Адамгершілік, – рухани, тәрбиенің, маңызы, 6 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 8 Қашаған Құржыманұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытова Ақкүрең

Тақырыбы: «Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

I-кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру

II-кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі

III-кезең: Саяхатқа шығу ойыны

IV-кезең: Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V-кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік - адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?

1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын - еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу - әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

Мұғалім.Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:

Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:

- Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?

- Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

- Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

- Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

- Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

- Асықпай түсіндіріп беремін.

- Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

- Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

- Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

- Әдептілік деген не?

- Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік - айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу - адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау - адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық - әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8-оқушы.Кешікпеу - бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық - адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық - айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

9-оқушы.Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік - асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз.

Ортаға алғашқы қонағымызды шақырамыз.

Оның пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз» дейді. Қарсы алыңыздар ортада _______________.

1. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

Ортаға екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше «Адамгершілік қасиеттер адам бойынан алшақтап бара жатқан сияқты». Қарсы алайық, өз пікірін ортаға салушы - _____________.

1. Бұлай ойлауыңның себебі неде?

2. Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

Үшінші қонағымыздың пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді. Қарсы алайық, ортада - __________.

1. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

2. Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?

3. Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Қызу пікірімізді жалғастыратын келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірде. Ортада - _____________.

1. Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?

2. «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

3. Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады » деген пікірде. Ортада - ______________.

1. Өз пікіріңізді ортаға сала отырсаңыз.

2. «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады?

3. «Сөйлесе сөз әдепті» дегенді қалай түсінесіз?

Сарапшы қонақтарға сөз кезегі берілді.

«Адамгершілік» тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1. Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2. Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3. Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4. Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5. Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6. Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7. Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8. Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9. Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).

10. Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11. Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

Сабақтыңтақырыбы:«Қорқыт ата кітабы» - ұлт мәдениетініңбас кітабы.

Сабақтыңмақсаты:Оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау барысында Қорқыт туралы білім-біліктерін арттыру.

Оныңөмірі мен күй өнерініңөзара байлансы, күйлерініңжазылу тарихы туралы мәліметтерді жинақтап, меңгерту.

Қорқыт шығармаларындағы өзекті мәселелерді анықтап, күй өнері туралы пікірлерін анықтау.

Сабақтыңтүрі:ізденіс сабағы

Сабақтыңәдіс-тәсілі:СТО стратегиясыныңэлементтері, талдау, салыстыру, пысықтау.

Сабақтыңкөрнекілігі:Қорқыт ата портреті, қосымша материалдар, «Қорқыт» күйі.

Сабақтыңөзектілігі: Өнер - өшпес,өлмес мұра.

Сабақбарысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. І топ «Қорқыттанушылар»,

ІІ топ«Күйтанушылар».

«Ой қозғау»сатысы.Интербелсенді тақтаға төмендегідей өлеңшумақтарын жазамын.

Жыраудыңүлкен пірі Қорқыт ата.

Бата алған таман бақсы асқан ата.

Таңқалып жұрттыңбәрі тұрады екен.

Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

Осы кезде «Қорқыт» күйі ойналады. Оқушылар күйді тыңдап, алған әсерлерін ортаға салады. «Күй» және «Қорқыт ата» деген сөздерге тірек ойларын жазады.

Мысалы, Қорқыт ата - күй атасы, жарау, сұңғыла дана, асқан абыз , т.б.

Күй - өнер, асыл мұра, адамныңішкі дүнисінің сыры, рухани азғымыз, т.б.

«Ой жалғау» сатысы. Оқушыларға Қорқыт туралы мәлімет таратылады.

Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.

І топ «Қорқыттанушылар»

Зерттейтін мәселелері: Қорқыт ата туралы аңыздардыңсыры

ІІ топ. «Күй танушылар»

Зерттейтін мәселелері: Күйдіңшығу тарихы.

Осы мәселерді оқушылар зерттеп, ойларын ортаға салады.

«Қорқыттанушылар» тобы

Аңыз бойынша:Дүниеге келуі

Қорқыттыңдүниеге келуі де өзгеше. Анасы Қыпшаққызы құланныңжаясына жерік болыпты-мыс. Бір жыл ішінде жерігін әреңқойыпты. Ана құрсағында 3 жыл жатыпты. Жыл сайын бір рет толғаққысыпты. Дүниегее келерінде арасы тоғыз күн көз шырымын алмай толғатқан. Үш тәулік тастай қараңғылықбасқан. Жаңбыр жауып, дауылдатқан. Сөйтіп, жарықдүниеге Қорқыт сөйлеп туыпты-мыс. Кейбіреулер Қорқытты қу терісін жамылған перініңқызынан немесе аққудан туды дейді.

Есімініңқойылуы

Қорқыт есімінің қойылуы да бір аңыз екен. Мәселен, Қорқыт дүниеге келер алдында үш тәулік қараңғылықжер бетін басып, далада дауыл соғып, жаңбыр жауған екен. Сонда елдіңбарлығы қорқыпты. Осы оқиғаныңсебебінен нәрестеніңатын «Қорқыт» деп қойса керек.

Зерттеуші Ә. Марғұлан пікірі:

«Ол- бір туар ақын, әрі бақсы. Осы ұғымдар сәуегейлікті, емшілікті, күйшілікті сыйғызады. Демек, Қорқыт - «керемет иесі», ұлыстыңұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жырау».

Қорқыттыңөліммен күресуі туралы аңыздар көп.

М. Әуезов былай дейді: «Аңызда тамыры қурап қалған бәйтерек ; «мені тапқан ажал сені де табады» дейді Қорқытқа. Айдалада өсіп тұрған шөпте осыны дәлелдейді. Қаусап құлағалы тұрған құз-тас та Қорқыттыңажалы таяп қалғанын дәлелдейді». Енді бір аңызда: «20 жасқа жеткенде , түс көріп, түсіндегі ақкиімді кісі: «Қырықтан артықөмір сүрмейсің», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді.Сонда қасиетті Желмая желдей есіп небір шөл даладан тау мен құздардан, өзендер мен көлдерден құстай ұшып жердіңбір шетіне келеді. Шексіз мұхиттыңжағалары екен. Желмаясынан түсіп, теңіздіңсуымен жуынып, тынығады. Бір кезде құлағына бір сыбыр естіледі., неткен сыбыр деп соған қарай жөнеледі. Келсе бір жігіт жер қазып жатыр екен.Қорқыт:

- Жігіт, не істеп жатырсың? дейді. Жігіт:

- «Саған көр қазып жатырмын» -дейді. Қорқыт қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?»-деп сұраса, олар: «Бұл-Қорқыттыңкөрі »- деп жауап береді. ». Осыдан «Қайда барсаңда Қорқыттыңкөрі» деген мақал қалыптасса керек.

Қорқыт көр қазушылардыңбәрінен қашып құтылдым деп бір жерге тоқтаған кезде, жанына қараса, тереңкөр жатыр, ішінен сақалы аппақшал шығып:

- Қорқыт, өлімнен құтылмайсың, көріңдайын, кел, жат! - дейді.Осы кезде Қорқыт есінен танып, ұйықтап кетеді. Сол кезде түс көреді. Түсінде ақсақалы беліне түскен, ақтаяғы көк тіреген әулие қарт : «Е, Қорқыт, өлімнен құтылудыңамалын іздеп жүрсіңбе? Өлімнен құтылудыңбір-ақамалы бар. Ол өлімнен тек саз арқылы ғана құтыласың, ол үшін сен аспап жаса. Аспабыңнар атанныңжілігіндей болсын, шанағы бақырдай болсын, ішегі бесті аттыңқұйрығынан болсын, аспабыңныңатын қобыз қой. Өлімнен араша болатын тек қана сол қобыз. Тұр, жатпа!» дейді.

«Күйтанушылар»

... Қорқыт шошып оянады.. жалма жан қасиетті тау басында өсіп тұрған киелі қарағайды шауып, аспап жасауға кіріседі. Аспаныңбиіктігі 6 жасар нар атанныңжілігіндей қылып ойып, қасиетті тау басындағы ортекеніңмүйізінен тиек жасап, Желмаясын сойып, терісін қобызына көн қылып қаптайды, үстіне мінбеген бесті аттыңқұйрығынан ішек жасап, қобызын қолына алып Қорқыт:

Қарағайдыңтүбінен

Қайырып алған қобызым,

Үйеңкініңтүбінен

Үйіріп алған қобызым,

Желмаяныңтерісін

Шанаққылған қобызым,

Ортекеніңмүйізін

Тиек қылған қобызым,

Бесті айғырдыңқұйрығын

Ішек қылған қобызым,

Құлағын да бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын,-дейді

Суда көр қазушы болмас , тереңағыс-иірімдерге ажал, өлім келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, аспандағы құстыңұшуын, самал желдіңсоққанын тиятын толқынды күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп ғасырға жуықөмір кешіпті.Қорқыт қобызын күні-түні тартады екен. Сонда Қорқыттыңтартқан күйін тыңдайық. ( «Қорқыт» күйі ойналады).

Ә. Марғұлан: «Қорқыт туралы аңыздар көп. Қорқыт - бір кездегі қауым тіршілігіндегі белгілі адам. Ол жайындағы мәліметтер аңыз болса да, Қорқыт тарихи адам болғанына ешкім таласпауы тиіс.» Қорқыт ата 8-9 ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісініңмазары Қармақшы стансасынан 18 шағырымдай жерде екен.

Қобыздыңтарихы

Тарихшылар: «Қобызбен күй, сарын тарататын бақсы, жыраулар, не Қорқыт жолын қуған атақты күйшілер көп. Қорқыт- жыраулардыңатасы, олардыңпірі болып табылады. Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам» - дейді.

Қобыздыңбейнесі туралы да көптеген пікір-таластар бар екен. Соныңбірі - кейбір ғалымдар қобыздыңбейнесін адамға ұқсатады екен. Мысалы, бас, құлақ, мойын, кеуде.

Ал Ә. Марғұлан: «Қазақтыңескі дәуірдегі қобызыныңформасы аққудыңбейнесіне ұқсайды, мойны ұзын, құйрығы сопақ, ұзынша келген аққудыңқұйрығы сияқтанып тұрады. Сыртынан қарағанда аққудан еш өзгешелігі жоқ.». Оған дәлел ретінде үш деректі үсынады: біріншіден, халықаққуды еңсұлу құс деп санаған, екіншіден, аққудыңдауысы құлаққа әдемі естілетін еңсұлу үн, үшіншіден, аққу - ерекше қадірлейтін киелі құс, оны атуға болмайды.Мүмкін, көне заманда аққу түркі тайпаларыныңбір төтемі болуы тиіс.

Ш. Уалиханов: Өзініңағасы Уалиханов тартқан күйлердіңаттарын ғана жазып алған. Олардыңсаны 14 екен.Олар: «Тәңір күйі»,«Саймақтыңсары өзені», «Қорқыт күйі», «Ақсаққұлан», «Жошы хан», «Азамат қожа», «Жеті қыз», «Бозінген» т.с.т.

«Ойтолғау» сатысы.

1. Оқушыларға жеке-жеке Қорқыт атаныңнақыл сөздері таратылады.

Олар нақыл сөзді оқып өзіндік пікірін ортаға салады.

Қанатты сөздер:

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес;

Дәулетті ұлыңболса, ошағыңныңқоры болар,

Дәулетсіз ұл болса, ошағыңныңқоры болар;

Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;

Көңілі пасықерде дәулет болмас;

Қар қаншама қалыңжауғанмен - жазға бармас;

Ата даңқын шығарып, өзініңтегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б.

Сабаққорытындысын шығару үшін пікір-талас ұйымдастырамын,

Өзекті тақырыбы: Дүниеде не өлмейді?

Бағалау кезеңі:

р/с

Оқушыныңаты-жөні

«Ой қозғау» сатысы

«Ой жалғау» сатысы

«Ойтолғау»

сатысы

«Пікір-талас»

Қорытынды баға

Үй жұмысы:

Міндетті деңгей: Қорқыттыңнақыл сөздерін жаттау.

Мүмкіндік деңгей: Қорқыт ата күйлерін тыңдап, алған әсерлері жайлы эсее жазу.

№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақтілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі

А.Ш. Мухаметжанова.

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер - даналық мәйегі.

Сабақтың мақсаты: І Білімділік. Ғасырлар шежіресі, халақ тарижы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесімен көрініс тапқан мақал - мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі туралы түсінік беру.

ІІ Дамытушылық. -ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін ойындар арқылы жан - жақта дамыту.

ІІІ Тәрбиелік. Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, тәрбиелі қыз, ардақты ұл болуда ұлттық құндылығымызды сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемін көтеруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, картотекалар.

Сабақтың әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың өзектілігі.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

Қайталау үшін сұрақтар.

Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. Тұрмыс салт жырлары дегеніміз не?Тұрмыс салт жырларының түрлерін ата.

ІІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру кезеңі.

-Балалар,дәптерлеріңе күн ретін жазыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз.

СӨЗЖҰМБАҚ

М

А

Қ

А

Л

-

М

Ә

Т

е

л


1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

2. Заттың атын білдіретін сөз табы.

3. Жылқы пірі

4. Адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздер.

5. жеке затарға қойылатын атау.

6.Балаға ең қымбат -

7. Білім беретін мекеме.

8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.

9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстыра суреттеу.

10. Сиыр пірі.

11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

- Қандай сөз шықты? (Мақал - мәтел)

- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - «Мақал- мәтел» екен.Сендер мақал- мәтел білесіңдер ме?

Білсеңдер қазір біз «Топтастыру» әдісі арқылы мақалдардың тақырыптарын анықтаймыз. Ол үшін әр тақырыпқа бір - бір мақал айтайық.

Топтастыру.

Мақал

Мәтел

Біреу тойып секіреді,

Біреу тоңып секіреді.

Әлін білмеген әлек

Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Еменнің иілгені - сынғаны

Көппен көрген - ұлы той

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Көрмес түйені де көрмес

Мақал мен мәтелді енді салыстырып көрейік. Ой қалай айтылған?

Венн диаграммасы.

Мақал Ортақ Мәтел

Ауыз әдебиетінің бір түрі

«Керекті сөздерді тап» ойыны

1. Білгенге....Білмеске.... . 2. Өтірік .... өрге баспас. 3. Сөз...өтеді, таяқ ....өтеді.4. Тоқсан....сөздің тобықтай түйіні бар. 5. Ел үмітін ...ақтар. 6. Жігітті ....таңы. 7. Денсаулық - зор.....

Кітаппен жұмыс. Интербелсенді тақтада орындалады.

Мына мақал- мәтелдердің жалғасын тап.

1. Тіл тас жарады, ....... .

2. Кісі елінде сұлтан болғанша, ....... .

3. Өнер алды - ...... .

4. Талапты ерге ...... .

5. Бірлік болмай, ....

6. Ерді намыс өлтірер,.... .

«Қызықты сұрақтар» ойыны

1. Қорқақ неден қорқады?

2. Ердің атын не шығарады?

3. Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?

4. Ашу не? Ақыл не?

5. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

6. Тауық түс көре ме?

7. Көп түкірсе не болар?

8. Оқу түбі не?

9. Үйіңе құтты қонақ келсе не болады?

10. Жаманға неге күлме дейді?

Сабақты қорытындылау.

Сабақ «Орныңды тап » ойынымен аяқталады. Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып, қажетті орындарына тұрып, сол сөзден мақал құрайды. Мақалдың мазмұнын түсіндіреді.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Бұрын көп айтылмаған бес мақал- мәтел жазып кел, жатқа айту.

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. Біржан сал Абай ауылында.

Мақсаты: І. Оқушыларға әңгімедегі (үзінді) кейіпкер характерлерін сомдаудағы жазушы шеберлігін таныту.

ІІ. Әңгімені (үзінді) талдай отырып, өнер адамы Біржан сал мен сөз өнерін терең түсінуші Абайдың бейнесін ашу арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту.

ІІІ.Дені сау жеке тұлғаны өнер құдіретін, сөз өнерін түсіне білуге, асыл өнерді ардақтап, құрмет тұта білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәтінді талдау,сөз әдісі, логикалық ізденіс, интербелсенді тақта, үлгілеу-жобалау технологиясы.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Көрнекілігі. Интербелсенді тақта, таратпа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгендеу;

в) сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Мотивация. Оқушыларға бір-бірінің қолдарын ұстатып, көздерін жұмғызу және бір-бірлеріне іштей жақсы тілектер тілету.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

ІІІ. Жаңа сабақ

-Мақсат қою

- алдын-ала оқып келу тапсырылған мәтінмен жұмыс.

Жетекші сұрақтар:

- М.Әуезовтің қандай әңгімесімен таныс едіңдер?

- Ол әңгіме кім жайында еді?

- әңгімеде Абайды қай қырынан танып едік?

Шығарманы талдау жұмыстары

Мұхтар Әуезов. Біржан сал Абай ауылында

- Мұхтар Әуезовтің «Әжемнің әңгімесі» әңгімесі;

- Бала Абай туралы;

- Халық ауыз әдебиетін, ертегі, дастандарға құмар бала.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

топ «Таным»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

ІІ топ «Зерде»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

Сергіту сәті

М.Әуезов.

Біржан сал Абай ауылында

М. Әуезов туралы

Абай мен Біржан арасындағы

мәлімет жарастық (инценировка)

«Біржан сал Абай ауылында»

әңгімесінің мазмұндық құрылымы

Біржан сал Абай ауылында

«Абай жолы»

Абайдың ән- күйден алған әсері

туралы . Құлақтан кіріп бойды алар

«Біржан сал Абай ауылында»

әңгімесінің кейіпкерлері

Ән адамды сергітеді,

Ұзартады өмірді.

Ұлылырдың жарастығы,

Өсіреді көңілді.

Ән мен күйді ұнатамыз,

Тыңдаймыз біз ден қойып.

Өнерменен шындаламыз,

Өсеміз біз сән құрып

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

ІІІ топ «Өнер»

Таратпамен жұмыс

ІҮ топ «Талап»

-модуль арқылы таратпамен жұмыс

Қорытынды:

Топтар шығармашылық жұмыстар жасайды

І топ «Таным»

ІІ топ «Зерде»

ІІІ топ «Өнер»

ІҮ топ «Талап»

Үй жұмысы:

Бағалау.

Біржан сал Абай ауылында

Біржан сал

Әңгімеде орындалған туралы әндер. «Жанбота» әні, шығуы туралы

«Біржан сал Абай ауылында»

әңгімесіндегі әнқұмар жастар

М.Әуезов.

Біржан сал Абай ауылында

Портрет. Әңгімедегі

Әңгімеде белең алған

кейіпкерлер портреті.

салт-дәстүрлер.

Әңгімедегі тілдік қор.

Ой толғау

Мақала.

Тест құрастыру

« Біржан» сөзіне сөзжұмбақ құру.

«Әнді сүйсең, менше сүй» ой толғау;

Типтік образ туралы оқып, біліп келу.


© 2010-2022