Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

«Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған...» атты әдеби- сазды кештің сценарийі

1 жүргізуші:

Қайырлы күн, туған Елім!

Атамекен, Туған Жерім!

2 жүргізуші:

Қайрлы күн, құрметті ұстаздар қауымы мен студенттер!

1 жүргізуші:

1991 жыл. 16 желтоқсан. Біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Бұл күн- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн!

2 жүргізуші:

Қазақ халқының мақтанышы, қуанышы мен қасиетіне айналған күн- Тәуелсіздік күніне арналған «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған...» атты салтанатты жиынды ашуға рұқсат етіңіздер!

1 жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін! Әнұран орындалады

2 жүргізуші:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан

Тарихы оның тым әріден басталған

Бодандықтан құтқарам деп Елімді

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жылдар бойы бостандықтан шөлдеген

Халқым менің не қасірет көрмеген.

1 жүргізуші:

Өкінішті арман, арман, арман- ай,

Қаншама таяқ жеді аңдамай.

Ұрпағың ертеңгі үшін мертікке

Бабаларды ұмытармын мен қалай?!

Демограф- ғалымдардың айтуынша, 1921- 1922 жылдардағы аштық 2 миллион 250 мың адамды қармағына іліктірсе, 1931-1933 жылдардағы «қызыл қырғын» 2 миллион 200 мың адамның тағдырын біржолата қиды.

2 жүргізуші:

Қазақ елі үшін кеңес дәуірінен тасқа қашап жазар бір өлең қалса, ол- қазақтардың қырылғанын өз көзімен көріп, көз жасымен жазған Татьяна Невскаяның «Қазақстан таргедиясы» деп аталатын азалы жыры болар.

(Ашаршылық кезеңінен көрініс, «Заман- ай» әні орындалады)

1 оқушы:

Сұмдық сурет есте мәңгі сақталар,

Айныдық па адамшылық салтынан?

Ашыққандар шөп- шалаңды ақтарар,

Табам ба деп, табам ба деп жарты дән?

Кім жіберді аштық деген пәлені,

Кім жауапты? Білгім келер соны мен.

Түйе мініп, атын шапқан жан еді,

Малын айдап, көшіп жүрген жөнімен.

Бүгін қоймай сыпырды ғой қастықпен,

Болады екен осындай да сұм айла.

Бүкіл жұртты қырып жою аштықпен

Керек пе еді аллаға әлде құдайға?!

Малсыз қазақ, - жансыз қазақ қайрансыз,

Аш, жалаңаш көрдік мүлдем қатқанын.

Білмейді олар Мәскеу жақта қай колхоз

Егін егіп, астық жинап жатқанын.

Аштық жайлы еске алудың өзі мұң,

Шаншу - сұрақ мазалайды «неліктен?»

«Желсіз түнде жарық ай» әуені ойналады.

1 жүргізуші:

Бұдан соң халқымыздың басына түскен қасіретті кезең- сталиндік репрессия жылдары еді. Халқымыздың қаймағы болған асыл ағаларымыздың кінәсі- өз елінің қамын ойлағаны, тәуелсіздігін аңсағаны еді.

2 жүргізуші:

Қазақстанда 101 мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды.

2 оқушы:

«Азғындаса діліміз бен дініміз

Жоғалса егер туған ана тіліміз

Қазағымның болашағы болмайды

Сөнген онда аспандағы күніміз»,-

Деп Алаштың арыстары аһ ұрды,

Қазақ елін ынтымаққа шақырды.

Империя көсемдері қанішер

Арыстардың қанын судай сапырды.

Азаттыққа жетсе екен деп қазағым

Тартты олар сұм тағдырдың азабын.

Армандады ерікті ел болсақ деп

Көрмейтұғын өзге елдің мазағын.

Жайлап жатқан дархан қазақ елдің даласын,

Бодандықтан босаса деп Алашым

Құрбан болды Азаттық пен Теңдікке,

Жеткізем деп бүкіл қазақ даласын.

Алашқа арнап мақсаты мен арманын,

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын

Өтті өмірден Ахмет пен Алихан

Теңдік үшін төгіп қасық қандарын.

Жүсіпбек пен Мағжан сынды жалынды,

Ақындар жау боп елге танылды

Ең ақыры арыстанның аттарын

Атауға да қатаң тиым салынды.

Империя қазағымды бұқтырды

Алаш сөзін апиын деп ұқтырды

Мен сияқты кейінгі жас ұрпақтың

Алаш десе, төбе шашы тік тұрды.

3 оқушы:

«Оян, қазақ!» М.Дулатов.

«Священная война» әні орындалады.

1 жүргізуші:

1941 жылы 22 маусымда екінші дүниежүзілік соғыс басталды да, сол кездегі КСРО территориясына жау кіргенде халқымыздың ұлдары мен қыздары басқа халықтармен бірге «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, майданға аттанды:

- жауға атылған 10 оқтың 9- ы Қазақстанда жасалды;

- 98 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

«Әлия» әні.

4 оқушы:

Әбу Сәрсенбаев. «Сен құрметте оны, қарағым!»

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?!

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кешегі елге қатер төнгенде

Ол жауға қарсы шапты,

Бізді жалмамақ болған ажалды

өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты,

өлім соққысын өз үстіне алды.

Денесін оқ пәршелесе де,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?!

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолда аяғын!

2 жүргізуші:

Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар- намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға. Алаңға 3000 мыңнан аса жастар жиналған. Жастарды басып- жаншуға 3200 милиция мен әскер жасақтары, 11 өрт сөндіруші машина, 15 БТР қатыстырылды.

«Желтоқсан желі» әні орындалып тұрады.

1 жүргізуші:

1986 жыл. Желтоқсан. Алматы. Осынау сөзді естігенде жүрегі дір етпейтін, әй жан жоқ шығар- ау. Көз алдымызға елестетіп көрейікші. Аяз ары- бері сеңдей соғылысқан қазақстың өзіміздей жігіттері мен қыздары, қару- жарақпен мұздай қаруланған өңі суық, түсі жат жендеттер. Жастарға қарай суық суды екпінмен шашқан өрт сөндіргіш машиналар. Әшейінде өһзіміз әнге қосатын бой- жеткендерді қос бұрыммен қолдарына орай ұстап аппақ қар үстінде қинап жатқан қанішерлер. Қарындастарына ара түспек болған бозбаланы соққыға жыққан қатыгездер.

(Желтоқсан оқиғасынан көрініс)

5 оқушы:

Желтоқсан алаңы.

М.Шаханов

Сәл аялдап тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көкпен бел

Бұл жер қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп тепкен жер

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк

Жас бүлдіршін сезіміңді жанар етіп қарап өт

Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет

Қара беттің көбі бүгін дара тұлға дара бет

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен

Қас тұлпары, нары жоқ

Ал біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

Кемсітпекші, «Желтоқсанның жалаң аяқтары» деп

Жоқ! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз болады

Сол заңға сай

Сені бақыт, не сор іздеп табады

... Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас

Оны да еске салады

Желтоқсанның бас алаңы

Қайсар рух алаңы.

2 жүргізуші:

Қаршадай қарындастарын қанжоса талаған қорлықты көрген қазақ жігіті тек сол Қайраттай қайрат көрсетер. Ата- баба дәстүрі, ұлт дәстүрі- сол!

Қайрат- батыр, намыс ұлы ғана емес, ол уыз сезімі! Осы қорлықты Тәуелсіздіктің ұлы рухы ғана тыйды. Тәуелсіздік сол үшін де ұлттық бақыт!

6 оқушы:

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.

Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның

«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталды ұланым.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!

1 жүргізуші:

Сондықтан да біздей жастар

Батыр елдің ұрпағымын деп

Тағзым етіп басын иеді.

16- желтоқсан қай кезеңде болса да

Қазақ үшін киелі!

2 жүргізуші:

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта бұрын өңіміз түгілі түсімізде енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерді атап өтейікші:

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;

1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;

1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды;

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды;

1992 жылы 8 мамырда Республика Ұланы құрылды;

1992 жылы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды;

1993 жылы 15 қарашада - Ұлттық валюта енгізілді;

1995 жылы 30 тамызда Конституция қабылданды;

1998 жылы 6 мамырда Астана қаласы Респулика астанасы болды.

1999 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшірліді.

2005 жылы 4 желтоқсанда Президентіміз қайта сайланды;

2006 жылы 1 наурызда Бәсекеге қабілетті 50 елге кіру стратегиясы

7 оқушы:

Қазақ -елі мәртебелі, өр кеуде.

Тәуелсіздік келді менің еліме,

Бақыт жайлап, шаттық енді жеріме,

Тәуелсіздік жырын шырқа ұланым

Бейбітшілік көк байрағым желбіре.

Қайта келді елімізге тіліміз,

Қайта оралды халқымызға дініміз.

Тәуелсіздік туын шыңға көтеріп,

Қуаныштан тойлап жатыр еліміз.

8 оқушы:

Бақ құсы кеп қонды қазақ басына,

Өрге жылжып төмен жатқан тасы да.

Барлық елмен достық құрып қуанып,

Азайған-ды дұшпаны да, қасы да.

Бостандықты алмасақ жан қинамай,

Келешегі халқымның болмақ қандай.

Деп ойлап жете алмай арманына

Еркіндікті аңсап кетті боздақ талай.

Бабам көрген бодандықтың талауын,

Мен қалайша жырға қоспай қаламын?!

9 оқушы:

Тілі, жері, ұрпағы үшін жан беріп,

Сыбаға боп бізге қалды бар бағы.

Билік ұстап еркіндіктің жалауын,

Қайта жақтың мәңгіліктің алауын.

өр бабасы ар - намыстан жаралған,

біз бақытты ұрпақ елміз, ағайын!

Қиындықты қара нардай көтерген,

Бабалардың аруақтары қолдай көр.

Анамыздың көз жасына шомылған,

«Еркіндігім» қыран құстай самғай бер!

Ән. «Туған жер».

10 оқушы:

«Мен қазақпын» Т.Молдағалиев

Е.Хасанғалиевтің әні «Атамекен».

1 жүргізуші:

Құрметті оқытушылар мен студенттер, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын! (Барлығы орындарынан тұрады). Әнұран орындалады.

2 жүргізуші:

Тыңдағандарыңызға рахмет, қош сау болыңыздар!

Дайындағандар: Семей көп салалы колледжінің

оқытушылары А.К.Уразбаева, А.А.Казангапова



© 2010-2022