Сыныптан тыс іс-шара Білім көзі – кітапта Интернет – бүкіләлемдік өрмек (пікірталас)

Іс-шараның тақырыбы Білім көзі – кітапта Интернет – бүкіләлемдік өрмек (пікірталас) Сілтеме Power Point таныстырылымы Жалпы мақсаты Оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, қазіргі заманғы кітап түптеу, баспа орындарымен, кітапханалармен сырттай саяхат жасау арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; оқушының білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып артты...
Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7а сыныптан тыс іс-шара

21.01.2015




Іс-шараның тақырыбы

Білім көзі - кітапта

Интернет - бүкіләлемдік өрмек (пікірталас)

Сілтеме

Power Point таныстырылымы

Жалпы мақсаты

Оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, қазіргі заманғы кітап түптеу, баспа орындарымен, кітапханалармен сырттай саяхат жасау арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; оқушының білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Бүкіләлемдік өрмек - интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі


Түрлі тыйым сөздер, слайд материалдары арқылы оқушыларға ой салу. сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта , постерлер, таратпа суреттер, нақыл сөздер

Тапсырмалар

Постер құру пікірталас




Күтілетін нәтиже

Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.

Алған білімдерін өмірде,қалай қолдану керектігін,оны пайдаланудың мүмкіндіктерін тудыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру







Ой қозғау

Оқушылармен амандасады, сыныпта бір-біріне жылы лебіз айту арқылы ахуал орнатады.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Білім көзі - кітап және бүкіләлемдік өрмек - ғаламтор» атты сыныптан тыс сабағын тамашалауға келіп отырсыздар.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, оқып байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!

оқушылар 2 топқа бөлінеді.

Слайд тамашалайды

Презентация

1 кезең

Ашық пікір - таластың ойын - шарттарымен таныстырады:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге
7 сынып оқушылары арасындағы «Білім көзі - кітапта

Интернет - бүкіләлемдік өрмек»
атты пікір - таласты ашық деп жариялаймын.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу ығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттар


Пікірталас шарттары:
1./ екі топ өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин
2/ сұрақ жауап кезеңі
3/ спикерлердің қорытындысы
4. әділқазылардың қорытынды сөзі

Слайд материалдарын қолданады, фотосуреттер, наұыл сөздермен жұмыс жасайды

Постерлер, компьютер, ғаламтор

ІІ кезең

Топтарға тапсырма беріледі. Постерге өз ойларын салу.

  1. 1 топ. «Білім көзі - кітапта»

2 топ. Интернет - бүкіләлемдік өрмек

Постерге өз ойларын салады. Компьютерді қолданып, керекті нақыл сөздер мен суреттерді шығарып алуға рұқсат берілді.

Компьютер, плакат,керекті материалдар.

ІІІ кезең

Спикерлерге сөз беру.

Постерлерін қорғайды

Постерлер

IV кезең

Слайдпен көрініс көрсетеді.

Слайд тамашалайды

Слайд, постер


Көрініс. «Кітаптың киесі».

Автор: Әсет кітап оқымайтын. Тек ойыншықтармен ойнап, компьютерде отыратын. Кітаптарын жыртып - жыртып, лақтырып тастайтын. Ол таңертең тұрып, анасының кітап арқылы жасаған түрлі - түрлі дәмі тіл үйіретін тағамдарын жеп болып, ойынға кететін. Осылайша алтындай уақытын босқа өткізетін.

Кешкі уақыт болды. Ол әлі компьютер алдында. Әсет «шіркін, менің түсіме періште келсе екен. Ол арманымды орындайтын болса, кітап жоқ болсын дер едім. Кітап деген немене. Әшейін-ақ зат, оқитын түгі жоқ.» деп ойланып отырып, сол күйінде ұйқыға кетеді.

Кенет түсіне періште келеді. Ол Әсеттен:

  • Саламатсың ба, балақай! - дейді жай үнмен. Әсет ұйқылы - ояу көзін ашып:

  • О - о - о, періште! Сәлеметсің бе?, - деді таңырқаған үнмен.

  • Жағдайың қалай?

  • Жақсы.

  • Әсетжан, мен сенің бір ғана арманыңды орындаймын. Өзіңнің қиялыңды айта ғой. Тек жақсылап ойлан.

  • Менің арманым - кітап жоқ болсын.

  • Ай, балақай, сен жақсылап ойландың ба? Ойыңды өзгерпеймісің?

  • Жоқ, өзгертпеймін. Менің жалғыз арманым - осы.

  • Жарайды, балақай, бірақ кейін өкініп қалма.

Автор: Таң атты. Әсет ұйқыдан тұрып, жуынып келіп, үстелге отырады. Алдына анасы үнемі тамақ әзірлеп қоятын. Бірақ бүгін тамақ жоқ. Неге?

Әсет: Мама, мама! Тамақ қайда?

Мамасы: кітап болмаса, тамақ қайдан болсын?

Автор: Әсет біраз ойланып тұрып, басын төмен салбыратып, мұны

ұмытқандай болып, бөлмесіне кетеді. Бөлмеге келіп ойыншық ойнайын десе ойыншық жоқ. Қайда кетті?

Әсет анасынан: Мама, мама, менің ойыншықтарым қайда?

Мамасы: кітап болмаса, ойыншық қайдан болсын?

Автор: Әсет бұған да көніп, енді компьютер ойнайын десе, компьютер істемейді. Неліктен?

Әсет: Мама, мама. Компьютер неге істемейді?

Мамасы: кітап болмаса компьютер қайдан істесін?

Автор: Әсет өзінің қылығына қатты өкінеді.

Әсет: «Шіркін тағы періште түсіме енсе, мен өмірде кітап болсын дер едім. Әттең, мен өз қолымда болған мүмкіндіктен айрылдым. Кітап қадірін мен неге ертерек ұқпадым екен?» - деп қатты өкінеді.

Автор: Кітап арқылы әр адам әлемдегі бар нәрсені біле алады. Кітап - білім бұлағы. Кітап - асыл мұра, дара тұлға.

Қорытынды

Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап - көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап - білім бұлағы», «Кітап - ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.

Кейінгі кезде «Кітапты қайтесің, барлығы да ғаламторда тұрған жоқ па? Қазір кітаптың емес, компьютердің заманы» дейтін пікірлер белең алып тұрғаны жасырын емес. Кітап жастанып, ұйқыға мүлгіген жандар немесе технологиялық мүмкіндіктерге бойұсынған оқырманға сауал...

Кітаптың орнын интернет алмастыра ала ма? деген сұраққа жауап берейік

Сұраққа жауап береді

Кері байланыс.

Сабақтағы көңіл-күйлерін стикер арқылы көрсетуді ұсынады

Стикерлерге өз пікірлерін жазады.

стикерлер



© 2010-2022