Тәрбие сағаты Кітап - білім қазынасы (3 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітап-білім қазынасы

Сабақтың мақсаттары:Кітап-сарқылмас рухани қазына,-дей келе білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру;

Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;

Кітапқа деген қызығушылығын арттыру,оқушыны кітапты күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,кітаптар.

Сабақ барысы:Мұғалім сөзі:Құрметті ұстаздар және оқушылар!Бүгінгі «Кітап-білім қазынасы»атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.Тәрбие сағатымызды кітаптар қоры кітапханада өткізгелі отырмыз.Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының інжу -маржанын бойына жинайдыда,оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.Кітапсыз адам өмірі бос.Кітап біздің досымыз ғана емес,сонымен бірге тұрақты мәңгілік серігіміз.Әр кітап-Отан байлығы.

1 бөлім» Кітап-біздің досымыз».Нариман:Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар атамыз жырлағандай,әдеби кітаптар мен оқулықтар білім көзі,рухани қазына.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімді молайтады,көп үлгі -өнеге береді,тәрбиесінен әсер аламыз.

Ердәулет:Мен адамның досымын.Менің атым кітап.Мені жасау үшін адамдар көп еңбек сіңіреді.Алдымен орманнан ағаш кеседі.Оны фабрикаға апарады.Содан соң авторлар еңбек жазады,сурет салады.Баспахана суреттер мен жазуларды басып.кітап етіп шығарады.

Гүлбина:Кітап кәріге де,жасқа да қажет.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Кітап біздің дүниетанымымызды кеңейтіп,рухани дүниелерімізді оятады,ертегі,әңгімелермен сыр шерткен кітап-сенің ақылшың.

Айдынбек:Қазақстан азаматтары білімді,мәдениетті өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім,ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.Кітап жасау үшін көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

Фархат:Біздің елімізде бірде -бір бала мектептен тыс қалмайды.Жалпыға бірдей білім беру туралы Мемлекеттік маңызы бар «Білім туралы Заң»қабылданған.

Әнуар:Оқулықты бүктеп ,жыртып бүлдіруге болмайды.Өйткені әр кітап Отан байлығы.Елімізде кітап шығаруға қыруар қаржы жұмсалады.Кітап-адам өмірінде аса маңызды рол атқарады.Олелді,жерді сүюге,талапты,кішіпейіл болуға, мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.

Гүлназ:Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге алады.Кітап-біздің рухани жан азығымыз.

2 бөлім» Кітаптар мұңы».Көрініс

Беттерін шаң басқан бір топ кітаптар бөлменің бұрышында жатыр.Көзін сығырайта ашып бир кітап жан-жағына қарады.Аздап керіліп, жанындағы кітапқа

-Ей, тұрсаңшы,біз қайда келдік,тірімісің өзің?

-Ой,мазамды алмашы.Өйткен тірлігі құрысын.

-Не болды соншама?Жалғыз сен деймісің?Сыртын бүтін гой.

-Сыртымды қайтесің?Сыртым бүтіе болғанымен ішім түтін.Ана тілімін.Мені басып шығару үшін қаншама адам еңбек етті.Адырбай деген баланың қолына түстім.Бір жылда осындай күйге түстім.Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын.Ол парақтарымды жыртып алып,кептер жасап ойнады.

-Онда бәріміз мұңдас болдық қой,ендігі күніміз не болар екен?Мүмкін бәрімізді жинап отқа жағар?

Бәріміздің арманымыз білімге қызығатын ұқыпты баланың қолына түссек екен!Иә, достар,кітап қадірін білетін жақсы балалар саны көбейе берсін!

/көріністі талқылау/

3 бөлім » Кітап досым, ,ақылшым»Оқушылар кітап туралы тақпақтарын оқиды.

Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы! Адамның досы-кітап,өмір кілті,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы. Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.

Ел мұңы, көңіл сыры,ақын жыры, Ақылшы,жанға серік жол бастаушы

Басылған таңба болвп өзіңдей осы. Асыл ой қазынасы,өмір көркі.

Кітап!

Сөлесіп өзіңменен тіл қатады, Кітапты оқымайды сыйламаған,

Еріксіз өзін саған тыңдатады. Білімге жанын жанып қинамаған.

Жеткізіп өткендердің өсиетін, Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Шешіліп кейде достай сырласады. Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

4 бөлім» Кітап емханасы» Көрініс «Науқас кітап»

Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім.Ол қатты науқас .

Дәрігер: Жарайды алдымен диагнозын анықтап алайық .

Оқушы :Мен үйде жоқта кішкене балалар алып ,осындай күйге түсірген.

Дәрігер: Мұңайма ,емдеп жазамыз,

Кітабыңа су тиген,беттері жыртылған.

Кітабыңды түптеймін,жыртылмасын

Мұқабасын бүктеймін,қырқылмасын

Таза болсын беттері,кірлемесін

Көрген адам кітабың кір демесін. Мен мынадай кеңестер жазып беремін,үнемі есіңде сақта.

Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.Кітап беттерін жыртпа, сурет салма,жазба.Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Балалар,сендер не дейсіңдер ? Мұғалім сөзі:Балалар,адамдар,жан-жануарлар,өсімдіктердің ауруы сияқты кітапртарда ауырады.Кітаптарда мынадай ауру түрлері болады екен.

1.Туғаннан пайда бллған аурулар/баспадан дұрыс басылмаған/

2.Қартайғаннан болатын аурулар/көп жыл ұсталған/

3.Жұқпалы аурулар/жыртылып,сия төгіліп немесе май қолмен ұстау/

4.Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын ауру./терезенің алдында күнде көп тұрып қалудан, дымқыл жерде сақталуы/

5.Бақытсыздықтан/кездейсоқ/болатын аурулар/жығылып батпаққа былғануы,жыртылуы т.б/

Тәрбие сағаты көңілді әнмен,ырғақты бимен аяқтал

Кітапты ұстау ережесі.

1.Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы,ғылым мен білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы.

2.Кітапты күнделікті үзбей оқуды дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарла.

3.Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі мақсат пен жоспар бойынша оқуға дағдылан.

4.Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен,бірыңғай жолмен оқуға болмайды.

5.Кітапты төсекте жатып,ас ішіп отырып оқыма,кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.

6.Кітапты оқығанда ойға сақтауға,керектерін жатқа айта білуге,керекті сөздерді жазып алып,өмірде пайдалануға әдеттен.

7.Кітапты көп оқысаң сөз байлығың молайып,сөйлемдерің мәнді,өткір,ойлау қабілетің терең болады.

8.Кітаптағы түсінексіз жерлерді бірнеше ретойланып,талдау жасап оқы.

9.Кітаппен қоса газет-журналдарға жазыл,біліміңді көтер.

10.Кітапты қағазға орап,қаппен қаптап ұста,кітаптың мұқабасы кертілмейді.

11.Кітақа қарындаш,қалам салуға болмайды,кітаптың бұрышын қайырма,одан кітап жыртылады.

12.Кітапты жыртпа,сурет салма,жазу жазба.

13.Кітапхана кітабына өте мұқият қарау керек.Кітапхана кітабын өз уақытында қайтару керек.

Балалармен сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, жауаптарын талқылау.

-Сіздер қандай кітап оқисыңдар?

-Қандай басылымдарға жазылдыңдар?

-Соңғы оқыған кітаптарың туралы әңгімеле,авторы кім?

Интерактивті тақтадан әлемдегі ең қызықты кітаптар туралы слайдтар тамашалау.

Тәрбие сағаты көңілді әнмен аяқталды.

Әйтеке би ауданы,Талдысай орта мектебі

1 санатты бастауыш класс мұғалімі

Атбагарова Гулжакан Алиқызы













© 2010-2022