Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуіСабақтың мақсаты: есімдіктуралыжалпытүсінік, өздікесімдігініңанықтамасы, мағыналық, тұлғалықбелгілері, қолдануерекшелігітуралытүсінік беру;Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін,сөйлеу мәдениетін дамыту; Сабақтың тәрбиелілігі:адамгершілікке, жауапкершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Түрі:Жаңа материалды меңгерту Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, , талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу,топтау Көрнекілігі: тірек - сызба, инт...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаты: есімдік туралы жалпы түсінік, өздік есімдігінің анықтамасы, мағыналық, тұлғалық белгілері, қолдану ерекшелігі туралы түсінік беру;

Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін,сөйлеу мәдениетін дамыту;

Сабақтың тәрбиелілігі:адамгершілікке, жауапкершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі:Жаңа материалды меңгерту
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, , талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу,топтау
Көрнекілігі: тірек - сызба, интерактивті тақта, ойын түрлері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- класс ұжымымен амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
- сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тиянақтау.
Теориялық бөлімі.(Сұрақ - жауап әдісі) Интерактивті тақтада өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары беріледі.
- Балалар сөз таптары дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата.
- Есімдік дегеніміз не? Есімдіктің неше түрі бар.
- Біз есімдіктің қандай түрлерімен таныстық?
Оқушылар:
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар екенін, зат, сын, сан есімдермен танысқандарын, осы үш есім сөздердің орнына қолданылатын сөзді есімдік деп аталатынын, оның жеті түрі бар екенін айтып пысықтайды.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Өздік есімдігі»

Сабағымды «Еңбек-ырыстың бұлағы,Еңбек-бақыттың шырағы» атты халық даналығынан алынған мақалмен бастаймын.
Мұғалім: - Есімдіктер өте ерте заманда пайда болған сөздер қатарына жатады. Есімдіктің жеті түрі бар. Олар: жіктеу, сұрау, сілтеу, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық. Бүгінгі танысатынымыз өздік есімдігі. Өздік есімдігі бір ғана сөз арқылы жасалады. Ол - «өзі» сөзі, өздік есімдігі мағынасы жағынан адамның өзіне тән нәрсені білдіреді. Көбіне түбір мағынада қолдана бермей, тәуелдеулі, септеулі, жіктеулі, көптеулі түрінде қолданылады. Мысалы:
Жақтары ---------------------- Тәуелдеулі түрі ------------- Тәуелдеулі түрінде жіктелуі
І - жақ -------------------------- Менің өз - ім ---------------- Мен өзім - мін
ІІ - жақ ------------------------- Сенің өз - ің ------------------ Сен өзің - сің
ІІ - жақ(сыпайы түрі) ------ Сіздің өз - іңіз --------------- Сіз өзіңіз - сіз
ІІІ - жақ ------------------------ Оның өз - і ------------------- Ол өз - і

Септіктер ---------------- Жекеше түрі -------------- Көпше түрі
Атау септігі -------------- Өзім ------------------------- Өздерің
Ілік септігі --------------- Өзім - нің ------------------ Өздерің - нің
Барыс септігі ----------- Өзім - е --------------------- Өздерің - е
Табыс септігі ----------- Өзім - ді -------------------- Өздерің - ді
Жатыс септігі ----------- Өзім - де ------------------ Өздерің - де
Шығыс септігі ---------- Өзім - нен ----------------- Өздерің - нен
Көмектес септігі ------- Өзім - мен ---------------- Өздерің - мен

Оқушылардың санасында жаңа тақырыпты бекіту үшін өздік есімдіктің тәуелдеу, жіктеу, септеу үлгілері интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Оқушыларға тақырып толық түсіндірілген соң, өздік есімдігі дегеніміз нені білдіреді, анықтамасы қалай айтылады, кім жауап береді?- деген сұрақтар қойылып, тақырып пысықталады.
«Өздік есімдігі - деп, белгілі бір нәрсені, қимылдың, адамның өзіне тән екендігін білдіретін есімдік түрін айтамыз»

IVБекіту кезеңі

«Артық білім кітапта»

(Оқулықпен жұмыс)

105-жаттығу


1.«Кім жылдам» ойыны. Берілген өлең жолдарынан өздік есімдікті тауып, толық анықтама беру.
1. «Ана тілін - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте»

2. Өзін - өзі билеген ер бақытты,
Өзін - өзі билеген ел бақытты.

3. Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр бойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

4. Ана тілім - күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.

5. Өзім - тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім құран, бағынамын сөзіме.
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе.

6. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатынын ұмытпауымыз керек» / А. Байтұрсынов/

2.Есімдіктің мағыналық топтарының тапсырмаларын орындайды.

1.Жіктеу есімдігінің тапсырмасы

Ә.Сәрсенбаев «Сен құрметте оны» есімдікті табу.

2.Сілтеу есімдігінің тапсырмасы

Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып жазу.

Сергіту сәті Жұмбақ сұрақтар

1.Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің түрі (біз)жіктеу есімдігі

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)

3.Біреулері көрсетіп,нұсқап тұрады,біреулері зат есімнің орнына жүріп жұмсалады (сілтеу есімдігі)

4.Бір ғана сөзден жасалатын есімдік,есімдіктің ішіндегі ерекшесі(өздік есімдігі)

3.Өздік есімдігінің тапсырмасы

. Екі оқушы тақтаға шығып, «Өз кітабым» деген сөзді жекеше, көпше түрінде тәуелдеп жазып шығады.
Менің өз кітабым - өзімнің кітабым
Сенің өз кітабың - өзіңнің кітабың
Сіздің өз кітабыңыз - өзіңіздің кітабыңыз
Оның өз кітабы - өзіңнің кітабың

Біздің өз кітаптарымыз - өздеріміздің кітаптарымыз
Сендердің өз кітаптарың - өздеріңнің кітаптарың
Сіздердің өз кітаптарыңыз - өздеріңіздің кітаптарыңыз
Олардың өз кітаптары - өздерінің кітаптары

Шығармашылық жұмыс

Есімдіктерді қатыстырып, «Біздің сынып» тақырыбына мәтін құрау.



3. Балама тест. / Тест қорытындысын оқушылар өзара тексереді./
1. Өзім, өзі, өзің есімдіктері өздік есімдікке жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
2 Бұл, сол, ол есімдіктері сұрау есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
3 Есім сөздердің орнына есімдік қолданылады ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
4 Мен, сен, ол есімдіктері сілтеу есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
5 Кім, не, қай, қалай есімдіктері жіктеу есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ..

V Қорытынды
VI. Бағалау.
VІI Үй тапсырмасы. «Есімдіктер патшалығына»ертегі құрастыру.



© 2010-2022