Тәрбие сағаты Тәуелсіздік тұғырым 2сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»

Тәрбие сағатының мақсаты : Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлғаны қалыптастыра отырып оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Ұлттық сана сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында баян ету. Отан жайлы тақпақтарды түсінуге, мақалдардың мазмұнын ұғынуға баулу. Рәміздер туралы түсініктерін кеңейту.

Бір мақсат, бір мүдде аясында болуға тәрбиелеу. Достыққа , ұйымшыл-дыққа тәрбиелеу.

Болашақта ұлы да нұрлы жолда тоғысатынымызға кәміл сену, үміт арту.

Тәрбие сағатының көрнекіліктері мен жабдығы: қанатты сөздер, суреттер мен портреттер, интерактив тақта, компьютер, шарлар, ашықхаттар, музыка, слайдтар, Қазақстан картасына макет .

Қайырлы күн! Қадірлі қонақтар, әріптестер және ата - аналар!

Баршаңызды еліміздің егемендігі мен тарихымыздың тәуелсіздік алған күні, ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

«Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі» дегендей, болашақ жас ұрпақ

2 «Б» сыныбы оқушыларының тәуелсіздік мерекесіне орай дайындаған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Біз тәуелсіз еліміздің түлегі болғанымызға қуанамыз.

1.Бауыржан: Біздің Отанымыз - Қазақстан. Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға кетесің.

Отан деген сөздің мағынасы кең.

Отан - далаң, орман, тауың, ауылың , туған жерің.

Тәй - тәй басқан нәресте де, еңкейген қарияда осы - Отанның мүшесі.

2.Сәулемай:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл шашам,

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

3.Бағымжан:

Сенен бақыт тарайды,

Баршамызға Нұр Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің , сен Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен, Отан

Отан туралы мақалдар

4.Алихан: Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

5.Арайлым: Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

6.Нұрасыл: Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

7.Жансая: Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

8.Саят: Отаның тыныш - сен тыныш.

9.Мейірім: Отанын сатқан - оңбас.

Ән: «Менің - Қазақстаным»

Мұғалім: Біз қазір тәуелсіз, дербес - Қазақстан деп аталатын алып мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

16 желтоқсан - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан халықтық мереке.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Тәуелсіздік құрбандарының суреттері

Тәуелсіздік құрбандарын еске алу минуты

10.Арайлым :

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
11.Айсәуле:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып - жойып таптады.
Сонда елімнің ұл - қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
12.Данияр:
Жалғыз Отан -адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой

13.Дамир :
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

«Тәуелсіздік нышандары»

Би: Домбыра. Орындайтындар- қыз балалар
Мұғалім: Еліміз еркіндік алып, тіліміз өз мәртебесіне ие болып, тәуелсіздігіміз тұғырлы болса, біздің туымыз мәңгілік желбіремек. - Ал, оқушылар айтыңдаршы, мемлекеттік тудағы көк түс қандай мағына ны білдіреді?

Рәміздер - еліміздің төсбелгісі іспеттес

18.Шыңғыс: көк түс - Қазақстан халқының жаңа өмірге ұмтылған ниет - тілегінің тазалығын, асқақтығын көрсетеді.

19. Дәмір: нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн - қозғалыс, даму мен өсудің белгісі.

20. Естөре: қанатын жайған қыран құс- бар нәрсенің бастауындай , билік, айбындылық бейнесі. Ою - өрнек ұлтымыздың айнасы.

21. Оразымбет

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Би : Сарбаздар. Орындайтындар: ер балалар

Мұғалім: - Балалар, сендер спортты жақсы көресіңдер ме?

Біздің еліміздің спортшылары да әлемдік додаларға қатысып, көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды басқа елдерде шырқатып жүр. Сендерде болашақта мықты азаматтар болуларыңа біз үміт артамыз. Ортамызға жас спортшыларымызды шақырамыз, солардың өнерлерін тамашалайық.

Қазақстан картасының макетін алып шығу.

22.Есетбек:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

(оқушылардың қолдарында жалаушалары бар, сахна алдына шығады)

Мұғалім: Тұс -тұстан анталап, көз сүзген жаулардан

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,

Тұп -тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.

Қазақтың тілері ата жол салтымен

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Көк туымыз мәңгілік желбірей берсін, өйткені біздің ЕЛ-
Мәңгілік ел . Бізді нұрлы жол, нұрлы болашақ күтеді

«Көк тудың желбірегені» әнімен шараны аяқтау.



© 2010-2022