«Жан дүниемді ақтарамын ақ параққа» сурет сайысы

Мақсаты:Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын,логикалық ойлау,еске түсіру,елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту,оған сүйспеншілігін арттыру.Өнерге баулу,шығармашылыққ тәрбиелеу.БАРЫСЫ:Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай «Жан дүниемді ақтарамын ақ параққа» күніне орай» атты сурет сайсына қош келдіңіздер!Жүргіз...
Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жан дүниемді ақтарамын ақ параққа» сурет сайысы.

Мақсаты:Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын,логикалық ойлау,еске түсіру,елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту,оған сүйспеншілігін арттыру.Өнерге баулу,шығармашылыққ тәрбиелеу.

БАРЫСЫ:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі біздің Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай «Жан дүниемді ақтарамын ақ параққа» күніне орай» атты сурет сайсына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Апталықтың әр күні бізді салауатты өмірге жетелейді.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда!

Жүргізуші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен,жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады.Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Жан дүниемді ақтарамын ақ параққа» 7-9 сынып аралығында өткізілетін сайысты ұйымдастырып отырмыз.

Жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Әділ - қазылықты технология пәнінің мұғалімі:Беспаева Қалдыгүл,Бегайдаров Асқар.

Жүргізуші:

Сіздерді сурет сайысының әдісімен таныстырамыз.

Сайыс 7-9 сынып аралығында өткізіледі. Әр сыныптан екі оқушыдан қатысады.

Тақырып төңірегінде Қазақстан халқы ассамблея ,Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Денсаулыққа байланысты осы берілген үш тақырып төңірегінде асфальт үстіне бормен сурет салу.

Жүргізуші:

Келесі кезекті әнге беремізорындайтын 8-сынып оқушысы «»әні:

Жүргізуші:

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Суретші балаларды шақырамыз.

Жүргізуші:

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар, - деп сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Жүргізуші:

Жарайсыңдар!Бүгінгі «Саламатты Қазақстан !»күніне орай Жан дүниемді ақтарамын ақ параққа деп аталатын бүгінгі сайысымызға ат салысып қатысқандарыңыз үшін рахмет!









© 2010-2022