Жаңа Жыл кешінің сценариі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Студенттер парламенті хандығыдағы

жаңа жылдық кештің сценариі

Музыка. Фанфары.

Уәзір: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Семей көп салалы колледжінің Студенттер парламенті хандығы Жаңа жылдық кешін бастайды!

Фея: Бұл кеште әр мамандық өкілдерінен келген ең әдемі, ең әсем, ең сұлу аруларды сынауға сахна төріне шақырамыз!

Перизат:

Қайырлы кеш құрметті көрермендер!

Ағытайық жыр менен өнер егін

Осынау шуақ сыйлар мерекеде

Жасайық таңғажайып сыр өрнегін.

Алуа:

Бұл кешке жиналған аруларым

Білеміз осы өмірде жыр-ән барын

Ендеше сұлуларым бақ сынасын

Қанекей, Жаңа жалдық кеш басталсын!

Ханша:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

колледжімнің сұлулары жиналыпты

Бүгінгі кеште ханзадаға жар болуға

Аруларым, аянбай -ақ жан салыпты.

Хан:

Еске түсіп балалаықтың бал күні

От жалын боп жанарымды шарпыды

Көрейікші, қанекей жиналған жұрт

Қалай екен жаңа жылдық қарқыны

Жарық сөндіріледі. Саханадағылар екіге бөлініп шығып кетеді.

Сахнаға Күнекей қыз кіреді. Свет Күнекей қызға түсу керек.

Ән «Ертегілер» орындайтын Дидар және бишілер тобы.

Фея: Күнекей қыз, ханның Жаңа жылдық кеші жайлы естімеппе едің?

Күнекей қыз: Естідім, бірақ амал не..... (шарашап орындыққа отырады)

Фея: Тоқтай тұр, мен қол ұшымды берейін, бағыңды сынап көрсеңші.

Күнекей қыз: Мен ханзаданың жары болуға лайықты емеспін, тіпті кешке киіп барар әдемі көйлегімде жоқ және өгей шешем тастап кеткен жұмыстарды бітіруім керек.

Фея: Ендеше маған сен...

Тәтті арманым қияда қалықтаған

Болашағын әркімнің анықтаған

Бәрінің де айтар алғысы шексіз

Көмекке мен келуден жалықпаған.

(Сахнадан Күнекей қызды алып кетеді)

Балауса:

Шәкірттер бар ән -жырдан сусындаған

Жүректерде жылы лебіз жалындаған

Құттықьауға енді кезек берейік

Ақ көңілден жыр арнар, асыл арман.

Диляра:

Әлия Қабылғазықызы десең сөз орнына

Келеді көп салалы колледжі көз алдыңа

Талай жылдар еңбек еткен жалықпай

Халықтың алғыс толы назарына дей келе келген қонақтарды, колледж оқушылары мен оқытушыларды құттықтау үшін колледж директоры Әли Қабылғазықызын ортаға шақырамыз.

(директордың сөзі)

Бақытгүл:

Қысылғанда соларға арқа сүйеміз

Оларсыз көңіл құлазиды, жүдейміз,

Колледжімнің ұстаздар қауымына

Жаңа Жылда шексіз бақыт тілейміз!

Фея Күнекей қызды сахнаға әкеледі.

Фея:Сиқырдың күші 12-ге дейін...

Вальс. Барлық кешке келген қонақтар вальс билейді.

Сағат соғатын әуен ойнайды

Күнекей қыз саханадан қашып кетеді. Сол кезде туфлиі қалып қояды.

Ханзада:

Сұлу қыз, сұлу қыз қайда?

Табыңдар!-деп құлап түседі. ( осы кезде сахнаға дәрігер келеді)

Дәрігер: Сұлу қызды бір күн ішінде таппасаңдар ұлдарыңыздан айырыласыздар! Тездетіңіздер!!!

Хан: Барыс сен менің ұлымның ең сенімді серігісің, ендеше бізге көмектес, жаңағы сұлу қызды бір күн ішінде тауып әкел, тездет!

Барыс сахнадан кетеді.

Жарық сөндіріледі. Күнекей қыз еден сыпырып жүреді.

Барыс:

Амансыздар ма? Мен сізге бір өтінішпен келдім. Жаңа жалдық кештегі сұлу қызға ғашық болған ханзаданың хәлі мүшкіл, сол қыз осы үйде деп естідім. Ендеше қолымдағы туфлиді өлшеп көреуге рұқсат беріңіз.

(Аяқ киім дәл болады.)

Барыс: Мен іздеген қыз осы. Қызды алып кетейін.

Өгей шешесі:

Ендеше тыңда! Мен саған бірнеше шарт қоямын, егер соларды орындасаң, қыз сенікі.

Барыс: Ол қандай шарт?

Өгей шеше:

Бірінші мен ішек-сілегім қатқанша күлгім келеді.

Екінші сазды әуен тыңдағым келеді.

Үшінші Би билегім келеді.

Барыс: Жарайды, келістік. (Ойланып, сиырды көмекке шақырады)

Көмекке кімді шақырсам болады? А-а-а ескі жылды шақырайын, осы хандықта ең өнерлі балаларды білетін болар...

Сиыр:

Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қочылайық ән мен жырға

Көмекке келер жылға аттанайын

Қуанышы көп шығар жаңа жылға.

Барыс менің қандай көмегім қажет?

Барыс: Күнекей қызды алу үшін мына ханымның үш шартын орындауым керек. Сенің көмегің керек болып тұр. Өткен жылда колледжде қандай өнерлі студенттер бар?

Сиыр: Айтқаның болсын. Бұл хандықта өнерлі де талапты студенттер жетерлік. Солардың жартысы мінеки.

КВН. Орындайтын №1 топ, ЕТЖ 31 топ оқушылары

Диляра:

Бұлбұл құстай сайраған

Жанары оттай жайнаған

Айтқан сөзден таймаған

Әнші Сая ортада

Қошемет қылшы қайтадан.

Ән: Жаңа жыл орындайтын Сая және бишілер тобы.

Би «Қара жорға» орындайтындар Арай мен Алхабек (БС 41, ДШ 21 топ оқушылары)

Ән «Алатау» орындайтын Мақұлбаев Саят (ДШ 21 топ)

Би. Орындайтындар БС 31 топ студенттері

Құттықтау сөз (ПД 32, ПД22 топ студенттері)

Барлық көрініске қатысушылар сахнаға шығады.

Фея:

Жыл соңынан жыл келеді жаңарып,

Кірді міне барыс жылы жаңалық

Ұқсап сағат тіліне

Жыл келеді кезекпен

Барыс келді ортаға сұсты, сұлу келбетпен

Отаның мен отбасың аман болсын ағайын

Құтты болсын 2010 құтты болсын қадамың!

Жаңа жылдың би кеші 2 қабатта жалғасады.

Сахна жабылады

© 2010-2022