Ең тапқыр оқушы сайыс

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ.Кемеңгеров атындағы орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы Абайдың 170 жылдық мерей тойына байланысты М.О.Әуезовтың атақты «Абай жолы» роман -эпопеясынан әрбір сыныптың жас ерекшеліктеріне сай алынған үзінділерден диктанттар жазу күні өтті. Бұл шараға мектебіміздің 5 - 11-сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға алдымен ұлы ақын жайлы «Абай -дара, Абай - дана қазақта» тақырыбында дайындалған деректер мен суреттер көрсетілді. Жалпы оқушылар бұл күні Абай әлеміне шолу жасап, ой бөлісумен қатар сауаттылықтарын да көрсетті. Сауаттылықтары бойынша ең жоғары көрсеткішті 7 -сынып оқушылары көрсетті. Соның ішінде Қабдолла Зарина, Игілік Келбет, Зада Айтілеу мен Сабыр Арнагүлдердің жұмыстарын ерекше айтып өтуге болады. Алдағы уақытта да Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған шараларды өткізу жоспарланып отыр.

А.С.Жуманова. Баянауыл ауданы, Қ.Кемеңгеров атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

© 2010-2022