Тәрбие сағаты Әдептілік әліппесі

Бұл "Әдептілік әліппесі" тақырыбындағы тәрбие сағатымның мақсаты:               1.Оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету.                  2. Шыншылдыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға,    туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу.           3. Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақта қолданылған әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап.Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: слайд, мақал-мәтел, нақыл сөздер. Бұл тәрбие сағатта оқушы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

С. Шапағатов селосы

Бесімбаева Раскүл

Бастауыш сынып мұғалімі.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі.

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету.

2. Шыншылдыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу.

3. Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: слайд, мақал-мәтел, нақыл сөздер.

Сабақ жүрісі: I.Ұйымдастыру.

I-бөлім: Мақал-мәтелдер

II-бөлім: Әдеби музыкалық монтаж

«Не деу керек».

III. Сұрақ-жауап. Ізгілік, әдептілік жөнінде.

IV. Жақсы,жаман әдеттер.

V. Қазақтың ырымдары.

VI. Көрініс «Көліктегі тәртіп»

VII. Коцерттік бағдарлама.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі болатын 3А-сынып оқушыларының «Әдепті бала-арлы бала!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды. Өмірде бұл құбылыстар қатар орын алған. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн екендігін дәлелдей түседі.

I-бөлім: Әдеби музыкалық монтаж «Не деу керек».

II-бөлім: Мақал-мәтелдер.

1.Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені.

2.Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат-надандықтың белгісі.

3. Жақсы бала-сүйік, жаман бала-күйік.

4. Жақсыға шаң жуымас, жаманға жан жуымас.

5.Өнерлі адам өрге жүзер,

Өнерсіз адам жер сүзер.

6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

III-бөлім. Ізгілік, әдептілік жөнінде.

1-оқу.Бақшаны суарып, келеді су алып,

Қолды жайнатып, самаурын қайнатып.

Үйде де, түзде де қылығы өнеге,

Ұстазы бізге де ұнайды ол неге?

Хор: (Себебі ол еңбекқор бала)

2-оқу. Екі болса алғаны-

Бала ұятқа қалғаны.

Қашқан бала қарыздан-

Су жүрек қой ол жазған.

Хор: (Себебі ол қорқақ бала)

IV-бөлім: Жақсы,жаман-әдеттер.

1-топ 2-топ

Үлкенді сыйлау Өтірік сөйлеу

Өтірік айтпау Салақтық,еріншектік

Сабақтан қалмау Бұзықтық, сабақтан қашу,

кішіге күш көрсету

V-бөлім: Қазақтың ырым сөздері.

  1. Бүйіріңді таянбау

  2. Жалғыз ағашты кеспе

  3. Үлкеннің алдын кесіп өтпе

  4. Үйге қарай жүгірме

  5. Күлді баспа

IV-бөлім: Көрініс «Көліктегі тәртіп»

Қатысушылар: Қарт әжей, көлік, Айдос бала.

  • Сәлеметсіз бе? Әжей?

  • Сәлеметсіңбе? Балам!

  • Кешіріңіз, қолыңыздағы сөмкені көтеруге рұқсат етіңіз.

Сонда әжей сөмкесін балаға береді. Айдос сөмкені автобусқа көтеріп мінеді. Балалар әжейге орын бермейді, Айдос достарына ренжиді. Содан әжей бір балаға: балам атың кім?

  • Жақсылық

  • Нешінші сыныпта оқисың

  • 3«А» сыныбында

  • Апайларың үлкенге жол беруді үйретпеді ме?

  • Кешіріңіз ,отырыңыз әжей

  • Рахмет балам. Өркенің өссін, әрдайым осындай әдепті бол, үлкенді сыйла,-дейді.

Концерттік бағдарлама:

Мұғалім: Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы. Кім дейміз?

Хор: Әдепті екен бұл дейміз!

Мұғалім: Таудай биік талабы.

Жақсы оқитын баланы. Кім дейміз?

Хор: Үлгілі екен бұл дейміз!

Ән: «Мен әдепті баламын»

Би: «Өзбекбиі»

Ән: «Қуыршағым»

Ән: «Атамекен»

Жүргізуші: Құрметті тыңдарман қауым «Әдептілік-әліппесі» атты тәрбие сағатымызды «Болайықшы осындай» әнімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.





Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысында ұйымдастыру ерекшеліктері

Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, эконогмикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар- шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Осыған байланысты мектеп баланың дамуда негізгі рөл атқарады.

Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасытың қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңейюі. Мектеп қабырғасында қаланады.

Мектептің оқу-тәрбие үрдесінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытуымен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар кезеңінің де бірлігін жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігін, ғылыми көзқарастың қалыптасуын қалыптастырады.

Пәнаралық байланысты мектеп мұғалімдері өз тәжірибелеріне сүйеніп жүргізеді, сондықтан да оқулық пен оқу құралдарындағы тапсырмаларды пәнаралық байланыстың жете қамтылуын ойластыру қажет. Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек.

Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.

Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогы артына өшпес, өлшеусіз мұра қалдырған Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін уйренуге басшылық» деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға сай негіздеді.

Оқулықтарда балалардың ойлауын, сөз қорын өзіндік таным қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары, айнала қоршаған орта, тұрмыс-тіршілік көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек әрекеттері т.б материалдар алынған.

Пәнаралық байланыстың алғашқы жоғары деңгейінде пәндерді біріктіру негізінде кешенді ғылым пайда болды. Екінші деңгейі- дидактикалық біріктіру деңгейі. Бұл деңгейдегі оқу пәндері байланысы үнемі жүзеге асырылып, өзара бірлесіп әрекет етуші пәндер өз мәртебесін өз тұжырымдамасы негізінде сақтайды.

Пәндердің өзара байланысы оқушылардың білім зерттеу, талдау жүйелері арқылы шешіледі. Әр сабақта оқушылар өздерінің жұмысы барысында жаңа дағды мен іскерлікке ие болады. Сондықтан мұғалімдер мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсету қажет.



© 2010-2022