Сынып сағаты Әке-отбасы тірлігі (6 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты.

Сыныбы: 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Отбасының қамқоры-асыл әке».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды отбасын құрметтеуге,ата ана алдындағы перзенттік парызын білуге,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға,ұлттық рухани байлықты сақтауға тәрбиелеу.отбасы туралы мақал-мәтелдерді үйрету.

Сабақтың барысы: Балаларды сабаққа қызықтыру.Зейіндерін тақырыпқа аудару.

«Әкем асқар тауым менің,анам кәусар бұлағым

Осы таудың саясында жайқалып мен өсемін

Кәсар бұлақ суыменен сусынымды қандырып,

Еркелеген,талшыбықтай ержетіп мен келемін»

Ал, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасының қамқоры- асыл әке».Сендерге мен бір мысал айтып берейін сендер мұқият,зейін қойып тыңдаңдар.

Бірде бір қария кісі өзінің баласымен көше бойын жағалап келе жатты.Көшенің екі жағы жап жасыл теректер,жаз мезгілі болғандықтан айнала жасыл желекке бөленген.көшенің ортасындағы гүлдерде ерекше құлпырып тұр.Құстардың сайраған дауысы естіледі.Қария баласынан: «балам,сайраған дауыс ненің дауысы?» деп сұрайды.Баласы: «құстың»деп жауап береді.Біраз жүрген соң қария тағы сұрайды,баласы жауап қатпайды.Аз жүрген соң ата тағыда баласынан сұрайды.Бұған қатты ашуланған баласы «құстың,құстың»деп зекіре жауап береді.Сонда қарт бір күрсініп, «балам сенде кішкентай кезіңде маған, анау не?мынау не?деп көп сұрақ қоятынсың.Есейіп бәрін өзің білгенше сұрадың,сол кезде мен саған ерінбей,жалықпай жауап беретінмін»- деп жүре берді.

Ал, балалар әңгімеден не түйдіңдер?Қандай ой туындады?

Калима: Менің бұл әңгімеден түйген ойым, «ата-ана қадірін балалы болғанда білесің»деп дана бабаларымыздың сөзінің маңызын,баланың әкесіне деген сыйластықтың жоқтығын,ең болмағанда өзінің есейгенінде көрсетер перзенттік парызын білмеуі көрініп тұр.Бұл жердегі менің айтар пікірімді: «Атаңа не көрсетсең,алдыңа сол келер»деген бабалар сөзімен жеткізсем деймін.

Абзал:Баласының әкесіне жасағаны дұрыс емес деп айтамын. «Қартайғанда үлкен кісі де бір бала» деп менің әке айтып отырады,және де атама әрдайымда жұмыстан қолы босай қалса қамқорлық танытып,көңілін аулауға асығады.

Айдана:Әке-өте асқарлы,айбынды,биік тау!біздер сол таудың етегіндегі көк шалғын шөптерміз.Әкеміз бізге дұрыс тәрбие,дұрыс бағдар бермесе біз осындай болып өсер ме едік.Сондықтан баланың әкесіне жасағаны дұрыс емес дер едім.Өзім осы әңгімеден соң әкемді қалай қуантсам екен деп ойланып отырмын.

Мұғалім:міне,балалар!Өздеріңнің пікірлеріңді,ойларыңды да естідік.Барлығыңа керемет әсер қалдырды деп ойлаймын.Ендігі сендерге қояр тағы бір сұрағым: Ата-анамызды соңғы рет қашан қуанттық?

Балалар ойланып, естеріне түсіріп айтып бергендері де болды,есіне түсіре алмай,қызарып,ұялғандары да болды.

«Жүректен жүрекке» : балалар ата аналарына ең жақсы,ең асыл сөздерін жеткізу үшін хат жазып,хатқалтаға салып ата-аналарына береді.

Балалар «Менің асыл әкем»тақырыбына ой толғау жазады.Әке,ана туралы мақал мәтелдер айтады.

Сабақты қорытындылау:Балалар! хат қалтаға салып,жазған тілектерің орындала берсін!Сендер ата-ана мақтанышы болып,шамшырағы болыңдар!

© 2010-2022