Доклад на тему Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмысының жаңашыл әдіс-тәсілдері - тәрбие деңгейінің сапалық кепілі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып жетекшілердің ата-аналармен жұмысының жаңашыл

әдіс-тәсілдері - тәрбие деңгейінің сапалық кепілі.

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата - аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата - аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», -дейді.

Осыған байланысты баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата-ананың педагогика білім дәрежесінің жай - күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата - аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларда, ғылыми практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата - аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл - кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл - кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі болуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл - шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата-аналарын әңгімелесумен шектелуі мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарға, мектепішілік іс-шараларға сынып жетекшілерді ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиісті. Осыған орай барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыңыздың ата-анасымен байланыс жасаудың көптеген жолдары бар. Мектептің отбасыларымен жүргізетін барлық жұмыстары ұжымдық және дербес болып негізгі екі топқа бөлінеді.

Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды.

1. Ата - аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата - аналар комитеті мен ата - аналар белсенділері сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата - аналар жиналыстарында оқу - тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата - аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата - аналарды сынып ұжымының оқу - тәрбие жоспарымен. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай жиналыстар оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.

Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Біз, сынып жетекшілері, ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Сынып ата-аналарының жиналысы - дәстүрлі жұмыс формасы болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді. Сынып жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқындап алудың маңызы зор. Мысалы ''Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару көмектеседі ме?'' деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады.

Ол сұрақтар мынадай болуы мүмкін.

Сіздің мінезіңізді, ерік күшіңізді өміріңізде кездескен қандай қиындықтар шынықтырды деп ойлайсыз?

Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегі (сөз, іс-әрекет, сезім мен көңіл-кұй) ахуалын еске түсіріп, сипаттап беріңіз.

Сіздің балаңыз қиындықтардың қандайын жеңіп, қандайына шамасы жетпейді?

Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тәрбие мәселесіне терең мән беруіне көмектеседі.

2. Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары.Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүрлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әнгімелесу-жиналыстар, т.б.
Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б.

3.Педагогикалық лекторийлер ата-аналардың назарын белсенді тәрбиелік мәселелерге аударуды мақсат тұтады. Жұмыстың бұл формасы ата-аналарды тәрбие теория-ларын жүйелі білімдерімен қаруландыруға бағытталынады.

Сынып бойынша педагогикалық білім беру деп аталатын жұмыс формасын 1 -11 сыныптан бастап қолға алу қажет. өйткені педагогикалық ағарту жұмысын осы кезден бастау тиімді. Педагогикалық білім беруде параллель-сыныптардың ата-аналарын біріктіруге болады.

Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға болады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардын педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді.
Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық
ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.).

4.Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақгарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.Ашық есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күндерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Мерекенің құрылымын мына үлгіде түзуге болады.

Мәжіліс залында ата-аналар үшін 1-11 сынып оқушыларының концертін ұйымдастыру. Концертте үздік өнер көрсеткен сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады.

5.Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.
Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қальштастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.

6. Көптеген мектептерде педагогикалық білім университеттері табысты жұмыс істейді. Білім берудің бұл формасы лекциялық курстан және семинар сабақтарынан тұрады. Бұндай күрделі жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмыс формасын аса сақтықпен практикаға енгізу керек.

Мектепте ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдық қорытынды ғылыми-практикалық конференцияларын өткізуге болады. Конференцияға ''Балаларды еңбекке тәрбиелеу'', ''Жақсылыққа апарар ең төте жол - имандылық '' және т.б. тақырыптар таңдап алынып, мектепте ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады.

7. Сыныптардағы кездесулер. Оқушылар ата-аналарына қалай оқып, қалай жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді. Бастауыш сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата-аналарға тарту етеді;

''үздік суреттер'', ''үздік қолөнер шебері'', ''Фото-мерген'', ''өнертапқыштар мен конструкторлар'' және т.б. көрмелерге қатысу;

Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетінің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру;

Мәжіліс залында көркем фильмдер көруді ұйымдастыру. Ата-аналарға арналған ''Менің атым Қожа'', ''Алты жасар Алпамыс'', ''Көксерек'' және т.б. фильмдерді ұсынуға болады.

Мерекені ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы мүмкін, ең бастысы оларды ұйымдастырғанда ата-аналардың назарын мектепке, тәрбие жұмыстарына аудару болуы керек.

Дербес жұмыс формалары ата-аналармен жұмыс жүргізуде маңызды рөл атқарады.

1.Педагогикалық консультация - дербес жұмыстың кең тараған формасы. өкінішке орай балалары сыныптан-сыныпқа көшкен сайын ата-аналардың белсендігі төмендей береді. Консультацияның негізі - ата-аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық - психологиялық тұрғыдан алып қарағанда консультация ата-ананың бастамасына мұғалімнің қалауы, отбасына көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сұрақтарға нақты ақыл - кеңес беру сипатында болуы тиіс.

2.Оқушының жанұясына барып тұру.
Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады. Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.

Ата-аналармектепмұғалімдеріменкездесіпотырупайдалығанаемес, қажет те. Олкездесулермектеп пен жанұяарасындатығызбайланысорнатуға, оқушылардыңоқуы мен тәртібіндекемшіліктердіболдырмауыүшін дер кезіндешара қолдануғамүмкіндікбереді.

3.Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады.
Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады.
Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесіжөніндеоларқандайәдебиеттероқитынынбіліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуғаоқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібітуралы қысқаша жазып отырады.

Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып. жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің құндылығы арта түседі.

М. Жұмабаев «Жас бала- жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ » деп түйін жасайды. Халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отан сүйгіштік пен ұлттық намыс, жігерлікке, халқын сүюге тәрбиелеу-ең басты мәселелердің бірі.

Қорытындылай келе, Еліміздің 50 елдің қатарына қосылу үшін білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру ата-ана мен мұғалімнің қолында дей келе, Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен қорытындылаймын.

Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек.

Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек.



© 2010-2022