Тәрбие сағаты

тақырыбы: «Ана саған табынам!» ( 8 наурыз! ) мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен арулардымерекеменқұттықтау, оқушылардымейірімділікке, ұстамдылыққатәрбиелеу, ұстазғаата-анағадегенқұрметсыйынарттыру, анаеңбегінқадірлейбілугеүйрету. Барысы: Кіріспе: Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кеш... Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар!   Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты





Тақырыбы:

« Ана саған табынам»





тақырыбы: «Ана саған табынам!» ( 8 наурыз! )

мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен арулардымерекеменқұттықтау, оқушылардымейірімділікке, ұстамдылыққатәрбиелеу, ұстазғаата-анағадегенқұрметсыйынарттыру, анаеңбегінқадірлейбілугеүйрету.

Барысы:

Кіріспе:

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерденөскенбалалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймызмейраммен,

Құрметтіабзаланалар. - дейкелеқұттықтаусөзкезегімектеп директоры

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

1-оқушы:

Бастайын өлеңімді ана деп мен

Өйткені ол ғой бізді адам еткен

Біз үшін ұйқысын төртке бөлген

Өмірде ең қымбаттым «Анам» екен.

2-оқушы:

Жол сілтедің өмірге, жетеледің,

Сен болмасаң, анашым, не етер едім?

Балалықпен істесем қателікті,

Өзің барсың кешіріп, көтеретін.

3-оқушы:

Өзің - дар мен үшін, сөзің - дана,

Көңілімде тұрасың, көзімде - ана.

Бұл дүниенің жарығы Ай мен Күн,

Айналайын анашым, өзің ғана!

4-оқушы:

Қасымызда қарайлап аман жүрші,

Ортамызда әрқашан ойнап-күлші.

Ақын болып жаралдым бір өзіңнен,

Бар сырымды жырымнан байқап, білші!

5-оқушы:

Ана деген асыл жан ғой ардақты

Кейде жуас кейде қатал салмақты

Ақ шашына қарыздармыз біз саған

Ойлай берме ер жетеміз жап жақсы.

6-оқушы:

Алыста жүріп сағынам!

Өзіңе мәнгі табынам!

Бас Иіп өтем Анама!

Ақ жаулығын жамылған!

7-оқушы:

Ана біреу бұл өмірде бәріңде

Бар олардың жасы да кәрісі де

Аялаңдар құрметеңдер анаңды

Бәріңізде, бәріңізде, бәріңізде.

8-оқушы:

Анашым ақ жарқыным

Өзіңсің бар байлығым

Күш қуат бердің өсірдің,

Қадіріңді енді ғана түсіндім.

9-оқушы:

Кеудесінде даналықтың сөзі бар,

Маңдайында жарқыраған көзі бар.

Қара шашты, қара көзді анашым

Ұлыныздың ақ тілегін қабыл ал.

10-оқушы:

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдікте.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымыққа,бірлікке.

11-оқушы:

Қамқошы боп жүреді

Маңдайымнан сүйеді

Суға түсіп отқа да,

Бір мен үшін күйеді.

12-оқушы:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана, табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

13-оқушы: .

Би: Қара жорға (ұлдар)

Ойын: Ата -анаға

балаға:

«Кім тапқыр». Сұраққа тек қана қыз балалар ғана жауап береді. Жетондар көп алған топ жеңіске жетеді.

1-Жүргізуші:

1. Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалтты? (хрустальді туфли)

2. Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, ең мейірімді жандар деп кімді атаймыз? (ана).

3. Бақаханшайымышынөмірдекімболған? (Василиса Прекрасная)

4. Өніміжердіңастындаөсетінкөкеністердіатаңдар. (картоп, сәбіз, қызылша, сарымсақ, пияз).

5. ҚызылТелпектібәріненкөпкімжақсыкөрді? (апасы)

6. Майсыздәмдікашанықалайпісіругеболады? (әзіл: үлкенмахаббатпен).

7. Қасиеттітағам. (нан)

8. Еңкиеліқұс. (аққу)

9. Қабатқабатқаптама, ақылыңболсааттама. (кітап)

10. Ананыңкөңілібалада, ... жалғастыр (баланыңкөңілідалада).

Өз жанынан анаға деген шығармашылығы: Тулубаева Анарида, Аманжолова Дана, Бақыт.

Би: Тентектер.

Көрініс: « Шырылдаған балапан».

Сыйлық табыстау.

Ұстаз деген қасиетті адам бар.

Біле білсең сенің екі анаң бар,

Бірі сенің- туған анаң болса, егер

Екінші анаң- ұстаз деген анаң бар,

Қыздарға арнау

Ізгіліктер нұрын шашқан ғаламат,

Аруларды сүйе білгін адал-ақ.

Сол арулар - ертеңгі ұрпақ анасы,

Өтейікші алақанда аялап!

Ана -барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар ,біздің «Ана саған табынам» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламаттаболыңыздар!

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Сарыөмір ауылы

Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ

Хайруллина Сандуғаш Орынғалиқызы



© 2010-2022