Білекті бірді, білімді мыңды жығар интеллектуалдық сайыс

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Білекті бірді, білімді мыңды жығар

(Интеллектуалдық сайыс)

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың әдісі: Ойын элементтері
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. Сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады.

Психологиялық сәт: Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адамдық.
Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз. Оқушылар әр түрлі түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп отырады.


Қыздар тобы - «Гүлдер», ұлдар тобы - «Ұлағат». Сайыс 8 айналымнан тұрады.
I айналым: «Сәлем - сөздің анасы».
II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
III айналым: «Анаграмма»
ІҮ айналым: «Ойлан тап»
Ү айналым: «Кім жылдам?»
ҮІ айналым: «Ұшқыр ой»
ҮІІ айналым: «Білімділер патшалығы» ҮІІІ айналым: Қорытынды.
I айналым: «Сәлем - сөздің анасы»
Бұл шартта сыныптың ұлдары мен қыздары екі топқа болініп, топтарының атын қорғап, сәлемдеседі. Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.
«Ұлағат» тобы:

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар, жігерлі дос, құрбылар!
Қарсыласым, сәлем бердік бәріңе,
Бас иеміз сәлем беріп иіле!
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге - дүние жарық, білімсіздің күні - кәріп».


«Гүлдер» тобы:

Бір сыныпта оқимыз бәріміз де.
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»

II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
1-кезең: бұл шартта оқушылар мақалдың екінші сыңарын айтады.

Көп тілесе алар,........(Күн бұлттанса жауар).
Сумен ойнама батарсың,........(Отпен ойнама жанарсың).
Ел жаусыз болмас,........ (Жер таусыз болмас).
Елу жылда -........ (Ел жаңа)
Ер салмағын ел көтереді,........ (Ел салмағын жер көтереді)
Жан қиналмай жұмыс бітпес,........ (Талап қылмай мұратқа жетпес)
Істегенің еліңе жақсы,........ (Үйренгенің өзіңе жақсы)
Ақыл - тозбайтын тон,........ (Білім - таусылмайтын кен)
Білген кісі тауып айтады,........ (Білмеген кісі қауып айтады)
Өз білмегеніңді кісіден сұра,........ (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра) Күте білсең,.........(жер жомарт)
Жері байдың -.......(елі бай)
Сулы жер -...........(нулы жер)
Су біткен жерде......(өмір де бітеді)
Құлан қырдың көркі,....(құндыз судың көркі)
Дана көптен шығады,......(дәрі шөптен шығады)

2-кезең: мақалдан түсіп қалған сөзді табады.
Ойлай білсең дана боласың, ойнай берсең....(бала боласың)
Жұмыссыз жастың жүргені сөкет,... (иттен) басқаның үргені сөкет
Ойдың көркі тіл, тілдің көркі...(сөз)
Ауырып ем іздегенше ауырмаудың....(жолын) ізде
Жердің сәні егін, ердің сәні...(білім)
Кісі көркі жүз, жүздің көркі....(көз)
Жер -...(ана), ел - бала
Гүл қайда болса,...(көбелек ) сонда болады

III айналым: «Анаграмма»
Бұл айналымның шарты бойынша оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.
Кесіб - бесік
Иот - той
Арыбмод - домбыра
Саж - жас
Анызақ - қазына
Екерем - мереке
Ысабот - отбасы
Сытай - айтыс
Келйокит - иткөйлек
Зыбоқ - қобыз


ІҮ айналым: «Кім жылдам?» шарты: берілген сұрақтарға жылдам жауап бер:
Қымыз - түйенің сүті ма?
Қыз қуу - қазақтың ұлттық ойыны ма?
Наурыз жаз айында басталады ма?
Абай - қазақ халқының ұлы ақыны ма?
Қазақстанның Астанасы - Алматы қаласы ма?
Қуырдақ қазақтың ұлттық тағамы ма?
Абай жолы романын С. Сейфуллин жазды ма?
Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімі ма?
Роза Рымбаева - Ресей әншісі ма?
Қазақстан Украинамен шектеседі ме?


Ү айналым: «Ойлан тап»
Бүл шартта оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.
1. 1т мақта ауыр ма, 1т темір ауыр ма? ( тең)
2. Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды? ( түйеқұс ұшпайды)
3. Сегізінші наурыз күні 2 шеше мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды. Сонда қанша адамға орамал сыйға тартылды? (3 адам)
4. Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі артында, біреуі алдында. Барлығы қанша үйрек? (3 үйрек)
5. Егер «М»-дан бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»- ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын (Май - ай)
6. «К» - ден бастап оқысаң Құс атауы, қарашы!
«Е»- ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы. (кекілік - екілік)
7. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (түс)
8. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады?
9. Әженің Мирас атты немересі, Ақтөс деген иті және мысығы бар. Әженің неше немересі бар? (1 немересі бар)
10. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
11. Екі күн бойы жаңбыр жаууы мүмкін бе?(жоқ, өйткені күндердің арасында
түн бар)
12. Төрт аққайың өсіп тұр. Әр қайыңның төрт бұтағы бар, әр бұтақтың төрт сабағы бар. Әр сабақта төрт алма өсіп тұр. Сонда қанша алма бар? (Аққайыңда алма өспейді)
13. 31 - ші ақпан күні не болады? (31 - ші ақпан болмайды)
14. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады? (көз)


ҮІ айналым «Ұшқыр ой».
Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
«Гүлдер» тобы: Атамекен.
«Ұлағат» тобы: Болашақ.
Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.

ҮІІ айналым: «Білімділер патшалығы»
Бұл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.
Айтыстың түрлерін ата? (қыз бен жігіт, бәдік айтыс)
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? (домбыра, жетіген, сырнай)
Кәсіби мереке күндерді ата? (мұғалім, дәрігер, шахтер, шопан)
Төрт түлік малға нелер жатады? (сиыр, қой, ешкі, жылқы)
16 желтоқсан қандай мереке? (тәуелсіздік күні)
Абайдың шын атын атаңыз? (Ибраһим)
Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
ҮІІІ айналым: Қорытынды Алған фишкалары есептеліп, жеңімпаз топтар марапатталады.







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



АСТАНА ҚАЛАСЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІ





ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС:

«БІЛЕКТІ - БІРДІ ЖЫҒАР, БІЛІМДІ - МЫҢДЫ ЖЫҒАР»







ДАЙЫНДЫҒЫН: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ Г.И.АБДУВАЛИЕВА







2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022