» Әдептілік –адамгершілік бастау»

Пән мұғалімі:   Салимбаева  Жібек  Шауеевна                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         ... Сынып:9 Өтілген уақыты:18.03.2014 жыл Сабақтың  тақырыбы: Әдептілік –адамгершілік бастауы Сабақтың  мақсаты:Оқушылардың әдептілік,инабаттылық,сыйластық туралы құндылықтарын кеңейту. Сабақтың  міндеттері: -Оқушылардың адамгершілік туралы білімдерін кеңейту. -Бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. -Жалпы адамгершілік құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту. Сабақтың әдісі:Сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілдері Сабақтың түрі:Аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі:Оқулық,дәптер,суреттер,нақыл сөздер.қима қағаздар,слайдтар. Пән аралық байланыс:тарих.әдебиет,музыка                                                                         Сабақ барысы І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгендеу,стикерлердің түсіне байланысты оқушыларды топқа бөлу. ІІ.Тыныштық сәті: «Табиғат аясындағы тыныштық»әлеміне аттану.(жәй естіліп тұратын музыка қойылады)     -Балалар,денемізді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар,көздеріңді жұмыңдар,өздеріңді табиғат аясындағы қуаныш әлеміндемін деп елестетіңдер.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Бұл әлемде ерекше адамдар өмір сүреді ,олар өте мейірімді, әдепті, инабатты, адамгершілігі мол және бақытты.Осындай махаббатпен ,мейірімділікке тола ,таза шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Енді терең демалып көздеріңді ашыңдар. ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау Алдында оқушылар топқа бөлінген , үй тапсырмасын үш топ жеке –жеке айтып шығады: 1топ-«Қоғамдық орындарда,көшеде» өздерін қалай ұстау керектігі туралы 2топ –«Іс сапарда»қалай ұстау керек. 3 топ-«Театрда» қалай ұстау керек ІV.Әңгімелесу (сұрақ-жауап) 1. «Әдептілік –адамгершілік бастауы «дегенді қалай түсінесіңдер ? 2.Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек ? 3.Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесің ? V.Жағдаяттарды шешу( әр топқа алдын-ала даярланған жағдаяттар беріледі) 1.Әкең шылым шегеді,ішеілік ішеді саған әкеңнің жағымсыз әдеті ұнамайды,не істер едің ? 2.Анаң мереке күні саған өзің қалаған затты әпермекші болып уәде берді,бірақ оған жағдайы келмей әпере алмады ?  Не істейсің? 3.Інің екеуің бір мектепте оқисыңдар ,бүгін сыныптастары ініңнің соңғы кезде ешкіммен араласпай , үнемі көңілсіз жүретінін айтты,Қандай шешім қабылдайсың? VІ .Сергіту сәті. Өлең айту «Қыз сыны» VІІ.Рефлексия  «Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау» Өтірік сөз- Еріншектің- Жалқаудың – Жақсы адам- Жақсыдан үйрен- Әдепті бала- VІІІ. Шығармашылықпен жұмыс (топқа тапсырмалар беру) 1 топ-Адамгершілік туралы нақыл сөздер айту 2 топ-Әдептілік туралы өз ойларын жаздыру 3 топ-Әдеп арыдан басталады дегенді қалай түсінесіңдер ? ІХ. Кітаппен  жұмыс «Қызым саған айтамын»( тақырыпты  оқып талдау ) Х. Кері әсер парағы(параққа әркім өзінің жақсы,жаман қасиеттерін жазады) Жаман қасиеттерін жыртып лақтырып тастайды. ХІ.Тыныштық сәті: «Табиғат аясындағы тыныштық»әлеміне аттану.(жәй естіліп тұратын музыка қойылады)     -Балалар,денемізді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар,көздеріңді жұмыңдар,өздеріңді табиғат аясындағы жақсылық әлеміндемін деп елестетіңдер.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Бұл әлемде ерекше адамдар өмір сүреді ,олар өте мейірімді, әдепті, инабатты, адамгершілігі мол және бақытты.Осы ерекше адамдардың жақсы қасиеттерін жүрегімізге ұялатып аламыз.Енді терең демалып көздеріңді ашыңдар. ХІІ.Үйге тапсырма Әдептілікке байланысты тыйым сөздерді жинақтап,әдептілік тізімдемесін жаса .
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Салимбаева Жібек Шауеевна Пәні:Өзін-өзі тану

Сынып:9

Өтілген уақыты:18.03.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік -адамгершілік бастауы

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың әдептілік,инабаттылық,сыйластық туралы құндылықтарын кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-Оқушылардың адамгершілік туралы білімдерін кеңейту.

-Бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

-Жалпы адамгершілік құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту.

Сабақтың әдісі:Сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілдері

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Оқулық,дәптер,суреттер,нақыл сөздер.қима қағаздар,слайдтар.

Пән аралық байланыс:тарих.әдебиет,музыка

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгендеу,стикерлердің түсіне байланысты оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Тыныштық сәті: «Табиғат аясындағы тыныштық»әлеміне аттану.(жәй естіліп тұратын музыка қойылады)

-Балалар,денемізді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар,көздеріңді жұмыңдар,өздеріңді табиғат аясындағы қуаныш әлеміндемін деп елестетіңдер.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Бұл әлемде ерекше адамдар өмір сүреді ,олар өте мейірімді, әдепті, инабатты, адамгершілігі мол және бақытты.Осындай махаббатпен ,мейірімділікке тола ,таза шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Енді терең демалып көздеріңді ашыңдар.

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Алдында оқушылар топқа бөлінген , үй тапсырмасын үш топ жеке -жеке айтып шығады:

1топ-«Қоғамдық орындарда,көшеде» өздерін қалай ұстау керектігі туралы

2топ -«Іс сапарда»қалай ұстау керек.

3 топ-«Театрда» қалай ұстау керек

ІV.Әңгімелесу (сұрақ-жауап)

1. «Әдептілік -адамгершілік бастауы »дегенді қалай түсінесіңдер ?

2.Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек ?

3.Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесің ?

V.Жағдаяттарды шешу( әр топқа алдын-ала даярланған жағдаяттар беріледі)

1.Әкең шылым шегеді,ішеілік ішеді саған әкеңнің жағымсыз әдеті ұнамайды,не істер едің ?

2.Анаң мереке күні саған өзің қалаған затты әпермекші болып уәде берді,бірақ оған жағдайы келмей әпере алмады ? Не істейсің?

3.Інің екеуің бір мектепте оқисыңдар ,бүгін сыныптастары ініңнің соңғы кезде ешкіммен араласпай , үнемі көңілсіз жүретінін айтты,Қандай шешім қабылдайсың?

VІ .Сергіту сәті.

Өлең айту «Қыз сыны»

VІІ.Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау»

Өтірік сөз-

Еріншектің-

Жалқаудың -

Жақсы адам-

Жақсыдан үйрен-

Әдепті бала-

VІІІ. Шығармашылықпен жұмыс (топқа тапсырмалар беру)

1 топ-Адамгершілік туралы нақыл сөздер айту

2 топ-Әдептілік туралы өз ойларын жаздыру

3 топ-Әдеп арыдан басталады дегенді қалай түсінесіңдер ?

ІХ. Кітаппен жұмыс

«Қызым саған айтамын»( тақырыпты оқып талдау )

Х. Кері әсер парағы(параққа әркім өзінің жақсы,жаман қасиеттерін жазады)

Жаман қасиеттерін жыртып лақтырып тастайды.

ХІ.Тыныштық сәті: «Табиғат аясындағы тыныштық»әлеміне аттану.(жәй естіліп тұратын музыка қойылады)

-Балалар,денемізді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар,көздеріңді жұмыңдар,өздеріңді табиғат аясындағы жақсылық әлеміндемін деп елестетіңдер.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Бұл әлемде ерекше адамдар өмір сүреді ,олар өте мейірімді, әдепті, инабатты, адамгершілігі мол және бақытты.Осы ерекше адамдардың жақсы қасиеттерін жүрегімізге ұялатып аламыз.Енді терең демалып көздеріңді ашыңдар.

ХІІ.Үйге тапсырма

Әдептілікке байланысты тыйым сөздерді жинақтап,әдептілік тізімдемесін жаса .



Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы



Пәні:Өзін-өзі тану

Ашық сабақ:Әдептілік-адамгершілік бастауы







Ақыртөбе орта мектебі

2013-2014оқу жылы

© 2010-2022