Тұрақты тіркес

Сабақтың мақсаты:Білімділік: • Тұрақты тіркестер туралы мәлімет беру, өткен сабақтардаалған теориялық білімдермен ұштастыру;Дамытушылық:• Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып,байланыстыра білуге, өз бетінше жұмыс жасауға төсілдіру;Тәрбиелік:• Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өзтілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу; Сабақтыңтипі: Жаңа сабақСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың көрнекілігі: инте...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қулбатырова Ардак Серикбаевна

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркес Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Тұрақты тіркестер туралы мәлімет беру, өткен сабақтарда алған теориялық білімдермен ұштастыру;

Дамытушылық:

  • Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып, байланыстыра білуге, өз бетінше жұмыс жасауға төсілдіру;

Тәрбиелік:

  • Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы арнайы дайындалған слайдпен жұмыс жасау, оқулық, фразеологиялық сөздік, сурет, сөзжұмбақ, ребус.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, оқулықпен жұмыс, "Кім жылдам?" ойыны, топтастыру

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрап, бағалау

Жаңа сабақ

ТТұрақты тіркесұрақты тіркестер дегеніміз - бір немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Тұрақты тіркесті құрайтын сөздердің сыңарлары тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді.

Мысалы:

тас бауыр мағынасы мейірімсіз ,

су жүрек мағынасы қорқақ

Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жақын сөздермен түсіндіруге болады.

Мысалы:

қыздың жиған жүгіндей - әсем, көрікті, көркем,

ит терісін басына қаптады - ұрысты, балағаттады, сөкті

111 - жаттығу

Антонимдік қатар

Көзге ілмеу - елемеу, өзіне теңгермеу

Көзінен таса қылмау - көзден сырт болмады, жіті бақылады

Бетінен қақпау - еркін өсіру

Бетінен алу - көңілін қалдыру, қарсы келу

Аузы - аузына жұқпау - жыпылдап тез сөйлеу

Синонимдік қатар

Аузына қақпақ болу = аузына құм құю = аузын аштырмау - еркін сөйлетпеді, тыйым салды, көңілдегісін айтқызбады

Аузын алу = аузын майлау = ауыз бастырық беру - пара беру

Ә дегенше = көзді ашып- жұмғанша- лездің арасында, әп-сәтте

Аузы- мұрны қисаймай = бет -аузы бүлк етпей - ұялмай, шіміркпей

Басы қату= дал болу - не істерін блмей састы, әуреге салды

Аяғына бас ұру = аяғына жығылу - алдына барып жығылды, тәубе қылды, тізе бүкті, кешірім сұрады

«Кім жылдам» ойыны арқылы тұрақты тіркеске байланысты

сөзжұмбақ шешу

  1. Қырық пышақ болды: төбелесті

  2. Ай мен күндей: сұлу

  3. Тас бауыр: мейірімсіз

  4. Тауыққа тары шашқандай: аз

  5. Маңдайы ашылған, бағы жанған: бақытты

  6. Тонның ішкі бауындай: тату

  7. Тайға таңба басқандай: анық

  8. Көрер таңды көзімен атырды: ұйықтамады

  9. Қырғи қабақ болды: ренжісті

  10. Жүрегі аузына тығылды: қорықты

  11. Бармағын тістеді: өкінді

  12. Күн құрғатпай келді: кешікпеді

  13. Қой аузынан шөп алмас: жуас

Шарты: Берілген ұяшықтарда мектеп пәндеріне және тұрақты сөз тіркестеріне негізделіп дайындалған тест сұрақтары бар. Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс.

20

30

40

20 - Қазақ тілі

"Үріп ауызға салғандай", "Жүрек жұтқан",

"Тас бауыр" қандай сөз табына жатады?


  1. Зат есім

  2. Етістік

  3. Сын есім

  4. Есімдік

30 - Әдебиет

Мысалдардан теңеу фразеологизмін табыңдар

  1. Жүзіктің көзінен өткендей

  2. Ит арқасы қиянда

  3. Дес бермеу

  4. Суқаны сүймеу

40 - Математика

"Таяқ тастам жер", "Қозы көш жер", "Иек астында" тұрақты тіркестері қандай ұғымды білдіреді?


  1. Көлем

  2. Уақыт

  3. Қашықтық

  4. Көңіл - күй

Тұрақты тіркестер:


  1. Орны қалыпты

  2. Бірнеше сөзбен тіркеседі

  3. Бір сұраққа жауап береді

  4. Антонимі болады

  5. Бір мағынаны білдіреді

  6. Ойды көркемдеп әсерлі жеткізудің құралы

  7. Сыңарларын басқа сөзбен алмастыруға болмайды

  8. Сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды

  9. Синонимі болады

Сабақты қорытындылау:

Фразеологиялық вариантын табыңыз

Үндемеу - .........

Қорқу - ............

Тез - ..............

Ардақ Құлбатырова

№217 мектеп мұғалімі

Қызылорда қаласы

Тұрақты тіркес


Тұрақты тіркесТұрақты тіркес

Тұрақты тіркес


Тұрақты тіркесТұрақты тіркес




© 2010-2022