Тәрбие сағаты Елін сүйген Елбасы

Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.                                                                       Мақсаты:                                                                                           1.Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, қызметі туралы әңгімелеп, түсінік беру.                                                                                                         2.Елбасымыздың өнегелі өмірі туралы ұғым қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілетін дамыту.                              ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.

Мақсаты: 1.Н.Ә.Назарбаевтың өмірі, қызметі туралы әңгімелеп, түсінік беру.

2.Елбасымыздың өнегелі өмірі туралы ұғым қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілетін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілік, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Түрі: сынып сағаты.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: кітап, суреттер, слайд, деректер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру. -оқушыларды сынып сағатына дайындау. -Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады. -кіріспе сөз. Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев ҚР-сының тұңғыш президенті. Ол елін, жерін бүкіл әлемге танытты. Бойындағы білімін, күш-жігерін, қайратын еліне жұмсады.

ІІ. Елі қолдаған - Елбасы.

1-оқушы. Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол мектепте ең үздік оқушылардың бірі болған. Әдеби кітапты көп оқыған.

2-оқушы. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанынағы жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы атанды.

3-оқушы. Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Мен қойшылардың ұлымын, немересімін, шөбересімін. Демек, мен ақсүйектер әулетінен емеспін.» Нұрсұлтан қарапайым халықты жақсы көрді.

4-оқушы. Теміртауға оралғаннан кейін Н.Ә.Назарбаевтың жалынды кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде алғашқы данна пеші іске қосылды. Бұл шараға Н.Ә.Назарбаев та қатысты.

5-оқушы. Жұмыс өте ауыр еді. Бірақ, барлық қиындыққа шыдады. Нұрсұлтан жұмысшылардың алдыңғы қатарынан көрінді. Жұмысты дөңгелентіп әкетті.

6-оқушы. 1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтың сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

7-оқушы. 2005 жылы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

8-оқушы. Н.Ә.Назарбаев - өнегелі отбасының басшысы. Зайыбы Сара Алпысқызы екеуі өмірге Дариға, Динара, Әлия есімді қыздарды әкелді. Сара Назарбаева «Бөбек» қорының негізін салушы және президентті. Бұл қор шет ел мойындаған қайырымдылық қоры.

ІІІ. Сұраққа-жауап

Н.Ә. Назарбаев кім? Ол қай жылы дүниеге келді? Н.Ә.Назарбаев қай жылдан бастап президент болды?

ІV. Қорытынды сөз.

Міне, балалар Н.Ә. Назарбаев осындай адам. Ол Біз үшін үлкен тұлға. Н.Ә. Назарбаев елі үшін қыруар қызмет атқарды.

Елбасымыз аман болсын! Еліміз тыныш болсын!

© 2010-2022