Тәрбие сағаты Қазақтың ырым -тыйым сөздері

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Қазақтың ырым -тыйым сөздері Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы:

Танымдық \4-сынып\

Өткізген :Қойшыбаева Л.А

2016 оқу жылы

Бекітемін ТІЖО Улмесекова А.А

Күні:08.02.2016 ж
Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
III. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.
IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру.

Тыйым - халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол - қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады.
Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай мына топтарға бөліп қарастырдым.
1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты
2. Іс - әрекетке байланысты
3. Қыз балаға қатысты
4. Нанға қатысты
5. Бесікке қатысты
6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты
7. Киім киюге қатысты
8. Жол жүруге байланысты
Ұлттық киімдерге қатысты ырым - тыйымдар
1. Бас киімге қатысты ырым - тыйымдар
2. Сырт киімге қатысты ырым - тыйымдар
3. Той киіміне қатысты ырым - тыйымдар
4. Сәби киіміне қатысты ырым - тыйымдар
5. Аяқ киімге қатысты ырым - тыйымдар
6. Неке киіміне қатысты ырым - тыйымдар
Енді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып кетейін.
Іс - әрекетке байланысты тыйымдар
Үйге қарай жүгіруге болмайды.
Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені.
Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.
Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді.
Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.
Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін.
Құран оқығанда күлуге болмайды.
Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру - әдепсіздік.
Аманатқа қиянат жасама.
Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық - адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді.
Қыз балаға қатысты тыйымдар.
Қыз бала шашын жайып жүрмейді.
Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.
Қыз баласы тамақ дайындағанда басына міндетті түрде орамал байлауы қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі мүмкін.
Әлем - жәлем киінбе.
Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сәнге айналған. Бұл өте жағымсыз әдет, әрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары, гинекологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін.
Қызға қырық үйден тыю.
Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, бейуақытта қыдырмағаны абзал. Өйткені қыз балалар - болашақ аналар.
Бесікке қатысты тыйымдар.
Бос бесікті тербетуге болмайды.
Үйге келген адамға бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей - ақ білдірген.
Бесікті саудалама
Бұл оның құны жоқ зат екендігін білдіреді. Ал, қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым.
Жол жүруге қатысты тыйымдар.
Жолға шығып бара жатқан адамнан «қайда барасың?, қашан келесің?» деп сұрамайды. Бұл адамның көңілін алаңдатып, сәтсіз сапарға ұрындыруы мүмкін. Тек іштей тілектес болып қалуы керек.
Барып, қайтар жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды, бұл астамшылық, күпірлік болады. «Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп нысаппен сөйлеу керек. Қазіргі кезде болып жатқан көптеген автокөлік оқиғалары осындай қарапайым жол жүру қағидаларын ескермегендіктен деп ойлаймын.
Киім киюге қатысты тыйымдар.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Аяқ киімді де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен туған.
Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылады. Әрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады.
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.
Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.
Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды. Өйткені зиянкестер, жәндіктер түсіп кетуі мүмкін.

1) Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа - қайғылы адам берін басады.
5) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.
Қорытынды.
Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Хадық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.



© 2010-2022