Тақырыбы: Бақытқа барар жол тәрбие сағатының жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Бақытқа барар жол
Мақсаты:

- Ата - ана, мұғалім мен бала арасындағы сенімді сыйластықты орнату, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру;

Бақыт тек қана ҰБТ -ке қатысу емес, тестке бармаса да өмір тоқтап қалмайтынын санаға сіңіру;

Мұғалім:

Құрметті ата - аналар «Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде?
Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек? Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Бақытқа барар жол» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Алдыман барлығыңызды ортаға шақырғым келіп тұр құрметті ата- аналар мен мұғалімдер. Қазір пән мұғалімдері мен ата-аналар кездесуі болады. Бұл бөлімді мен «Кездесу» деп атадым.

(мұғалімдер сыртқы шеңберде, ал ата - аналар ішкі щеңберг тұрады. Жай ойналған әуен ырғағымен екі шеңбер бір - біріне құарама қарсы айналады. Мысалы ата-ана оңға, мұғалім солға. Әуен тоқтаған жағдайда мұғалім мен ата-ана баласының қасиеттерін айтады. Мұғалі баланың сабақ пен қоғамдағы жүріс-тұрысын, ал ата-ана үйдегі жүріс-тұрысын ортаға тастайды.)

Мен бүгінгі пікірталасымызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.

ІІ бөлім. «Бақыт деген не өзі?»

Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. « Мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де бақытты болу үшін өмірге келгенбіз. Бірақ

  • Бақыт деген не?

  • Бақытқа барар жол бар ма?

  • Бақытты болу үшін не істеу керек?

- Бақытты болуды тек материалдық байлыққа жету деп түсінесіз бе, әлде өзіңіз ұнататын, бірақ, еңбекақысы онша жоғары емес қызметпен айналысуды немесе отбасындағы жақсы қарым - қатынасты сақтау деп «күнәсіз» ойлайсыз ба?

- Болашақ мамандық таңдауда шешуші рөл атқарушы- дәрежесі жоғары институтта оқу ма, жоғары еңбекақы алу ма, шетелге жиі іс - сапарға шығу ма, әлде өз қабілетіңізді толық ашу ма?


«Аяқталмаған сөйлем»
6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
Сәби бақыты, ол -
Ата - ана бақыты, ол -
Әйел бақыты, ол -
Ер - азамат бақыты, ол -
Ұстаз бақыты, ол -
Жастар бақыты, ол -

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп - көп рахмет.

Ситуациялық сұрақтар:

Мұғалімдерге:
1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бірақ бір де бір оқушы үй жұмысын орындамай келген. Есесіне қолдарынан телефондары түспейді. Не істер едіңіз? Осы жағдайға кім кінәлі?
Оқушыларға:
2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен телефонда достарыңмен сөйлесемін деп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Анаң саған қатты ренжулі. Сенің әрекетің?

Ата - аналарға:

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдай-ын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншық-тар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осы-ның бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсін-діреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды. - Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.

(қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)

Мұғалімдерге:

Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бірақ бір де бір оқушы үй жұмысын орындамай келген. Есесіне қолдарынан телефондары түспейді. Не істер едіңіз? Осы жағдайға кім кінәлі?


Оқушыларға:


Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен телефонда достарыңмен сөйлесемін деп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Анаң саған қатты ренжулі.

Сенің әрекетің?

Ата - аналарға:

Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата - анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата - анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата - анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата - анасына өтініш жасайды. - Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)



Сәби бақыты, ол -


Ата - ана бақыты, ол -


Әйел бақыты, ол -


Ер - азамат бақыты, ол -


Ұстаз бақыты, ол -


Жастар бақыты, ол -


© 2010-2022