Күз - береке воспитательный час

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күз - береке воспитательный час

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп







(3 «А» сыныбында өткен тәрбие сағаты)

Өткізген: Нұғыманова Ж.С







Петропавл қаласы 2014 жыл

Тәрбие сағатының мақсаттары:

1.Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау.

2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.

3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Күз - береке воспитательный час

Асылжан:Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!

Бармысыздар жанкүйер, әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайысыста көңілменен қол соғайық.

Мөлдір:Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып,ән салады

Қошеметтеп, қол соғып отырайық

Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.

Асылжан:Құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі «Күз - береке » сайысына қош келдіңіздер!

Мөлдір:Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз,

Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.

Жан мен тән сұлулығын тепе-тең ғып,

Бар елді өзімізге қаратамыз.

Асылжан: Ал енді бүгінгі «Күз-береке» мерекесіне қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық!

Күз - береке воспитательный час

Мөлдір:Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

(таныстыру)

Асылжан: Құрметті қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып,сайысымыздың бірінші бөлімін таныстыру кезегіне берейік.

(Сайыскерлер өздерін таныстырады)

Мөлдір: Сайысымыздың 2 бөлімі- «Жұмбақты жапырақтар»

(Жапырақтардың артында жұмбақтар жазылған)

( Фаризаның орындауында би)

Мөлдір: Картоптың қандай дәмді де пайдалы екенін барлығы біледі.Қатысушыларға картопты өнімді жинауды ұсынамыз.Ойынның аты «Картопты жинап ал».

(Сайыскерлердің көздері байланады, қолдарына шелек беріледі, қай жұп көп картоп жинаса сол жеңеді)

Күз - береке воспитательный час

Асылжан: Сайыскерлеріміз шаршаған шығар, дем алсын. Ал сіздер Даринаның орындауында ән тамашалаңыздар.

(Даринаның әні )

Мөлдір: Жүзіктің өзінен де - көзі қымбат.

Ақынның сыйлығынан - сөзі қымбат -

дегендей сайысымыздың 4 бөлімі - «Поэзия минуты». Әр жұп дайындаған өлеңдерін оқиды.

(Өлеңдер оқылады)

Асылжан: Жарнама. Күзгі киім үлгілері.

( Балалар күзгі киім үлгілерін көрсетеді)

Күз - береке воспитательный час

Мөлдір: Әрбір ақын -жазушы өзінің өлеңдерінде, шығармаларында күзгі мезгілді суреттеген.Ендеше біздің сайыскерлеріміз де күз мезгілін қағазға түсіреді. Келесі бөліміміз «Қылқалам шебері» деп аталады.

1 жұп-Күз мезгілі, алтын күз салады.

2 жұп-Күз мезгілі, қатты желді салады.

3 жұп-Күз мезгілі, құстардың ұшып бара жатқанын салады.

4 жұп- Күз мезгілі, бақшаны салады.

-Олар сурет салғанша біздің сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.

(Флешмоп биі)

Күз - береке воспитательный час

Асылжан: Татсақ тағамның дәмі қандай

Барша жұрт көзбене қызыққандай.

Күзгі тағам дайындап әзірлеуде,

Қанеки? Қайсымыз жылдамбыз -ай?

(Әр жұп өздерінің дайындаған тағамдары туралы айтады)

Күз - береке воспитательный час

Мөлдір: Ортаға күзде туған оқушыларды шақырамыз.

(Мұғалім оларды құттықтап, от шашуын шашады)

Мөлдір: Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,

Өмір -күрес, жеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын.

Сайысымыздың қорытындысын шығаратын әділқазыларға сөз берейік.

(Әділқазылар қорытындылайды) Күз - береке воспитательный час

Асылжан: « Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Көрермендер көбейсін күннен - күнге

Келе берсін қонақтар ғарыштан да

  • деп «Күз-береке» сайысын аяқтаймыз.



© 2010-2022