- Преподавателю
- Классному руководителю
- Тәрбие сағаты: Көшбасшысы команда (5 сынып) сайыс сабақ
Тәрбие сағаты: Көшбасшысы команда (5 сынып) сайыс сабақ
Раздел | Классному руководителю |
Класс | 5 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Ханов Ш.У. |
Дата | 07.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Күні: 13.02.2016 оқу жылы
Тақырыбы: "Көшбасшы команда" сайыс сабақ
Мақсаты:
А) Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.
Ә) Ойлау қабілетін жетілдіру.
Б) Салауатты өмір салтын насихаттау.
І .Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Барысы:
І. Бәйге. "Қазақ тілі"
ІІ. Көкпар. "Спорт"
ІІІ. Жорға. 30 сек. ішінде сұрақтарға жауап беру.
IV тур Тіл - өнер
V тур: "Жұмбақ"
VІ. Қорытынды.
Топқа бөлу: І топ: "Жалын" тобы, ІІ топ: "Тұлпар" тобы. ІІІ топ: "Қыран" тобы.
І тур. Бәйге: "Қазақ тілі"
-
Лексика қай тілден алынған ? беретін мағынасы? (грек тілінен, мағынасы-сөз, сөздіксөздердің жиынтығы ,сөздік құрамы)
-
Көк аспан ,биік үй , дегендер қандай мағынадағы сөздер (тура мағына)
-
Күннің көзі, жиналыстың аяғы дегендер қандай мағынадағы сөздер (ауыспалы мағына)
-
Қара сөзінің омонимін тап? (қара қалам, айнаға қара)
-
Тамақ сөзінің синонимін тап? (ас,тамақ, дәм, тағам, ауқат)
-
Қатты сөзінің антонимін тап? (жұмсақ)
-
Табу сөздер дегеніміз не? (халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты атын тура айтуға тыйым салған сөздер)
-
Өлді сөзінің эвфемизімін айт? ( о дүниеге аттанды? Қайтыс болды)
-
Тұрақты тіркестің мағынасын тап? Қоян жүрек? Ит өлген жер (қорқақ,алыс )
-
Бидайдың кеудесін көтергені … (дақылы жоқтығы.) ,жігіттің кеудесін көтергені (ақылы жоқтығы)
-
Хан,патша, уәзір, би, аға сұлтан дегендер қандай сөз? (көнерген сөздер тарихи сөз)
-
Бәтеңке, кәлөш,адам, әдебиет деген сөздер қандай сөздер? (кірме сөздер)
-
Сым,сіріңке, тұқым сөздері қандай сөздер ? (диалекті сөздер, шалбар, жұмыртқа, оттық)
-
Глобус,карта, универсал,: интернационалдық терминдері айт? (глобус, карта)
-
Фонетика қай тілден енген? Нені зерттейді ? (грек,мағынасы тіл дыбыстарын зерттейді)
-
Қазақ әліпбиіндегі тоғыз төл әріпімізді ата? (ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,һ,і)
-
Дауысты дыбыстарды ата? (а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,и,у,э)
-
Жуан және жіңішке дауыстыладры ата? (жуан: а,о,ұ,ы,у жіңішке:ә,ө,ү,і,е,э,и,у)
-
Ашық және қысаң дауыстыларды ата? (ашық: а,ә,о,ө,е,э қысаң: ы,і,и,у,ұ,ү)
-
Еріндік және езілік дауыстыларды ата? (еріндік: о,ө,у,ұ,ү езулік: а,ә,е,э,ы,і,и)
ІІ тур. КөкпарСпорт ойындары
-
Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)
-
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының тұмар белгісінде қандай жануар бейнеленді? (Аю)
-
Қазақтан шыққан тұңғыш гимнасшы қыз кім? (Әлия Юсупова)
-
Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз? (тоғызқұмалақ)
-
Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)
-
Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде және қай жылы өтті? (1896. Афины. Греция)
-
Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? (пешка, слон, ат, ладья, ферзь, король)
-
Бильярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)
-
Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан қаласының 1500 жылдығына)
-
Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай жылы, қай елде өткізілді. Чемпион болған мемлекетті атаңыз? (1930 Уругвай. Чемпион Уругвай)
-
Афина Олимпиадасында футболдан жеңімпаз атанған қай елдің
құрамасы? (Аргентина) -
Баскетбол ойынында «Дриблинг» термині қандай ұғым береді? (допты еденге ұрып алып жүру)
-
Волейбол сөзі қандай ұғым береді? (волей - ұшу, бол - доп)
-
ФИФА тұжырымы бойынша 2004 жылдың ең үздік футболшысы кім? (Роналдинью)
-
Баскетбол ойынының авторы кім? (Джеймс Нейсмит)
-
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақтың бір туар боксшысы кім? (Серік Қонақбаев)
-
1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? (Жақсылық Үшкемпіров)
-
«Балқаш Барысы» атанған қазақстандық боксшы кім? (В. Жиров)
-
Афины Олимпиадасының чемпионы, «Баркер» кубогінің иегері кім? (Бақтияр Артаев)
-
Мұздағы би қалай аталады? (мәнерлеп сырғанау)
IV тур "Тіл - өнер"
-
Жұт жеті ағайынды ( жеті - семь - seven)
-
Екі қолға бір күрек ( бір - один - one)
-
Өнер алды - қызыл тіл ( қызыл - красный - red)
-
Өзі сөйлей білмейді Салған ізі сөйлейді ( қалам - ручка - pen)
-
Қалың киімді ұнатады Шешіндірсең жылатады ( пияз - лук- onion)
-
Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады ( қар - снег - snow)
V.Жұмбақ.
1.Сұрақ: 10 түрлі жұмбағым бар. Ол мынау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. Ол қандай жұмбақ?
2.Жауап: Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
-Бірден онға дейінгі сандардың мағынасын маған ешкім айтып бере алмады.Қазыбек сен айтып берші,-деген екен.
Сонда Қазыбектің берген жауабы:
-Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніңіз-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.
Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған хан жаман.
Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз-толғаныңыз.
Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
2.Сұрақ: "Дүниеде не өлмейді?
Жауап: Әз Жәнібек ханның алпыс екі биі болған екен. Бір долы хан билеріне:«Дүниеде не өлмейді?» деп сұрақ қойғанда, алпыс бір биі бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып:
Ағын судың өлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді, - дейді.
Қорытынды.Топтарды марапаттау
Тақырыбы: "Көшбасшы команда" сайыс сабақ
(5 "ә" сынып)
2015-2016 оқу жылы