Сандуғашы қазақтың тәрбие сағаты

Бүгін қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Қазақстанның жалық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын- қайраткер   Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналған  «Сандуғашы қазақтың !» атты  әдеби сазды  кешке қош келдіңіздер. Ақын өз заманының ар - ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүрді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде - кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан айбынды көңіл - күйі сезіледі. Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шараның тақырыбы: «Сандуғашы қазақтың»


Шараның мақсаты: Фариза Оңғарсынованың шығармашылық өміріне талдау жасай отырып, балалардың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ақынның шығармаларын насихаттау.

Шараның барысы:

Тілек Дария «Өлең»
1-жүргізуші:
Қайырлы күн қадірменді қауым! Бүгін қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Қазақстанның жалық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын- қайраткер Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Сандуғашы қазақтың !» атты әдеби сазды кешке қош келдіңіздер. Ақын өз заманының ар - ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүрді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде - кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан айбынды көңіл - күйі сезіледі. Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі - дауасы - поэзия.

2- жүргізуші:

Поэзия - қасиетті ұғым. Ол - адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі. Поэзия - тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан - ақ ұлы Аристотель айтып бергені мәлім. Поэзия - әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық мұңы, өнердің шыңы.

1-жүргізуші:

Бүгін бізде қонақта М. Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университеттің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, фаризатанушы Зейнолла Жақсылықұлы мен ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы Ақмаржан Бақытқызы

2-жүргізуші:

Ақынның өмірбаянына көз жүгіртсек

Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын. Анасы - Иманғалиева Қалима. Ұлы - Оңғарсынов Айбар (1966 ж туған ). Немерелері - Анита (1987 ж туған ), Алан (1996 ж туған ), Әнел (1999 ж туған)
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
1-жүргізуші:
1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2-жүргізуші:

1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы.
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
1-жүргізуші:
Республикамыздың мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
2-жүргізуші:

Фариза Оңғарсынова - туған жерін, елін сүйген, өзін елінің бір бөлшегі санаған жан. Оның лирикасы үстіміздегі ғасыр беделінде орын алар, ұлттық рухани байлықтың бірегейі.

1-жүргізуші:

Фариза туған жерін сүйген, оған барлық жылы жүрегімен берілген ақын сол жердің тыныштығын, бейбіт өмірін ойдан шығара ала ма? Фариза өлеңдерінде де бұл леп ерекше.

Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін

қастерлі қасиетін жырлап бағам.

Ахметова Әсемгүл «Туған ауыл»

Отарғалиева Алиса «О, туған жер»

Қанатова Назерке «Ауыл»

2-жүргізуші: Фариза сонау Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған.

Нығметова Ақерке «Ертұрман»

Очелдиева Надежда «Әке туралы ой»

Балғабаева Бибінұр «Мен саған қарыздармын»

Бейнебаян көрсету

  1. -жүргізуші:

Достарым, ортам, қоғамым,

Оларсыз сөнем, соламын.

Салқындық сеуіп, сырт берсе,

Көңілім де - кірбің, жоқ әнім,

Солардың қабақтарымен

Налимын, тасып - толамын,

2-жүргізуші: Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы - поэзия.

Мақсотов Оралбек «Жылдан жылға сиреуде достары»

Иманғазиева Альбина «Жалған достар ертең жоқ, бүгін бірге»

Камаледденова Назгүл «Ортасында достардың»

Қайырғалиев Ақниет «Дос іздеп жүрмін»

Ән «Жақсы көру»

1-жүргізуші:

Қаламгер шығармашылығын зерттеп, «Фариза Оңғарсынова лирикасы» зерттеу еңбегінің авторы Зейнолла Жақсылықұлына сөз беріледі.

1-жүргізуші:

1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын шығармашылығының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.

Жұмабаева Жанбота «Менің тұнық сезімім»

Шакирова Айна «Телефон шыр етеді»

Мұрадым Жұпар «Ұнатып- ем»

Қайырғали Мадина «Мен тағы да ғашықпын»

  1. жүргізуші:

Ән: «Білмеймін» сөзі: Фариза Оңғарсынова әні Табылды Досымов

орындайтын 2 курс студенті Байбулатов Самат

1-жүргізуші:
Қазақтың дәстүрлі әдебиетіндегі тағылымды толғаулары мен бата-тілек өлеңдерінің ізін жалғап келе жатқан Фариза ақынның да оқырман жүрегінен орын алған бата-тілек өлеңдеріне кезек берейік

Ниетбай Шақан «ҚАРИЯЛАРҒА БАТА»
Түндерің тыныш болсын,
үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш әкелсін,
немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын,
дастарқандарың мол болсын!
Қатарларың көп болсын,
уайым-қайғы жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмеңдер,
зұлымдардың жаласын көрмеңдер!
Еліңде бірлік болсын,
жарасты тірлік болсын!
Әумин!

Әдесов Абай «ҚЫЗ БАЛАҒА БАТА»
Мақсотов Оралбек «ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА БАТА»

  1. жүргізуші:

Фаризаның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығы бәрімізге мәлім.

«Жетімнің монологы»

Келесі сөз кезегі ақынның көзін көрген, қамқорлығын сезінген, ақын сіңілісі Ақмаржан Бақытқызына беріледі.

Ән «Фариза» хор

  1. жүргізуші:

Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз. Фариза туралы пікірлер толассыз. Соларды тыңдасақ:

Пікірлер:

«Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»

Нұрсұлтан Назарбаев

«Фаризада халықтық рух бар, ол - елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын. Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын. Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын»

Әбділда Тәжібаев.

«Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін».

Ғабит Мүсірепов

Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.
Шерхан Мұртаза:
Фаризаның шағармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек.

А.Бақтыгереева

«Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу-ыза екпіні бар. Фаризаны мақтау қажет емес, мақтану керек»

Әкім Тарази.

Фариза - аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары.

Ә. Кекілбаев

Ән: Фариза

Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім...
М. Мақатаев

  1. жүргізуші:. «Өнерпаздық тұлғасын дүйім жұрты танып- білген, елі мен қадірі артқан, табиғат сыйлаған талантымен танылған поэзия тарланбоздарының шығармашылық өрнегінің өмірлік мұратқа айналып, зерттелуінің өзі- ғұмырлық рухани танымға ие заңды құбылыс» деп зерттеуші ғалым Зейнолла Жақсылықұлы айтқандай, Фариза Оңғарсынованың сезімді селт еткізер, жүректен шыққан жырларын әлі де тану, зерделеу алдағы ұрпақтың еншісінде дегіміз келеді.

  2. Жүргізуші:
    Фариза әлемі - әлі өзіміз сырына тереңдей қоймаған, бірақ айтулылардың бірі болып қазақпен бірге мәңгі жасайтын әлем.
    Қорыта айтқанда, Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңде күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүрсе де артық болмас еді.





© 2010-2022