Открытый урок на тему Наурыз

Сахна ашылады. Жүгіріп бала кіреді: -          Алақай, бәйшешек гүлдеді. Көктем келді! Наурыз келді! Сүйінші! Наурыз келді, халайық! Наурыз тойың, Наурыз тойың Құтты болсын, халайық. Күй төгілсін, жыр төгілсін, Шырқап әнге салайық! Әжелер шығып, шашу шашады. Ұлыс бақыт әкелсін,                                        Әр күніміз жақсы болсын. Достығымыз берік болсын, Білім - өнер серік болсын, Қлыс оң болсын, бестік баға мол болсын! Видеоролик. «Көктем шуағы». Сахнаға Мадина Садуақасова мен Жанат...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Тоқмансай орта мектебінің мұғалімі

Успанова СалтанатТемиралиевнаның

сабақатан тыс шарасының сценарийі

«Наурыз думан!»

Сахна ашылады. Жүгіріп бала кіреді:

  • Алақай, бәйшешек гүлдеді. Көктем келді! Наурыз келді! Сүйінші! Наурыз келді, халайық!

Наурыз тойың, Наурыз тойың

Құтты болсын, халайық.

Күй төгілсін, жыр төгілсін,

Шырқап әнге салайық!

Әжелер шығып, шашу шашады.

Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім - өнер серік болсын,

Қлыс оң болсын, бестік баға мол болсын!

Видеоролик. «Көктем шуағы».

Сахнаға Мадина Садуақасова мен Жанатбек шығады.

Жанатбек: Армысыздар, жамағат!

Ару көктем, әз Наурызым, ақ күнім,

Ала келген бар әлемнің шаттығын.

Қазан - қазан көже жасап,

Азан - қазан көңілменен күй кешу

Біздер үшін бақ бүгін!

Мадина: Наурыз келді нұрландырып дүниені,

Жерге басын алтын тәжді күн иді.

Бүкіл әлем жаңарады, түрленеді,

Кәрі дала жасарып гүлденеді.

Жан - дүниемде ғажап сезім оянады,

Ой да, қыр да алуан түске боялады.

Жанатбек: Кеш жарық, қадірменді өнерсүйер қауым. Сіздерге бүгінгі дүманды тойға хош келдіңіздер дейміз! Бүгінгі отшашулы, киелі тойдың тізгінін ұстау бізге, яғни қазақ эстрадасының әсем де талантты жұлдызы Мәдина Садуақасова және...

Мадина: Хабар телеарнасының әйгілі жүргізушісі Жанатбекке бұйырып отыр! Сонымен, сіздердің ду қол шапалақтарыңыздың астында бүгінгі тойды бастаймыз!

Жанатбек: Біздің бүгінгі бағдарлама тікелей эфирде өтеді. Және де біздің шет елде, өз елімізде жүрген әріптестеріміз телекөпір арқылы бізбен байланысқа шығып отырады. Олар, біздің шекарадан тыс Наурызды тойлануын зерттеп жүрген Майя Веронская және Мұрат Мұтырғанов.

Майя: Сәлемесіз бе, құрметті көрермендер. Ұлыстың ұлы күні баршамызға құтты болсын!

Мұрат: Кеш жарық, ауылдағы ағайын! Наурыз мейрамдарыңызбен! Біз бүгін әр елдің түкпір - түкпірінен Наурыз тойының тойлануы жайлы мағлұмат береміз. Арнамыздан алыстамаңыздар.

Мадина: Ал еліміздің әр облысынан репортаж жүргізетін ұлттық арнаның жүргізушісі Әуесбайдың Қанаты.

Қанат: Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Ақ түйенің қарны жарылған күн, Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын. Арнайы Қазақстан Үлттық телеарнасы үшін

Мен Әуесбайдың Қанаты ел ішінен дәстүрлеріміз жайлы тікелей репортаж жүргізетін боламын. Бірге болыңыздар.

Жанатбек: Бүгінгі салтанатты кешімізді, Мадина, «Жігіттер» тобының орнауындағы тамаша бір әннен бастасақ.

Мадина: Ешқандай қарсылығым жоқ. Қарсы алыңыздар!

Жанатбек: Көктем жетті көл - көсір шуақ болып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Мадина: Білесің бе, Жанатбек, бізді бүгін құттықтауға кімдер келгенін?

Жанатбек: Кімдер?

Мадина: Мен саған жұмбақ қылып жасырайын ал сен тауып көр, мақұл ма?

Жанатбек: Келістік.

Мадина: Олар шықса сахнаға

Отыра алмассың жай барақат.

Елі сүйген жұбайлар -

Жанатбек: Қыдыралі мен Қарақат!

Мадина: Дәл таптың! Қарсы алыңыздар!

Жанатбек: Бізде қазір тікелей телекөпірден Қанат хабарласып жатыр. Ия, Қанат тыңдап тұрмыз. Елді немен қуантасың?

Қанат: Мен дәл қазір Алматы облысы Нарынқұл ауданының Қарасаз ауылынан хабарласып тұрмын. Бұл ел ұлттық дәстүрлерімізді мықты ұстанады екен. Осы сәт беташар болып жатыр, қане бәріміз тамашалайық.

Беташар 7 сынып.

Қанат: Міне жаңа ғана бірегей беташар рәсімін тамашаладыңыздар. Қазірше байланысты үземін. Арнайы ұлттық телеарна үшін, сізбен болған мен, Әуесбайдың Қанаты.

Мадина: Рақмет көп - көп. Ал келесі кезегін бізде сонау Түркиядан Майя мен Мұрат байланыста, тыңдап тұрмыз.

Мұрат: Тағы да салем, салем немесе түрікше гунайдын!

Майя: Марат гүнайдын деген қайырлы таң деген ғой. Ал бізде кеш қой қазір.

Мұрат: осы қысқа уақыт ішінде бар үйрене алған сөзім осы. Дегенмен де түрік тілін түсінуге болады. Бұл елде Наурызды ерекше атап өтеді екен.

Майя: ия....

Ал қазір сол мерекеден үзінді тамашалаңыздар.

5 сынып түрік биі

Мұрат: Біз енді араб еліне аттанамыз. Сонда кездескенше.

Жанатбек: Сәт сапар достар. Ай, Мадина менің де Майя мен Мұрат сияқты шет елдер аралап жүргім келіп тұрғанын қараш.

Мадина: Ол не дегенің, көрермендер сен оларды жақтармай тұр екен деп ойлап қалмай ма?

Жанатбек. Жоқ жоқ мен өте қуаныштымын осы мейрамда сіздермен болғаныма!

Мадина: Ендеше келесі қонақтарымызды жарияламаймысың ба?

Жанатбек: Қарсы алыңыздар! Музарт тобы

Қанат: Ал ағайын біз қазір Ақтөбе облысының ең бір қазақи ауданы Ырғыздамыз.

Мұнда бесікке салу дәстүрін тамашалайсыздар.

Қанат: Тағы да мереке құтты болсын. Ұлттық арнадан алыстамаңыздар. Сіздермен болған Әуесбайдың Қанаты.

Мұрат: Тоқмансай қалай естіліп тұр? Біз қазір ислам дінін берік ұстанған араб еліндеміз. Мұнда күн өте ыстық. Дегенмен халық ештемеге қарамастан тойлауда.

Майя: сіздерге араб елінің тамаша биін тамашалауға ұсынамыз.

Араб биі 5- 6 сыныптар.

Мадина: Құт - береке наурыз айым келді деп,

Жер түледі, жасыл желек желбіреп.

Айналайын атамекен, кең далам,

Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.

Жанатбек: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз - мейрам

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Мадина: Шіркін - ай ерекше мейрам ғой бұл Наурыз деген, барша тіршілікке жан бітіретін.

Жанатбек: Білесің бе, келесі шығатын әншілеріміз ән айтқанда өлі денелер де тіріліп кететіндей, керемет бойды тербетіп орындайды ғой.

Мадина: Қарсы алыңыздар. 5 сынып ән

Жанатбек: Мадина ханым, Наурыз мейрамы жайлы көп білесіз бе?

Мадина: Білем. Оны неге сұрадың?

Жанатбек: Менде Наурызға арналған көптеген сыйлықтар бар. Көрермендерге сұрақ қойып жауап берген көрерменге сыйламақпын.

Мадина: Ендеше баста.

Жанатбек:

  1. Наурыз сөзі қай тілден алынған қандай мағына береді? (Парсы, нау - жаңа, рыз - күн)

  2. Қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже қалай жасалады? (Наурыз көже қыстық соғымнан алынып арнайы сақталған сүр еттен, қазыдан, пісіріледі. Оған 7 түрлі дәм қосылады.)

  3. Киіз үйдің сүйегін атаңыздар. ( шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық.)

  4. Ұлттық ойындарды атаңыздар. ( ақсерек пен көксерек, асық, соқыртеке, арқан тарту, көкпар, шалма, санамақ, күміс ілу, қыз қуу, алтыбақан т.б)

  5. Ұлттық киімдерді атаңыздар. (Бешпент, камзол, мәсі, кебіс, тақия, сәукеле, бөрік, күпі, шапан, ішік)

  6. Еттен табақ тарту дәстүрі. Жасалатын табақ түрлерін атаңыздар.(бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, күйеу табақ, келін табақ, қыздар табағы, құдағилар табағы, жерік асының табағы.)

Мадина: Көп - көп рақмет. Кезекті тамаша әнге берсек. Қарсы алыңыздар. 7 сынып ән орындайды.

Жанатбек: Бақта құстар сайрайды

Жайнап көктем нұрымен.

Ел Наурызды тойлайды,

Жаңа дәстүр жырымен.

Мадина: Біде тағы да байланыста енді өзбек елінен Майя мен Мұрат. Достар кезек өздеріңде.

Майя: Рақмет Мадина. Ия біз өзбек елінің астанасы Ташкент қаласындамыз. Мұнда да ұлан ғасыр той болып жатыр.

Мұрат: Менің жанымда Фарход ака, ол қазақ елін құттықтамақшы.

Фарход ака: Хурматли Тоқмонсой қишлагинин тургынлари сизлардни Бахор байрами Наувруз билан чин юракдан табриклайман. Байрамлар муборак болсин.

Майя: Көп рақмет. Енді назарларыңызды өзбек биіне аударсаңыздар.

Жанатбек: Біздің Қанат қайда жүр екен?

Мадина: Оны өзінен сұралық. Ол қазір бізбен байланыста.

Қанат: Амансыздар ма, мен қазір шұрайлы қала Шымкенттен хабарласып тұрмын. Мұнда үлкен той. Ат жарыс, күрес жалпы айтқанда нағыз орта ғасырлардағы қазақ ауылындағы Наурыз мерекесі. Тұсау кесу рәсіміне куә болғалы отырмыз ағайын.

Қанат: Осы мен менің арнайы репортажым өз мәресіне жетті. Наурыз тағы да құтты болсын. Қазақстан ұлттық телеарнасында кездескенше. Сіздермен болған Әуесбайдың Қанаты.

Жанатбек: Рақмет көп көп Қанат, ал біз концертімізді әрі қарай жалғастырамыз.

Мадина: Алдарыңызда, Қазақстан Республикасының халық әншісі Роза Рымбаева.

Жанатбек: Бізге қонаққа қыдыр атамыз да келді. Ата батаңызды берсеңіз.

Қыдыр ата батасы:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Пәле жала жерге енсін!

Ақыл - ойды асырып,

Ата салтын сақтаңдар.

Дұрыс сөзге тоқтаңдар.

Ұлыс күні ұрысты,

Өкпе - назды тастаңдар.

Мынау тұрған халықты

Ынтымақ пен достыққа,

Жақсылыққа бастаңдар.

Айналайын ел - жұртым,

Орындалсын арманың,

Жайқала берсін орманың.

Әумин!

Мадина: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын Ұлы күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Жанатбек: Кешімізді осынау бір Наурыздың гимніне айналған әнмен аяқтағымыз келіп отыр. Қарсы алыңыздар. Жаңа жыл тағы да құтты болсын!

Ән: Наурыз

Сахнаға бала шығады:

Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,

Наурыз сыйлап қуаныш бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!


© 2010-2022