“Ынтымақ-достық кепілі” ашық тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 мамыр "Ынтымақ- достық кепілі"

  1. жүргізуші. Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қадірменді көрермендер!

  2. жүргізуші. 1 мамыр бірлік күніне арналған "Ынтымақ- достық кепілі" тақырыбында өтілетін іс-шарамызға қош келіпсіздер!

1-жүргізуші. Алаулап гүл жарады,

Туған жер құлпырады,

Бейбітшілік болса!

2-жүргізуші. Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды,

Бейбітшілік болса!

1-жүргізуші.Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу және тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары:

Байкежанова Рымгүл Кенжебекқызына сөз беріледі.

1-жүргізуші.Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса!

2-жүргізуші.Ұлтымыз көбейеді,

Жеріміз көркейеді,

Бейбітшілік болса!

Ендеше бүгінгі өтілетін шарамызға әділ баға беретін әділқазы алқасын сайлап алайық.

1-жүргізуші.Қазақстан ең үлкені мекеннің,

Сонда туған мен бақытты екенмін.

Өз ұлдары,өз қыздары түгелі,

Құрметін көріп жүрміз бөтеннің.

2-жүргізуші.Қазақстан бар елмен достастықта,

Достықпен жауап берген қатынастыққа.

Кең пейіл,адал ниет халқымыздың,

Мінезі қалай ғана жақпас жұртқа?!-

дей отыра ендігі кезекті елеміздің түкпір түкпірінен келген бейбітшіл ұлттарға сөз береміз.


1-жүргізуші.Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,

Жүрегегімде таныстым мың тілінмен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіннен түн түрілген.

Ортаға 1 сынып "Қазақ" ұлтын шақырамыз.

2-жүргізуші.Ортаға шығып плисаттап,

"Рас кудрявый" әнін сап.

" Волга" манын мекендеп,

Келіп қапты "Орыс" халқы жетем деп.

Ортаға 2 сынып"Орыс" ұлтын шақырамыз.

1-жүргізуші.Аяқтан-мыяққа жеткен,

Аккасың бірге әкелген.

Шаштары ерекше өрілген,

Мың бұралып,би-билеп кеткен.

Ортаға 3 сынып "Өзбек" ұлтын ортаға шақырамыз.

.

2-жүргізуші. Мен жылқышы,сен чабан,

Келіп қапты қырғыз аған.

Құр-қол келмей ол бүгін,

Ала кепті өнерін жарасқан.

Ортаға 4 сынып "Қырғыз" ұлтын шақырамыз

1-жүргізуші.Дити роил деп ән салған,

Айн,свайн деп санаған.

Полка биін билеген,

Ешкімнен өздерін кем көрмеген.

Ортаға 5 сыныып "Неміс" ұлтын шақырамыз

2-жүргізуші.Сарилері желпілдеп,

Қызыл точка меңі деп.

Сыңғыр-сынғыр би- билеп,

Жетті бүгін зуби деп.

Ортаға 6 ынып "Үнді" ұлтын шақырамыз.

1-жүргізуші.Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынды бәріміз.

1-ші мамыр күні біз,

Қазақстанға барамыз.

Ортаға 7 сынып "Татар" ұлтын шақырамыз.

2-жүргізуші.Бас киімді шошайтып,

Тізеден шапан асыртып.

Лезгинка биін билеген,

Алайық Грузин ұлтын ортаға шақырып.

Ортаға 8 сынып " Грузин" ұлтын шақырамыз.

1-жүргізуші.Техникамен байыған,

Лапша ,ролтынмен тойынған.

Екі ағашты ұстап ап,

Ән,биімен танылған.

Ортаға 9 сынып "Қытай" ұлтын шақырамыз.

2-жүргізуші.Түрік-түрік түркештер,

Ән,биімен дір еткен.

Саусақтары майысып,

Билерін бүкіл елге паш еткен.

Ортаға 10 сынып "Түрік" ұлтын шақырамыз.

1-жүргізуші.Неткен байтақ қазақ жері,кең еді,

Жетпес оған еш ақынның теңеуі.

Кең пейілді,дарқандыққа жасымнан,

Баурап еді баласындай мені елі.

2-жүргізуші.Кішіпейіл,қарапайым,қазағым,

Атақ,данқың аударса әлем назарын.

Қуанышың ортақ маған,ер елім,

Сенсің байлық,сенсің бақыт-базарым.

Әрбір ұлт өзінше ерекше өнерлерін ортаға салды.Осы өнерлерін бағалаған әділқазы алқасына сөз береміз.

1-жүргізуші.Шыным осы,сырым осы,ағайын,

Жоқ тенеуді іздеп қайдан табайын.

Орыс,өзбек,қырғыз,неміс,үнді,татар,грузин,қытай,түрік

- қазақ үлкен үйі сен болсаң,

Мен-ақ кіші отауың болайын.

2-жүргізуші. 1 МАМЫР күніне арналған әнұранымызды шырқауға әрбір ұлт өкілдерін ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші.Бейбітшілік, достық, ынтымақ күні,кешегі күн,

Жарасқан бірлігі,ұштасқан тірлігі, бүгіңгі күн.

Ұлттарым аман бол,сау бол, бұл күні,

Жұлдызын жарқырап,гүлдерін жайнатын,ертеңгі күн.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!



1 мамыр

"Ынтымақ- достық кепілі"

“Ынтымақ- достық кепілі” ашық тәрбие сағаты“Ынтымақ- достық кепілі” ашық тәрбие сағаты“Ынтымақ- достық кепілі” ашық тәрбие сағаты



© 2010-2022