Внеклассное мероприятие в начальных классах Қонақжайлылық

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: білімділік-қонақжай адамға тән жақсы қасиеттерді білуге үйрету;

Дамытушылық-ойын арқылы, мақал-мәтелдер айтқызу арқылы білімдерін дамыту, қонаққа шақыру, қонақтың түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік- үлкенді сыйлауға, кішіпейілділікке, әдет-ғұрпымызды үйретуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, буклеттер.

Ұйымдастыру. ( сынып оқушыларын топқа бөліп тұрғызу.)

Біздің халқымыз үйге кірген жыланның басына да ақ құйып шығарады. Бұл -үйіңе қонақ бодып дұшпаның келсе де, одан барыңды аяма деген ұғым шығар, өйткені қазақ халқына жомарттық, кеңдік тән.

Қонақжайлық - «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлі әдебі.

Міне, ата-бабамыздың осындай аяулы салт-дәстүрін білу- біздің парызымыз.Бүгінгі тәрбиен сағатымыздан қонақ күту, қонақты баптау сияқты әдет-ғұрыпымызды үйренеміз деп ойлаймын. Тек бар ықыласпентыңдай білейік.

Армысыздар аналар мен аталар,

Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.

Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,

Бас иіп сәлем бердік баршамызға.

Топтармен таныстыру:

1-топ «Ұлағат», ұраны: «Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат»

Тобымыз «Ұлағат» атына заты сай,

Өнерлі балалармыз бәрімізде,

Бәйгеден озып келген жүйрік аттай.

2-топ «Зерек» , ұраны: «Кішіден ізет, үлкеннен парасат»

Біздің де тобымызда өнерлі көп,

Көрермен өнерліге сүйсінер кеп.

«Зерек» деген тобымызға

Жақсы баға берілсін деп тіледік көп.

1-тапсырма: Қонақжайлық туралы өлеңдер оқу.

Екі топ өздерін таныстырады,енді екі топ өздерін таныстырады,екітоп қушыларына қонақжайлық туралы өлеңдер жаттау тапсырылған,соны тыңдайық.

2- тапсырм: «Дәстүрді білесің бе?

Біздің қазақ халқы «Өнеге отбасынан» деп үйінде қатаң әдет ұстанған Дастархан басында,қонақты қалай баптау, қонақт қонқты ы шығарып салу жайлы не білесіңдер?

Қазақтың дәстүрлерін білесің бе?

Білгеніңді ойға түйіп жүресің бе?

Білмесең тыңдап алғын бүгін менен,

Содан соң шын мәнінде істеп үйрен.

Дастархан басында

Қазақ халқының аса мән-маңыз беретін орны-дастархан басы. Әрбір қазақ шаңырағы үшін дастархан басы тәрбие мектебі болған. Там ақты бас қосып отырып үй -іші болып ішеді. Дастархан басында әуелі үлкендер жайғасады, содан кейін барып жасы кішілер орналасады. Жас адам үлкендерден бұрын бас салып тамақ алмайды. Тамақ алып болған соң да елден бұрын тұрып кетуге болмайды, бұл-біздің халқымызда тым тұрпайы, көргенсіз қылық. Егер асығып отырған адам болса, дастархан басындағылардан кешірім өтініп, кетуге ұрықсат сұрайды. Рұқсат алса ғана орнынан тұрып кетуге болады.

Қонақтың бабы

Үйге келген қонақты апыл-ғұпыл тамақтандырып, шығарып салуға асықпайды, шай ішкен соң ас дайын болғанша қонақтардың көңілді отыруына, бабын табуға мүмкіндік жасайды. Ол үшін әңгіме дүкен құрып, үй иесі қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші күйші деген жастарды шақырып өнерлерін ортаға салады. Үй иесінің өнерлі балалары болса, олар да көңіл көтеруге атсалысқаны ерсі емес.

Қонақты шығарып салу

Қазақ халқы-ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын ел. Сондықтан қонақты қарсы алып,шығарып салуға ерекше мән берген.Үй иесі «шақырылған қонақ» «құдайы қонақ» деп бөліп жатпай бәріне бірдей сый-құрмет көрсеткен.Ертеректерде адамдар көбінесе атпен жүретіндіктен қонақтың атыныңшылбырын ұстап,аяғын үзенгіге салғанда екіншісі қолтығынан демепатқа



мінгізген. «Ал сау болыңдар» деп үйде қала бермей, далаға бірге шығып қоштасқан абзал.

3-тапсырма;Адам өмірінде әр түрлі қуанышты сәттер болып жатады, оны достарынмен,жақындарыңмен қызықтағанға не жетсін?

1.Қонақжай адамға тән ең басты қасиеттер қандай болу керек?

Кішіпейіл адам қонақтарды жылы қабақпен жарқылдай қарсы алады. Киімін іліп, көңілін аулауға тырысады.

Жомарт адам дастарханын жұтатпайды, тарылмайды. «Былғап қояр, сындырып алар»демей, заттарын көрсетеді. Қонағының неғұрлымкөнілді отырғанын қалайды.

Кеңпейіл адам келген кісі байқаусызда бір затын бүлдіріп алса, оны байқамаған болады. Бетіне баспайды.Қайта тыныш тандыруға тырысады. Өз ойын сыпайылап жеткізеді.Достарын үйіне шын ниетпен шақырады, оларды бір-біріне жамандамайды.Нашар мінез көрсетпейді.

2- Қазақ халқының қонаққа шақыру түрлерін ата.

Түрлері : «Шілдехана » «Бесіккесалу» «Тұсаукесіу» «Тоқымқағар» «Беташар» «Қыз қуу» «Ерулік» Сонымен қатар қазақтың төрт тойы бар: жаңа жылтойы- Наурыз, жаз тойы- «Қымызмұрындық», күз тойы- «Сабан тойы», «Мизам»,қыс мерекесі - «Соғым басы».

Қонақтың неше түрі бар?

Төрт түрі бар.

1.Арнайы қонақ -алыстан әдейі іздеп келген қонақ.

2.Құдайы қонақ -тосыннан келген қонақ.

3.Қыдырма қонақ -ерігіп,желігіп,үйден үйді,ауылдан ауылды кезіп жүрген қонақ.

4.Қылғыма қонақ -өрісі тар,ауылдағы түтіні түзу шыққанды торып,өзінің құлқыны үшін ауызна салғанын шала шайнапқылғытатын қонақ.

4-тапсырма.

Көрініс. Қонақтарды ренжіткен кім?

-Алтынай,сені туған күніңмен құттықтаймын!

-Қап,бұл шокалад екен ғой,мен «сникерсті» жақсы көремін.

-Сүйікті немерем,денің сау болсын, спортта жетістікке жет!

Әже, мына кроссовкиді неге алдыңыз,маған «адидас» керек!

Отырма,ойбай,диванға,

Ортасын онда оясың.

Үстімен жүрме кілемнің,

Бір жерін тесіп қоярсың.

Ұстай көрме төсекті,

Бір қолыңмен былғайсың.

Үшкір еткен тырнағың,тиіспе еш кітапқа

Парақтарын жыртасың.

Тұрғаның жолда неткенің,

Дұрыс болар кеткенің!

-Балалар,бұлай қонақ қарсы алған дұрыс па?... « Онда келесі қонақты қабылдау» көрінісін көріп,жақсылап көңілімізге түйіп алайық.

« Әдепті сөз»

Немере:Аассалаумағалейкүм, ата!

Ата: Уағалейкүммассалам, балам!

Немере: Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім.

Ата: Оқасы жоқ, балам! «Ізетке найза байламайды деген». Айыбы жоқ, балам, « Жолаушының жолы біледі» деген.

Немере: Ата, ғафу етініз. Сізге сыйлайтын сый-сыйапатым да көңілімдегідей емес...

5-тапсырма: Топ басшысы жауап береді.

1.Үйіңе қонақ келгенде қандай қызмет жасайсың?

2.Үйге келген қонақты қалай күтеміз?

Қорытынды.

-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы?

-Қонақжайлық.

-Біз бұл тәрбие сағатынан нені үйрендіңдер?

Ата-аналармен ойын.

  • Жағдаяттар сұрақ-тапсырма.



Күнде ерте әкесі мен баласы спорттық киім киіп алып бірге жүгіреді, үйге бірге келеді.Баласы әкесіне ұқсап сөйлейді, анасына көмектеседі, сонымен қоса автобусқа мінгенде және түскенде қолын ұстап көмектеседі

Сұрақ: С іздің көзқарасыңыз қандай? Бұл отбасы мықтыма?

2.Отбасының бірлігі туралы мына мақалды қалай түсінеміз? «Отан от басынсан басталады».

Балаңызға мақал-мәтел айтып отырасыз ба?

3.Балаңыздың кішкене күніндегі есте қалған қылықтарын айтып беріңізші?



© 2010-2022