Наурыз мейрамы-қош келдің!

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбе...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурыз мейрамы- қош келдің!

Залға немере қызын ерткен Әже кіреді.

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Құрметті қонақтар!

Жүрг: Қош келдіңіз, Әже! Төрлетіңіз, біздің мерекемізде сыйлы қонақ болыңыз!

Әже. Рахмет, қарағым.

Немере-қызы: Әже, қараңызшы, бұл жерде қандай мереке болып жатыр?

Әже: Ботақаным менің, бұл жерде Наурыз мерекесін қарсы алып жатыр.

Жүрг: Кәнекей, төрлетіңіздер, балалардың қызығын тамашалаңыздар!

«Саржайляу биі»


Немере-қызы: Әже,осы мерекеге «ұзынсары» келеді ме?

Әже: Қарағым-ай, «ұзынсары» не екенін әлі де түсінбеген сияқтысын. «Ұзынсары» - бұл Наурыздың ұзақ, сары күні. Наурыз мейрамы - көптен күткен мейрам. Наурыз-жаңа күн, жыл басы! Наурыз тойының мақсаты- халыққа молшылық, тоқшылық тілеу! Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды. Әдемі киімдерін киіп, сыйлықтарын алып, бір-бірін құттықтап, Наурыз мейрамын тойлайды.

Жүрг: Әже, біздің балаларымыз да Сіздің әңгімеңізді естіп отырып, ойын-сауық ойнамақшы.

Әже: Әрине, « Қазан» ойынын ойнап, наурыз көже жасайық.

«Қазан» ойыны


Әже: Біздің қазақ халқы салт-дәстүрге өзара көңіл бөледі, сәбидің дүние келгеннен бастап, қуанып, той тойлауда: ат қою, шілдехана, сүндет той, тұсау кесу, тілашар сияқты салт-дәстүрлерді ылғи орындап келеді. Бізде қәзір «Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетейік.

(ортаға ақ мата төселеді, бір сәбиді шығарып, аяғына ала жіп байланады)

Әже: . Ала жіппен байлап кесудің мәнісі _ ешкімнің ала жібін аттамай, адал өтсін деген. Ал майлы ішекпен байлап кесу ешкімді жатсынбай майлы ішектей араласу, елгезек, бауырмал өтсін дегенді білдіреді. Көк шоппен байлап кесу баланы көктей қаулап тез жетілсін, көбейіп-көктесін дегенді білдіреді. Ер баланың ала жібін пышақпен, ал қыздың қайшымен кесу керек.

Әже баланың аяғын байлап жатып, ақ жол тілейді:
қаз-қаз балам, қаз балам,
тақымыңды жаз балам,

Баланы екі жағынан ұстау керек. Ақ матамен бала жүреді. Ал Әже батасын беріп, «Жақсылықта асып-тасымасын, жамандық көрсе, жабырқап-жасымасын, қуанышты күндерінде асылық жасамасын, қиыншылық басына түскенде еңсесі түсіп басылмасын, екеуінен тең өтсін» деп, шашуын шашады.

Жүрг: Әже, бізде де сізге арналған сыйлығымыз бар. (Әжеге сыйлық береді)

Әже: Рахмет!

Жүрг: Әже, төрлетіңіз, тойымыз жалғасуда!

Ән «Наурыз-көктем» (әнші мен бишілер дайын тұрады)


Әже: Балалар, менің де сендер мен қоштасатып уақыт жақындады, Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

Әже қоштасып, кетеді.

Жүрг: Ал, балалар, тұрмайық,

Ойын-сауық құрайық.

Наурыз тойын біз тойлап,

Шаңырақ ойынын ойнайық!

«Шаңырақ» ойыны.


Жүрг: Керемет, бүгін біздің Наурыз мерекеміздің құрметіне баршамыз Қара жорға биін билейік.

«Қара жорға биі»


Жүрг: Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Елімізде тыныштық, балаларымыз ер жетіп, амандық пен жақсылықта кесдесе берейік, құрметті қонақтар! Қош сау болыңыздар!

Наурыз мерекесі аяқталады, балалар топқа кетеді.



© 2010-2022