдің құрылуына жол ашқан.

Көшіп барып Моғолстан еліне,

Қоныс теуіп Шу өңірі жерінде.

Қиындықтың бәріне де мойымай,

Туын тікті Қозыбасы төрінде.

Мұхаммед Хайдар Дулати бабам ,

Тарихи Рашиди атты еңбегінде жазған.

XV ғасырдың орта шенінде

Міне,осылай Қазақ хандығы құрылған.

3-оқушы:Ажар

Біз қазақпыз!

Ежелден-ақ қазақ юолып аталған

Қатал болды әр күн әр түн атар таң

Күйдірсе де ызғарлы аяз,жалынды от,

Ел боп келдік,қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаханнан,

Бейімделдім заманыма жаңарған.

Садақ тартып,оқ жонуды үйреніп,

Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.

О,тәңірім танып білмей бізді жұрт,

Әр түрлі атпен өздерінше атаған.

Скифтер деп Геродот бізге ат берді,

Ал парсылар-өз тілінше Сақ деді.

Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

4-оқушы:Арсланбек

Біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз ұлы өзгерістерді бастан кешіруде.Бірнеше жүз жылға созылған отаршылық кезең тарихи артта қалды,қазір 21 ғасырда тәуелсіз елдің қатарына қадам бастық.1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманымыз орындалған күн болды.

Қазақстан-егемен мемлекет.Өзіміздің Ата заңымыз, мемлекеттік рәміздеріміз бар.Ту,Елтаңба,Гимн ,рәміз сөздерін тек осы қалпында қолдану керек.Байрақ,нышан,әнұран деген сияқты «синоним» сөздерді қолдануға болмайды.

5-оқушы:Асыл

Рәміз дегеніміз-белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба,эстетикалық категория,шартты белгі.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылып, өзінің Елтаңбасын,Туын,Гимнін белгіледі.Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес ,тәуелсіз бола алмайды.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп,оны қастерлей білу керек.

Президент Н.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге ,мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері-Ту,Елтаңба,Әнұран 1992 жылы 4 маусымда қабылданды .

6-оқушы:Аяулым(видео репортаж)

Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

7-оқушы:Анар

Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көңілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

9-оқушы:Айдана

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,
Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.
Қазағымның ұлттық «Қошқар мүйізі»
Әлі күнге көкейінде бауырдың.
Қазағымызға таныс өрнек ежелден
Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.
Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,
Қасиеттің бір күніне теңеген.
Қыран құстай маңғазы да қырағы
Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,
Сондықтанда да көк туымда қалықтап,
Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

10-оқушы:Әділхан

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен - тек
Елдің ашық қабағы.

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

11-оқушы:Мейіржан

Елтаңба:отан от басынан басталады,

-шаңырағын биік керегең кең болсын;

-қанатың талмасын;

-ер қанаты -ат, осынау терең мағыналы сөздер нышанын елтаңбамыздың бейнесінен көруге болады емес пе?

12-оқушы:Аяулым

Әнұран:Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранның өзгерту,бұрынғы әнұранды композитор Ш.Қалдаяқов пен ақын Ж.Нәжімеденовтың «Менің қазақстаным» әнін президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің қолыммен түзетілген нұсқасымен ауыстыру жайы Парлмаентке қаралып бір ауыздан қабылданды.

«Менің Қазақстаным» әні жазылған кезде Ш.қалдаяқов 26 жаста ал Ж.Нәжімеденов 21 жаста болған.Халқымыз осы әнде зор суйіспеншілікте шырқап,өз қалауын білдірді.Жаңа әнұран ресми түрде 2006 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

Қазақстан Республикасының Әнұраны бірлікке,ынтымаққа , достыққа,қызмет етеді.Жастардың қайсарлыққа,төзімділікке,еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

13-оқушы:Али

Ән ұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

14-оқушы:Гүлдана, күй- «Ерке сылқым»

Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы

15-оқушы:Айдана (бекіту)

Тұғырың биік болғай туған елім,

Сен неткен ұлы едің,көркем едің,

Ту ,елтаңба белгісі елдігіңнің

Кербез,сұлу ,әсемпаз еркін елім!

Туым бар көк аспанда желбіреген

Көк түсі желбіресе мөлдіреген,

Қыраны «қазақ халық» мәртебесі,

Қалықтап шартарапқа көтерілген!

Көгілдір ашық аспан аясында,

Еркіндік пен азаттықтың саясында,

Өз бейнеңе түс болып ақ

Көгілдір түс өзіңе жарасуда.

Алтын күн нұрын шашып сай-салама

Гүлденіп дархан далам жандануда

Бұл дағы бейбітшілік белгісіндей.

Балғын ұрпақ нәр алып ,күн көзінен

Егемендік туралы ән салуда.

Елтаңбамның шаңырақ бас тірегі

Уықтар шын достықтың ыстық лебі,

Жарық жұлдыз жол сілтеп баршамызға

Қос пырақ қалықтаған ел тілегі!

Тәрбие сағаты: Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы


© 2010-2022