Урок на тему Абай Қунанбаев

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып : 5«Г»

Пән : қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Біздің қала.Ілік және барыс септіктері

Мақсаты:

Білімділік:Астана туралы мағлұмат беру,ілік және барыс септіктерін меңгерту.

Дамытушылық:сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Отанды сүюге, құрметтеуге баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап,түсіндіру,жеке жұмыс түрлері.

Көрнекіліктер: Астана туралы слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесіп, сыныпты реттеу.

ІІ.Үй тапсырмасына даярлығын тексеру

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

а)Сұрақ-жауап

ә)кім? не? ұяшығына берілген мысалдарды топтастыру

б)3-тапсырманы тексеру

в)сұрақтар арқылы үй тапсырмасын қорытындылау

ІҮ.Жаңа сабақты өтуге даярлық

Оқушылар Астана, Алматы қалалары туралы өлең жолдарын және жинап келген мәліметтерін оқиды.

Ү.Жаңа сабақ

Сабақтың ұраны Астана болып атандың,

Атыңа сай бол ендеше.

Көркіңді көрген жаһанның,

Айызы қансын сен десе.

Міндет тұр биік алдыңда

Ұмытпас, есте сақталар.

Әр халық дәстүр-салтында,

Астанасымен мақтанар.

Ай-күнді жаздырып, тақырыбын қоямыз.

Ой шақыру стратегиясы бойынша оқушыларға слайд арқылы Астананың көрікті жерлерін көрсету.

Грамматикалық тақырып

Ілік септігінің сұрақтары:

кімнің? ненің?

Жалғаулары:-ның,-нің,-дың, -дің,-тың,-тің

Мысалы:оқушының (кімнің?)

қаланың (ненің?)

Барыс септігінің сұрақтары:

кімге? неге?, қайда?

Жалғаулары : -ға, ге,-қа, -ке, -а, -е, -на,-не.

Мысалы: Астанаға сөзі қайда? деген сұраққа жауап береді.

Кітаппен жұмыс:

1-тапсырма.Мәтінмен танысып, Астана қаласының тарихын біліп алыңдар.

Астана қаласы-Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы. Ол Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қала бұрын Ақмола, Целиноград деп аталған.1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы

6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласы күннен-күнге құлпырып келеді.

2-тапсырма. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер.

Мынау қай қала? Алматы

Мынау кімнің атындағы көше? Ахмет Байтұрсынұлы

Мынау ескерткіш кімдікі? Жамбыл

Мынау үй кімдікі? досым

Мынау қай жер? Қазақстан Республикасы

Мынау қандай қаланың байлығы? Қарағанды

3-тапсырма.Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап, көшіріп жазыңдар.

Үлгі: жұмысқа,-қайда?

Тақтаға оқушылар шығып тапсырманы орындап, фонетикалық талдаулар жасайды.

ҮІ.Сабақты түсінгенін тексеру

4-тапсырма.Көп нүктенің орнына барыс септігінің жалғауын қойып, сөйлемдер құраңдар.

1.Абай көшесі...

2. «Самал» ықшамауданы...

3.Теміртау қаласы...

4.Шымкент облысы...

Сергіту сәті: Қаланың суретін дұрыс құрастыру

ҮІІ.Сабақты бекіту

«Кубизм» әдісі арқылы бекіту

Ілік септігінің сұрақтарын ата

Дүкен сөзіне дыбыстық талдау жаса

Кімге? неге? қай септіктің сұрағы?

Астана қаласының бұрынғы атаулары

Астана қай жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды?

Ақмола атауы қай жылы Астана болып өзгертілді?

ҮІІІ.Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып,әңгімелеңдер.



© 2010-2022