Доклад на тему: Бала құқығы

Тақырыбы: Бала құқығыМақсаты: Оқушыларды құқықтық саналыққа тәрбиелеу. Құқықты білуге, құрметтеуге, орындауға дағдыландыру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Партия отырысында сөйлеген сөзіне тоқтала отырып, бала құқығы туралы білімдерін кеңейту.Көрнектілігі:Қазақстан Республикасының КонституциясыӘділ заң-аспан тірегі (Ж.Баласағұн)Әділдіктің-ешкімге зиян тигізбеу және қоғамға пайда келтіру сияқты екі қайнар көзі бар (Цицерон)Заң жоқ жерде, бостандық та жоқ (Джон Лок)Өтілу әді...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бала құқығы

Мақсаты: Оқушыларды құқықтық саналыққа тәрбиелеу. Құқықты білуге, құрметтеуге, орындауға дағдыландыру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Партия отырысында сөйлеген сөзіне тоқтала отырып, бала құқығы туралы білімдерін кеңейту.

Көрнектілігі:Қазақстан Республикасының Конституциясы

Әділ заң-аспан тірегі (Ж.Баласағұн)

Әділдіктің-ешкімге зиян тигізбеу және қоғамға пайда келтіру сияқты екі қайнар көзі бар (Цицерон)

Заң жоқ жерде, бостандық та жоқ (Джон Лок)

Өтілу әдісі: Әңгімелесу сайыс, пікірлесу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, құқық негіздері

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев "Нұр Отан"партиясының XIII отырысында өз сөзінде балаларға және жас қазақстандықтарға арнап былай деді:

−Сіздердің көпшілігіңіз Тәуелсіздік жылдарында өсіп келесіздер. Тәуелсіздікпен жасты балалар 2020 жылы 30 жасқа толады. Сіздер тәуелсіздікке дейінгі өмірді білмейсіздер, бірақ тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін түсінулеріңіз, ұмытпауларыңыз керек. Сіздер үлкен өмірге қадам бастыңыздар. Отан алдындағы, ата-аналарының алдындағы міндеттеріңізді

білулеріңіз керек.

Мен сіздерді қалыптасқан тұлға ретінде, кәсіпқой маман ретінде, шынайы патриот ретінде көргім келеді. Тұлға болу деген-жауапкершілігі мол адам. Ағыспен жүре бермей, белсеңді болу керек.

Президенттің пікірінше, кәсіпқой маман болу деген өзің қалаған іспен айналысу, соны таңдай білу. Мамандық - табысты өмірдің негізі.

Патриот болу деген-өз Отанын шынайы сүю. Өзіне, өз еліне сену, қоғамға қызмет ету. Тарихты, өз тілін, өз тегін білмей, нағыз патриот болу мүмкін емес.

Баланы тәрбиелеу-сіздің ерекше азаматтық міңдетіңіз. "Баланың бас ұстазы-ата-ана" деп халқымыз бекер айтпаған. Мемлекет ана мен балаға көптеген қамқорлықтар жасауда. Ол біздің болашаққа салған ең сенімді, ең негізгі инвестицияларымыз,-деді. Елбасы ата-аналарға қаратып айтқан сөзінде:

"Болашақ қазақстандықты" тәрбиелеу-мемлекеттің жастар саясатының мақсаты және сонымен бірге ата-ананың қамқорлығы. Ол адамзаттың ұстанымы берік, әлеуметтік белсенді, жоғарғы білімді, үш тілді меңгерген маман болуы керек. Жаңа буын өзгерістерден қорықпай, керсінше, өз жобаларын ұсынуы керек.Соған орай, партия жастар арасында жұмыс жасауы керек. "Жас ұлан" тұтас қозғалысын құрып, ел жастарын біріктіруі керек.

Қазақстан тек қазба байлықтарымен ғана емес, мәдениетімен мақтануы тиіс делінген.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ҚР-ның 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы мен таныстырып, қысқаша түсінік беру. Оқушылардың өздері білетін заң баптарын айтқызу. 1989жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Асамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция туралы қысқаша түсінік берілді.

Адам құқығы - аса маңызды демократиялық құндылық ол өз бойына әдетте жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды. Адам құқығы халықаралық заң нормалары ретінде 1948 жылы БҰҰ қабылданған: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Деклорациясында тұжырымдалды және 1966 жылы Азматтық және саяси құқық туралы халықаралық Бәтуа және Экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқық туралы халықаралық Бәтуа бойынша кеңейтеді.

Сұрақ - әрбір адам өзінің құқығын неге білуі керек? Ол қандай мүмкіндік береді?

−Бала құқығы бұзылуына байланысты қандай мысалдар келтірер едің?

−Сендер құқықтарын бұзылған жағдайда бастан кешірдіңдер ме?

−Сендер өз құқықтарынды қорғай аласыңдар ма?

Мұғалім: Біз өркениетті қоғамда өмір сүреміз. Әр елде құқықтық өз ерекшелігі бар. Бірақ кейбір құқық барлық елдерде бірдей болуы тиіс. Яғни, ең негізгі құқықтың бірі-өмір сүру құқығы. (Адамға қажетті тағы қандай құқықтар бар?)

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласына мағлұмат алғаны дұрыс. Еліміз демократиялы құқықтық өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға бетбұрыс жасағалы адамдардың заңға деген көзқарастар өзгеріп, заң біліміне ынтасы арта түсті.

Мұхамед Пайғамбарымыздың(с.а.у.) 385-хадисінде "Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін жаза қолдану шөлдеп тұрғанда жауған жаңбырдай қайырлы. Қылмыс істеген күнәлі адамға шариғат заңының көрсетуі бойынша шара колдану яки, тәртіпке шақыру-әділет жолымен мемлекеттік құрылысты сақтаудың бірден-бір жолы. Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса, ол күйрейді. Қоғамның барлық ісін өркендету үшін шынайы әділеттік болуы керек».

Жоғарыда айтылған өсиеттер еліміздің Конституциясында толық қамтылған.

Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы хv ғ орта шенінде қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тәртіп (заң) қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. «Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрады.

Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскер тәртібін бұзушыларға қолданатын жазаны қатайтты. Бұл жоңғарлардың шапқыншылық әрекеттерінен қорғану қажеттілігінен туындаған еді. Қалған мәселелерді Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.

Қазақтың құқық жүйесіне келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680-1715) болды. Ол « Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын аласады. «Жеті жарғыда» бірсыпыра жаңа, прогресті құқықтық ережелер бар.

Дауды шешетін билерді дауласушы жақтар қазақтың жол-жорасын жетік білетін, халық арасында абыройлы адамдардан өздері калап алатын. Қазақ халқында өздерінің әділдігімен, тапқырлығымен атағы шыққан билер аз болмады. Сот хаттамасы қағаз жүзінде жүргізілмеді. Дауласушылар бір бидің төрегінен келіспегенде, екінші биге барып жүгінуіне ерікті болды.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көре аламыз.

Құқыққа байланысты сұрақтар:

«Кім жылдам?» (топқа)

1.Қ.Р Конституциясы кай жылы және калай қабылданды?

(1995 жылы 30 тамыз Бүкілхалықтық Референдум)

2.Азаматтықты куәландыратын құжат?

(куәлік, төлқұжат)

3.заң дегеніміз не?

(ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат)

4. Қ.Р құқық қорғау органдарының аты?

(прокуратура, Ішкі Істер Органы, ұлттық қауіпсіздік органы)

5.Құқық дегеніміз не?

(белгілі бір мемлекетке қабылданатын және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың жүйесі)

6.Мемлекеттік негізгі нышандары?

(Ту, Елтаңба, Әнұран)

7.»Қылмыс» деген сөздің анықтамасын айтыңыз?

(заң жүзінде танылған, қоғамға кауіпті іс-әрекет)

8. Қ.Р. Конституциясына анықтама бер?

(Қ.Р. Демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі нормативтік актісі)

9.Жас өспірімдер қылмыстық жауапқа қанша жастан бастап тартылады?

( 16 жастан, өте ауыр қылмыс істеген жағдайда 14 жастан)

10.Әрбір азаматтық Отан алдындағы қасиетті борышы не?

( Отан қорғау, әскери борышты өтеу)

11. Егер адам 16 жасқа толмаса, оның азаматтығы немен расталады?

(Туу туралы куәлік,ата-анасының төлқұжаты)

12. киднэпинг,бипатрид деген сөздердің мағынасы?

( кісі ұрлау, балаларды ұрлау қылмысы),( қос азаматтығы бар адам)

Жорға (топ басшысы және 2 адам)

1 топ

1.»Жеті жарғы» атты заңдар жинағы қай ханның тұсында болды? - Тәуке хан

2.Республиканың ең жоғарғы өкілді органы? - Парламент

3.»Адвокат» сөзінің казақшасы? - Қорғаушы

4.Мына мақалды аяқта? - Ұрлық түбі .....

5. Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? - Заң

6. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар деген сөз кай баптан алынған? - 15-бап

9. парламент қанша және қандай палатадан тұрады? - 2 сенат және мәжіліс

10.Конституцияның қай бабында мемлекеттік рәміздерді қастерлеу керек екені айтылған? - 34-бап
11.Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне тіл тигізу масқаралау не деп айтады? - Қорлау

2 топ

1.Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? - Билер

2.Әбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? - Сот

3. «указ» сөзінің қазақшасы? - Жарлық

4.Мақалды аяқта

Ұры байылмайды, ........ ( Сұқ семірмейді)

5. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты? - 1998

6. Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? - Тонау

7. Әркімнің ар-ождан бостандығы құқы бар деген сөздер Конституцияның кай бабы? - 22 бап

8. Конституция қанша бөлімнен тұрады? - 9

9.Консти-ң қай бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқы бар делінген? - 13-бап

10.Жасалған қылмысы үшін қылмыскердің жазаға тартылуы не деп аталады?

Жазалау

11.заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады?

Қылмыс

Сабақ эпиграфын талдау. Оқушылардың сабақ туралы пікірлері. Сабақты корыта келе, жеке адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын атап бер? ( өмір сүру, ождан мен қадір-қасиетті сақтау, ар-ұят бостандықтары, қажетті қорғаныс құқығы және т.б)


© 2010-2022