Научная работа по воспитательной части

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока - кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді алға тарта отырып, Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтты депутат. Қазіргі кезде газдандырылған сусындар біздің тұтынатын тағамдарымыздың ажыратылмас бір бөлігі болып табылады. Оны тұтыну көлемі де жыл сайын өсіп келеді. Әс...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Научная работа по воспитательной части

Coca-Cola

Түрі

Алкогольсіз сусын

Мануфактура

The Coca-Cola Company

Мемлекеті

АҚШ

Көрсетілім

1886

Түс

Карамель E-150d

Дәм

Cola, Cola Cherry, Cola Vanilla, Cola Green Tea, Cola Lemon, Cola Lemon Lime, Cola Lime, Cola Orange and Cola Raspberry.

Нұсқалары

Брэндтер тізімін қараңыз

Қосалқы тауарлар

Pepsi
RC Cola
Cola Turka
Zam Zam Cola
Mecca-Cola
Virgin Cola
Parsi Cola
Qibla Cola
Evoca Cola
Corsica Cola
Breizh Cola
Afri Cola

Веб-сайт

coca-cola.kz

Научная работа по воспитательной части

The Las Vegas Strip World of Coca-Cola museum in 2003

Кока-кола ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады.

«Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия штаты,

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

Негізгі бөлім.

II бөлім. Газды сусындар............................................................................

1. 1 Кока - кола сусынының шығу тарихы..…………………………5

1.2«Coca-Cola» зауытының тарихы туралы…………………………6

1. 2 Сусынның құрамы..………………………………………………8


II бөлім. Зиянды газды сусындар «Пепси», «Кока-кола»

2.1 Зиянды газды сусындардың үй шаруашылығындағы маңызы мен денсаулыққа кері әсері................. ........................................................................11
2.2 Кока - коланың шынайы бейнесі……………………................................13

2.3 Кока - коланың қызық тұстары........................... .........................................14

2.4 Қызықты айғақтар........................... ...............................................................16

Қорытынды..........................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................19





Кіріспе

Ми қайнатар ыстықта аңқасы кеуіп шөліркеген жұрт неше түрлі құты - қалбырлардағы суларды сатып алып жатады. «Кока - Кола», «Фанта», «Спрайт», «Макси чай», «Либелла», «Некси чай» дейсіз бе, толып тұр. Бұрын - соңды аты белгісіз «су жаңа» сусындар қаншама? Ол қайдан шыққан, қалай жасалған, бауырға әсер етіп, бүйректі сыздатып, асқазан ауруын қоздырмай ма, бұл мәселеге бас қатырып жатқан халық жоқ, шөлі қанса болды. Әсіресе, балалар жағы бояғыштар мен стабилизатор, консерванттар, эмульгаторлар қосылып жасалған осындай қызылды - жасылды сусындарға тым құмар.
Сонымен, бұлар қандай сусындар? Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? Бұл туралы мамандар не дейді екен?

Өзімізді мазалаған сұрақтарға жауап табуға әрекет істеп тұрмыз
- Салқындатылған алкогольсіз сусындардың құрамы туралы не білеміз?
- Неге екені белгісіз, осындай алкогольсіз сусындарды көпшілік шырын деп жиі қателеседі. Бұлар ешқандай да шырын емес. Бұл - су, синтетикалық ароматизатор, тәттілегіштер, бояғыштар, яғни осы төрт құрамнан жасалған жасанды дүниелер. Неше түрлі жарнамаларда бұл сусындардың «еш зияны жоқ» деп жақауратқанмен, бәрібір бұлардың адам ағзасына зиянды екені даусыз. Мұндай сусындарды балаларға мүлдем беруге болмайды

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока - кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді алға тарта отырып, Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтты депутат.
Атап айтқанда, бұл заттар өкпе - бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока - кола» компаниясының 5 түрлі өнімінде айтарлықтай мөлшерде табылған».
Тағы бір қызығы, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орнына қолданылушы зат - аспартаманың тағам құрамында бары да жазылмаған көрінеді. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы бертінде анықталған.
Біз сөз етіп отырған мәселені Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы әлдеқашан сезіп, «Кока - Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген.
Жан шошырлық мынадай хабар таратылғалы біраз болды. «Кока - коланың» керемет «қасиетін» түйсінген кей адамдар мәшиненің радиоторын жууға, трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Тәжірибе жасағандардың айтуынша, «нәтиже» жаман емес тәрізді. Кез келген датты «жұлып» алып, айнадай жалтыратып қоятын «қызметін» айтсаңшы.
Научная работа по воспитательной части

Зерттеу тақырыбы: Сoca - cola сусынының адам ағзасына тигізетін адам денсаулығына кері әсері

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде газдандырылған сусындар біздің тұтынатын тағамдарымыздың ажыратылмас бір бөлігі болып табылады. Оны тұтыну көлемі де жыл сайын өсіп келеді. Әсіресе олар жастар мен жасөспірімдер, балалар арасында көп ішілетін болды. Газды сусындар-шөлді қандыратын алкогольсіз сусындар.Жаз маусымы басталғаннан сауда орындарында сусынның саудасы да қыза түсетіні белгілі. Себебі, ми қайнатар аптап ыстықта шөлдемеу мүмкін емес.Шөлдеген адам сөз жоқ су алып ішеді.Оның үстіне газдалған сусындарға үйір болады.Кока кола Спрайт Фантадан бастап лимонадтардың қаншамасы бар. Оған қоса бұл сусындардың түрлері көбеюде.

Соңғы онжылдықта салқындатқыш сусындар шығаратын алкогольсіз газды сусындар өндірістері өте қарқынды дамуға мүмкіндіктері болды.Өнеркәсіптердің алдына өте үлкен талаптар қойылған, яғни жоғары сапалы өнім шығару. Өндірістік процестің әрбір бұзылуы кішігірім болса да шығынға әкеледі, алайда өндірістік ақаулар дайын өнімнің сапасын төмендетеді, яғни ол дегеніміз ол өнімге сұраныстың азаюына әкеледі. Мұндай жағдайлар барлық технологиялық талаптарды қатаң түрде сақтауды қажет етеді, сақталмаған жағдайда газды алкогольсіз сусындар дайындау процесінде келеңсіз жағдайлардың тууы әбден мүмкін.

Жұмыстың мақсаты: газдалған сусындармен толық танысып, оны дайындау мен адамның денсаулығына кері әсерін түсіндіру.

Газдалған сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау.

Адам өмірінде ерекше зияны бар кока - кола сусынының қазақ еліне тигізер зияның дәріптеу.

Адам өміріне қауіпті бұл сусынды жою арқылы, өзіміздің, пайдасы мол ұлттық сусындарымызды жандандыра отырып, Қазақстан Республикасының жарқын болашағына дені сау ұрпақ аяқ басса.

Жұмыстың міндеттері:

  • Газды сусындар және оның құрамына қосылатын компоненттер;

  • Газды алкогольсіз сусындардың технологиясымен танысу;

  • Зиянды газды алкогольсіз сусындар;

  • Газды алкогольсіз сусындардың денсаулыққа кері әсері;



Тарихы

Авторы - америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кока-коланы бір фермер ойлап тауып, рецептін Джон Ститке 250$ сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар).

Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.

1888 жылы Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892 жылы «Кока-коланың» құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер кока-коланы өндірумен айналысатын «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалайды. 1902 жылы кока-кола 120$ ақша айналымымен АҚШ-тағы ең танымал сусындардың біріне айналды. Ағылшын жазушы-фантаст Герберт Уэлсстің «Тоно-Бэнге» романы кока-коланың жарнамасы мен таралуына сатиралық туынды ретінде ұсынылады. 1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы «New York Tribune» газетінде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Содан кейін кока-колаға коканың жас жапырақтарының орнына, «сығылып», бар кокаині жойылған бөліктерін қосады. 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.Научная работа по воспитательной части





Coca-Cola» зауытының тарихы туралы

Мифсыз бренд - аспанға шашқан ақша, "Кока-кола" осы қағиданы тамаша көрсетуде. Клиенттерге осы салқындататын ішімдік түрлері ғана емес, бәсекелестермен болатын соғыс пен жанжалдар да қызық. Компания тарихының сыры ашылмаған фактілері, жасыру және лезде теріс жорамалданатын, ұқыпты түрде жоққа шығарулар - тамаша жарнамалық әдіс.

1886 жылдың 29-наурызында Атланталық фармацевт Джордж Пембертон кока жапырақтарынан және кола тропикалық ағашының жаңғақтарынан тәтті сироп жасап, ішінде сусыны бар құтмыраны сату үшін дәрханаға алып барады. Сиропты сумен араластырып, сата бастайды, бірақ оншалықты табысты болмайды.Артқы аулада тұрған мыс таздағы сироп . Аңыз бойынша, ішімдіктен кейін бас ауруынан қиналып жүрген келушілердің бірі сусынды газбен араластыруын өтінеді және нәтижесіндегі эффектке қатты көңілі толады. Енді кока-кола мидың жұмыс істеуін ынталандыратын керемет тоник, жүйке бұзылуына, бас ауруына, невралгия мен меланхолияға қарсы арналған дәрі ретінде сатыла бастайды. Пембертон, конфедераттар армиясының бұрынғы офицері, оңтүстіктегілердің жеңілуінен кейін, аштан өліп қалмау үшін күн көріс амалымен бір нәрсе жасауға мәжбүр болды. Оның медициналық білімінің болуы біршама күмәнді еді. Бірақ сол кездері фармацевтика саласында тәртіптің болмауы оған жұмыс істеуге мүмкіндік берді. О'Генридің бір әңгімесі бар еді. Ол әңгімеде екі алаяқтың адамдары аңғал, шағын қала тұрғындарына барлық дерттен емдейтін әртүрлі «сиқырлы» дәрі-дәрмектерді сатқандығы туралы айтылады. Міне, осы жағдай аясында кока-кола пайда болды. Пембертонның өз үйінің сыртқы ауласында мыс тазда сироп қайнатуының мәні қарапайым. Өздерінің әдебі қатал болып келетін оңтүстік адамдары алкогольға қарсы шыға бастады, ал Пембертон шарапқа араластырылған кока жапырақтарынан спиртті тұндырма арқылы жақсы ақша тауып жүретін еді. Ол бұл рецептті француз Марианидан алған болатын. Енді, алкогольдің орнын бір нәрсемен ауыстыру керек болды. Бұл проблеманы кока жапырақтарында болатын кокаин шешті. Ал, кокиан сол кездегі дәрі-дәрмектердің көбісінде болатын еді. Әрине, өте жабайы естіледі, алайда, бір кездері герион да жөтелге қарсы дәрі ретінде дәріханада сатылатын.Сонымен бірге, осының барлығынан тыс, кока-кола морфинизмге қарсы құрал ретінде пайдаланылды, ал, Пембертонның анаша қабылдайдынтармен араласу тәжірибесі бар еді. Ал, сусында кокаин бар екендігін ескеретін болсақ, бұл тамаша ой еді. Тәуелді болудың орнын ауыстыру - релксанттардан ынталандырушыларға өту - ең жақсы «демалыс». Мұндай рецепттер қазіргі американдық нашақорлыққа қарсы адуынының аясында өте қызық болып көрінеді.1903 жылы New York Times газетінде кокаин мастығымен қақтығысқа шыққан негрлар туралы мақала шыққан кезде, ынталандырушыларға толығымен тиым салуға көше бастады, және «Кока-кола» өз бағытын тез арада өзгертіп жіберді. Себебі, кока-коланың сатылу орындарын суық допинг нүктелері деп атай бастады. Компания Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі федералды басқармамен не туралы уағдаласқандығы әлі күнге дейін белгісіз. Белгілі болғаны, жаңа кока жапырақтарын «сығылған» жапырақтармен алмастырды, сол себепті ол жерде енді кокаин жоқ болды.

Кока-кола формуласын жариялауға әлі күнге дейін тиым салынған. Пембертон өз қолымен жазып кеткен рецепт бар екендігі айталады. Ол ерекше бір сейфта сақтаулы, оған тек компанияның жоғары басшылығы ғана қол жеткізе алады, және бәрі бірге болған жағдайда ғана сейфті аша алады. Бір жағынан, қазіргі заманда түрлі ұйымдардың тағамға және сусындарға деген жіті назары мен қатаң талаптары аясында рецепттің әлі күнге дейін ашылмауы бір түрлі күмәнді. Екінші бір жағынан рецептті біліп алудың түрлі жолдары бар. Атақты 7Х деген ингридиент лимон, апельсин, даршин майынан, жұпар жаңғағынан, ащы апельсин, кориандр және лайм гүлдерінен тұратындығын айтады. Бірақ, құпия әлі күнге дейін бар. Зауыттарды компоненттерді кодты нөмірлермен араластырып, ал, банка сыртында көп нәрсені білдірмейтін «табиғи хошиістендіргіштер» деген атау ғана бар. Бір нәрсені ғана сенімді түрде айтуға болады - қазір оның құрамында кока да, кола да жоқ.

Дегенмен де, "Кока-колы" тарихы - бұл газдалған сусынның өмірбаяны ғана емес, ол - брендты танымал ету, стандарттарды енгізу, жарнамалық шеру және басқару әдістерінің тарихы. Бұған зерттеудің сан мыңдаған парақтары арналған және ол кез-келген қаржыгер үшін қызықты детективтан да қзықты болып табылады.

Газдалған сусындармен күрес Жаһандануға қарсы адамдардың трансұлтты корпорациялардың саясатымен күресі сол компаниялардың өнімдерін шайтандастыруға да алып келеді. "Кока-Кола" бұл жерде де соттар мен даулар бойынша бірінші орында, тіпті, бұл компания McDonald's-ты газдалған сусындармен жабдықтайтын жалғыз жабдықтаушы да болып табылады. Еріп кететін полиэтилен мен бұзылатын тістер мен ішкі органдар туралы әгімелер. Үндістанда егін алқаптарына себу үшін пестицидтер ретінде газды сусындарды пайдалануы. Сусынды унитаздар мен автомобиль моторларын тазартатын құрал ретінде қолдану. Қытайда спермицидті құрал ретінде қолдану. Бұл сусынды ішетін адамдардың әлі күнге дейін тірі жүргендігі бір түрлі қызық …

Шындығында, "Кока-Кола" әдетте Олимп ойындарының демеушісі болатын, ал, КСРО-да жағдай мүлдем өзгеше еді, тіпті, "Пепси" 70-ші жылдардың аяғынан бастап батыста кең тараған бренд болып табылатын «Столичная» арағын тарату құқығына ие бола отырып, кеңес нарығында бар болатындығын айтпағанда. Шешімі табылды: идеологиялық қарсыласпен ынтымақтасу арқылы газды сусынның жарқын атына «кір» келтірмеу үшін, Мәскеуде фанта сата бастады Дегенмен де, 90-шы жылдардың басынан бастап "Кока-Кола" бәсекелесін тез басып озды.

"Кока-Кола" барлық жерде бар. Онымен жұлдызжорамал жасайды. Ол армияда да, космоста да бар. Ол тіпті Санта-Клаусты да өз қолына алып алды -1931 жылы американдық Аяз Ата үшін қазір көзіміз үйреніп қалған қызыл-ақ костюмның жобасы жасалды. Ол - Демократиялық партияның бейресми спутнигі (республикалықтар "Пепсиді" таңдайды).

Баламалы қолданыстары

Кока-коланың құрамында ортофосфор қышқылы болғандықтан, татты жоя алады. Сондай-ақ кока-кола шәйнектегі қақты кетіруге пайдаланылады. Ақтөбе қаласындағы «Диапазон» газеті 2009 жылы Қазақстанның ең таза қаласы болып есептелетін Орал қаласында Жеңіс алаңын Кока-коланың көмегімен тазалап шыққанын хабарлайды.

Научная работа по воспитательной части



Сусынның құрамы

Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты.

Газдалған алкогольсіз сусындар деп көміртегі диоксидімен қанықтырылған қант шәрбаты, сусындарға арналған концентраттар мен композициялар, жеміс-жидек шырындары, жүзімді материалдар мен жеміс-жидек экстрактілері, ароматтауға арналған құрғақ өсімдіктің ұнтақталған араласпасының тұнбасы, шөптердің, татымды заттардың экстрактілері мен тұнбалары, ароматты тағамдық, коллер мен басқа да бояғыштардың эссенциялары, тағамдық қышқылдар, қант және оны алмастырғыштар және басқа да компоненттердің судағы ерітілген араласпасын айтамыз. Оның құрамына кіретін минералды заттар, дәрумендер және басқа да пайдалы заттар сусынның құндылығын жоғарылатады.

"Coca-cola" шәрбәтінің дәмін білерсің, Ал қалай дайындалып, қандай зиян әкелетінін білмессің!

Научная работа по воспитательной части

Кока-кола ─ коптеген елдерде кеңінен таралған, алкогольсіз сусын. АҚШ-тың брендiне айналған кока-коланың әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стақаны iшiледi екен. Кока коланың құрамына келетін болсақ, сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы Coca-Cola нұсқасы берілген.

Сусынның компоненттері:

  • қант

  • көміртек диоксиді (Е290)

  • бояғыштар: қант коллері (Е150), кармазин (азорубин) (Е122)

  • ортофосфор қышқылы (Е338)

  • кофеин

Қант - алкогольсіз сусындар өндірісінде қолданылатын, қант қызылшасынан немесе қант құрағынан алынатын сахароза С12Н22О11. Алкогольсіз сусындар дайындау үшін құмшекер, шақпақ қант, сұйық қант қолданылады. Қазіргі уақытта біздің елде және шет елде алкогольсіз сусындардың қантын төмендеу етіп шығарады немесе қантты жасанды тәтті заттармен алмастырады, мысалы, сорбит, ксилит, аспартам, сахаринат, натрий цикломаты.

Өндірістерде алкогольсіз сусындарды бояуға арналған бояғыштарды табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи бояғыштарға жататындар:

Бузина жидегінен алынған, қаражидек, шие және басқа да жемісч-жидектердің сығындысынан алынған бояғыштар - энобояғыштар, шай бояғыштары, кармин, куркума және т.б. Жасанды бояғыштарға тартразин Ф және индигокармин жатады.

Колер - күйдірілген қанттың судағы ерітіндісі. Оны алу үшін қантты 180-190 ºС температураға дейін қыздырады, нәтижесінде сахароза карамелденеді. Түзілген карамель бояғыш зат ретінде қолданылады және сусынға қою қоңыр түс береді.

Энобояғыш қызыл сортты жүзімнің сығындысынан алынады. Қызыл сортты жүзімнің негізі бояғыш заты ол энин, антоциан тобына жатады. Энобояғышты алу үшін тұз қышқылының 1%- қ судағы ерітіндісімен сығады. Алынған тұнбаны филтрлейді және қаптайды. Энобояғыштар құрамындағы құрғақ заттың мөлшері 30 % болады, қою гранат түсті сұйықтық.

Тағам құндылығы

Энергетикалық құндылығы

42 ккал

Ақуыздар

0

Майлар

0

Көмірсулар

10 мг

Натрий

<11,0 мг

Калий

1,0 мг

Кальций

4,0 мг

Магний

1,0 мг

Фосфор

шамамен 17 мг

Өнімді дайындау технологиясы өндірушілер тарапынан қатаң құпия сақталады.

Сонымен қатар әдеттегі кола құрамында 11 шай қасық қант болады. Ал диеталық нұсқада оның орнына қант алмастырушы зат қолданылады. Жасанды тәттілендіру күнделікті қолданатын қантқа қарағанда, жүз есе тәттірек келеді. Оның құтыдағы мөлшері мен тығыздығы аса көп болмағандықтан, суға салған кезде қалқып, су бетіне шығады. Сондай-ақ соңғы жаңалықтартардың бірі 1886 жылдан бері келе жатқан Кока-коланың құпия ингредиентін байқындалды.Күн сайын ішіп, рақаттанып жүрген сүйікті сусынымыздың құрамына коки жапырақтарын емес, құрт қосады екен.Бұл жәндік Армения, Әзірбайжан, Польшада тіршілік етеді екен.Ал бұлардың ең көп көбейетін түрлері Мексикадак кездезед екен. Карминмен киімді бояу бұрыннан белгілі болса, ал тамақ өнеркәсібінде ол бір ғасырдан астам уақыттан бері пайдаланылады. Карминмен тек газды сусындарды ғана емес, кондитерлік тағамдарды және сұт өнімдерінде бояйтындығы анықталды. 1г кармин алу үшін жүздеген жәндікті кептіруге тура келеді.

Pepsi(пепси)-Pepsi Cola-ның қысқаша атауы. Пепси кола спиртсіз, құрамында кофейні бар сусын. Пепси кола Кока Коланың басты бәсекелесі. Пепси кола сусынын Нью- Берн 0аласында америкнды0 фармацепт Калеб Брэдхэм жасады. Алғаш кездегі атауы деп аталды. 1898жылы деген атауға ауыстырылды.1903жылы 16маусымда ресми түрде сауда маркасы болып тіркелді. "Пепси-кола" экстрактына қола антиль жаңғағы, лимон шырыны, Мадагаскар ванилі, оңтүстік және шығыс елдерінде өсетін экзотикалық өсімдіктердің хош иісті майлары кіреді.



Денсаулыққа әсері

Кока-кола ─ коптеген елдерде кеңінен таралған, алкогольсіз сусын. АҚШ-тың брендiне айналған кока-коланың әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стақаны iшiледi екен.

Кока-коланың үй шаруашылығындағы маңызы мен денсаулыққа кері әсері

Кола бәрімізге бала кезімізден таныс.Сәтті жарнамалардың арқасында бұл сусынды кәрісіде, жасыда жапа-тармағай ішіп жүр.Енді оның үй шаруасындағы маңыздылығына көңіл аударайық.

  • Жазғы мезгілде жәндік, шыбын шіркей шағып алғанда кока-коланың пайдасы бар.Ашып турған жеріңізге коланы құйсаңыз, жеңілдеп қаласыз.

  • Кока-кола тотты керемет кетіреді. Тоттанған затты кола құйылған ыдысқа батырып қойыңызда, ертесіне ысқылап, жуып-шайып алыңыз.

  • Кока-коламен терезеңізді, авкөлігіңізді жууға болады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы жылтыратып жууға көмектеседі.

  • Бұл сусын дақтарды да кетіруге көмектеседі.

  • Сонымен қатар ыдысыңыздың бастапқы көрінісін қалпына келтіргіңіз келсе кока коланы пайдаланыңыз.

Әрине бұл сусын материалдық жағынан пайдалы болғанымен, ол адам денсаулығына өте зиян. Ал, енді дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударайық. Оның құрамында қанттың көп болуынан қант диабетіне шалдығушылар саны да соңғы жылдары қылаң беріп келеді. Сондай-ақ, Кока - Коланы ішектің созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. Ал, ер адамдар үшін тіптен қауіптірек, яғни, бедеулікке апаратын бірден-бір қауіпті жол болып тұр. Оның үстіне жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар көрінеді. Қарақоңыр түсімен ерекшеленетін «Кока -Кола» дайындауда пайдаланылатын карамель негізіндегі бояғыштар обыр (рак)ауруының дамуына әсер етеді.Бұл туралы «The Daily Mail» деп аталатын британдық газетте жазылды. Америкалық денсаулық сақтау органдары «Кока Коланың» рак ауруын туғызуға тікелей «септігін» тигізетінін анықтап отыр. Сусын құрамындағы карамельдің шын мәнінде қоңыр қызыл канцерогендердің қосындысы екені анық болды. Кола өндірушілердің карамель деп жүргені үй жағдайында қантты ерітуден алынатын тәтті емес. «Кока колалық карамель»- аммиак,сульфит және шекерді реакциялау барысында пайда болатын, адам ағзасына зияны орасан сұйықтық. Бұл қосынды бауыр және қалқанша безі рагының өріс алуына жол ашады. «Кока кола» компаниясы шығаратын 4 өнімде жасанды карамель пайдаланылады. Ал,оның екеуіне аммиак қосылатынын білген Вашингтондық ғалымдар дабыл қағуда. Сонымен қатар бұл сусындар тіске зиянды болып келеді.Оңтүстік Иллинойс университеті ғалымдарының соңғы зерттеуі көпшілікті ойға қалдырған. The Daily Mail-дың хабарлауынша, сарапшылар 13 спорттық сусын мен 9 энергетиктің қышқылдық деңгейін тестілеуден өткізген. Сусындар мен сілекей қосындысының адам тісі эмаліне әсері күн сайын тексерілді. Сынақтың нәтижесінде энергетикалық және спорттық газды сусындар құрамында қышқыл деңгейінің жоғары болатыны және мұндай сусындарды ішкен адам тісі эмалінің бес күннен кейін-ақ зақымданатыны анықталды. Эмальдің бұзылуы тіс шірімесін дамытатындықтан, мамандар мұндай сусындардан соң ауызды шаюға немесе қантсыз сағыз шайнауға кеңес береді.

Жуырда Грекиядағы Иоаннин университетінің докторы Моше Элисаф жетекшілік еткен зерттеушілер тобы тәтті сусындардың кең таралған бір түрі «Кока-Коланың» ағзада калий жетіспеушілігін тудыратынын анықтады. Бұл топ «Кока-Коланы» көп мөлшерде - күніне 3-7 литр - ішетін жандарды бақылауға алып, олардың ағзасында калийдің тиісті деңгейден әлдеқайда төмен болатынына көз жеткізген. Ғалымдар калий жетіспеушілігін сусын құрамындағы фруктоза, глюкоза және кофеинмен байланыстырады. Калий бұлшық еттер жұмысын реттейді. Аталған минерал жетіспеген жағдайда адам өзін әлсіз сезінеді, ал калий жетіспеушілігі ұзаққа созылса, сал ауруына, яғни мүгедектікке апарады.

Газдалған сусын өндіру саласындағы жетекші компаниялар Coca-Cola мен Pepsi-Co өздері шығаратын сусындардың құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады. Мұндағы мақсат - бөтелкелердің сыртындағы газды сусындардың қатерлі ісік ауруларына себеп болатыны туралы ескертуден құтылу болып отыр. Соңғы кезде Coca-Cola мен Pepsi сусындарының құрамындағы 4-ші метилимидазол деп аталатын химиялық зат қатерлі ісікке себеп болады деген пікір айтылып жүр. АҚШ-тың Калифорния штатында бұл затты қолдануға тыйым салынған. 4-ші метилимидазол карамелді бояғыш заттың құрамында болатын көрінеді. Ал ондай бояғыш сусын жасауға пайдаланылады. Енді компаниялар бояғышты өндіретін әріптестерін аталған зат мөлшерін біршама азайтуды сұрап отыр. Coca-Cola компаниясы болса сусындардағы 4-ші метилимидазол мөлшері денсаулыққа қауіпті емес деген мәлімдеме таратуда. Ол үшін ғылыми зерттеулер жүргізіліп, аталған заттың қатерлі ісікке қаншалықты себеп болатыны тексерілгені айтылады. АҚШ-тың сусындар өндіру жөніндегі қауымдастығы сусынның адам денсаулығына теріс әсері әлі дәлелденген жоқ деген уәж айтуда. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі Департаменті мамандарының айтуынша, адамда қатерлі ісік пайда болуы үшін кока-кола немесе пепси-коланың 1 мың құтысын ішу керек.

Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. Дейл Сэндлер бірнеше зерттеу жүргізудің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатынын дәлелдеген.

«Кока - кола» ның шынайы бейнесіНаучная работа по воспитательной части

«Кока - кола» ның жәндіктен жасала ма?

«Коланы» ойлап тапқан дәрігер Д.Пембертон: «Мұның құпиясын еш жерде және ешкімге де ашпаймын», - деген болатын. Ол құпия 120 жыл бойы сақталды. Дегенмен 2006 жылы «коланың» жасалу құпиясы әшкере болды. Оған қолданатын ең басты шикізат «солодовый корень» өсімдігі. Ол өсімдіктер арасында тышқан өріп жүреді. «Кока-кола» компаниясы өсімдікті жаппай қалақпен жинайды. Сонда тышқанымен қоса алып кетеді. Содан дайындалатын сусынға тышқанның қаны, өті, нәжісі бірге қосылып кете барады. Тек сүйегі, терісі сүзіліп алынады».

Мұнан кейінгі мәтінде «Кока-коланың» негізгі экстракты «кошинель» деген жәндік екені жазылған. Олар Канар аралдары мен Мексикада тіршілік етеді екен. Кейіннен жәндіктер езіліп, қып-қызыл қан сияқты сұйықтықтың цехтағы ыдыстарға құйылып жатқаны көрсетілген.Ал мексикалықтар аталмыш жәндікті «Кока-коладан» өзге тек қызыл бояу шығаруға ғана пайдаланатынға ұқсайды. Осындай деректерді назарға ұсынған роликтің соңында «Қалай, «кола» ұнады ма?» деген жазу шығады. Ал осы мәліметтердің қаншалықты рас-өтірігін ажыратып беретіндер бар ма екен?Научная работа по воспитательной части

Кошинель жәндігі үшін арнайы егілген кактус плантациясы, олардың қалың жапырақтарында тұтаса жабысып тұрған жәндіктердің суреттері беріліпті. Келесі кезекте мексикалықтардың кактустарды қалақпен жинап жүрген сәттері назарға ұсынылған.Научная работа по воспитательной части

Научная работа по воспитательной части











Кока-Коланың кереметі

Қанша зиян десе де, Кока-Коланы ішуді қоймайтын шығармыз. Ал бұл сусын қалай пайда болды? Химиялық ғылыми тәжірибенің арқасында десек, сенер ме едіңіз? Дәл солай. Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат ойлап тауып, оның дәмін таттыру үшін өзімен бірге істейтін Фрэнк Робинсон деген есепшісін шақырады. Сол Фрэнк мырза Пембортон ашқан жаңалықты жоғары бағалайды.

Осыдан 123 жыл бұрын яғни 1886 жылғы 8 мамырда «Кока-кола» өмірге келген. Адамзат ғұмырында онымен тең келетін өнеркәсіптік деңгейде шығарылған бірде-бір сусын жоқ екен. Американың Атланта қаласында, фармацевт Джон Пембертон мыс легенде шәрбат (сироп) қайнатады. Жаңа тәсілмен қайнатқан шәрбәттің дәмі тіл үйіретіндей, сәтті шыққаны сондай, ол досы әрі есепші Фрэнк Робинсонды шақырып алып, өзінің жаңалығымен бөліседі. Фрэнкке де шәрбат дәмі қатты ұнайды. Есепші «С» әрпі тартымды көрінеді деп сонан, сусын сыртына «Coca-Cola» деп жазып қалдырады. Арада біраз уақыт өткенде Атлантада Аза Кэндлер деген эмигрант Пембертонның жесірінен «Кока-кола» рецептісін 2300 американ долларына сатып алады. Ол кезде бұл көп ақша болатын. Сөйтіп, доктор Пембертон бұл сусынның атасы болса, Аза Кендлер - 1892 жылы тіркелген «The Coca-Cola Company» компаниясының негізін қалаушы. Компанияның табысты да тарихи жолы осылай қалыптасты.

Алайда компанияның даму жолында кедергілер де болды. Кoкa-кoлa сусынын қолдан жасаушылар табылды. Жалған сусын өндірушілерді анықтау және онымен күресу үшін атақты «Пиккертон» тыңшылық агенттігінің тыңшылары жалданды.

Қазақстанға Кoкa-Кoлa 1994 жылы келді. «Кока-Кола Алматы Ботлерс» Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазір Қазақстанда, (Алматыда) екі зауыт американдық технология мен алькоголсіз сусындардың Кока-Коладан өзге бірнеше түрін, Piko табиғи шырынын, Nestea салқын шәйін, Cappy шырындары мен бал-шырындарын шығарып жатыр.










Кока-кола КСРО-да және Ресейде

1915 жыл дизайнер Эрл Р. Дин 6,5 унциялы жаңа шөлмек ойлап табады. 1955 жылы кока-кола 10,12 және 26 униция көлемінде сатыла бастады. 1988 жылы «Кока-кола» КСРО бойынша сауда нарығына шығады. 1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш КСРО-да Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады. Кока-кола 1999,2000, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. Қазіргі уақытта «Кока-кола» компаниясы 190-ға жуық ұлттық Олимпиада комитеттері, сонымен бірге Ресей Олимпиадалық комитетімен бірлесіп қызмет атқарады.

Қаншама сынақтардан өткен шырын осы мекеме арқасында аты әйгіленіп, атағы жер жаһанға жайылады.. Ал, бұл сусын біздің елге 1988 жылы кәсіпкерлердің өзара келісімшарты арқылы келген. «Кока-Кола Алматы Ботлерс» Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазір Қазақстанда, (Алматыда) екі зауыт американдық технология мен алькоголсіз сусындардың Кока-Коладан өзге бірнеше түрін, Piko табиғи шырынын, Nestea салқын шәйін, Cappy шырындары мен бал-шырындарын шығарып жатыр.

Әлемдік спорт қозғалысын қолдаушы

1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.

1979 жылы «Кока-кола» АҚШ-тың Ұлттық олимпиада комитетінің Америка олимпиадалық атақ залының құрылуына қаржылық көмек көрсетеді. 1987 жылы «Кока-кола» Ұлттық олимпиада комитетімен келісімге қол қойып, Лозанн қаласындағы олимпиадалық мұражайының алғашқы демеушілерінің бірі болады.

Әлем футбол чемпионатын қолдаушы

1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылады. 1974 жылдан бастап «Кока-кола» ФИФА-ның ресми серіктесі, ал 1978 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатында Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап, балаларға арналған лагерь ұйымдастырады.




Қызықты айғақтар

2011 жылы National Geographic телеарнасы Coca-Cola сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.
1989 жылы Coca-Cola Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын еңгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып саналады.
«Coca-Cola-ның» ең үлкен белгісі Арика қаласында орналасқан. Белгінің ені ─ 122 метр, биіктігі ─ 40 метр. Ол «Coca-Cola-ның» 70 мың шөлмегінен тұрады.

Түркияда оның жасалу жолын білгеннен - ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ - тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?!
"Coca - Cola" деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: "La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ" болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе...

Ғалымдар айтады…

  • Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының тағам ғылыми-зерттеу институты жетекшісі К.И.Эллердің айтуы бойынша көптеген ақпарат құралдары бүйректен сирақ шығарып, бір жаңалық ашқандай болады. «Азық-түлік қоспалары, сақ болыңыз Е индексі!» деген тақырыптарды баспасөз беттерінен кейде көріп қаламыз. Мұнда айтқысы келгені Е-300 азық-түлік қоспасының канцерогені зиянды дегісі келетіні. Ал бұл - аскорбинді қышқыл, яғни «С» витамині. Сондай-ақ, Е-330 қоспасы, бұл лимон қышқылы. «Е» индексімен тағам құрамына енгізілетін қоспалар - бұлар халықаралық GRAS тізіміне енген, қауіпсіз деп танылған, ФАО/ВОЗ халықаралық эксперттері зерттеп, рұқсат берген нәрселер.

  • Ғалымның пікірінше, Кока-кола сусыны құрамында жеңіл игерілетін көмірсутегі (қант), қышқылды реттегіш (лимон немесе фосфор қышқылы), тәтті табиғи ароматтар қоспасы (жаңғақ экстракты), табиғи бояушы (қант колері) және кофеин бар екен. Бұл қоспалардың барлығы халықаралық стандартқа және санитарлық заңдылықтарға сәйкес рұқсат етілген.

Астанадағы семинарға келген диетолог Тея Чембуридзе айтады: - «Е» индексі тағамның, сусынның сапасын көтеру, бұзылмауы үшін қосылатын тағамдық химиялық қоспа. Егер алманы, не басқа жемісті сығып, тұнбасын 2-3 күн қойса, ол ашып кетер еді. Адамдар техникалық химия мен азық-түлік химиясын шатастырмауы керек. Ол екеуі екі басқа нәрселер. Оның химия деген атынан қорқудың қажеті жоқ.

Енді Кока-кола түсі, бояуы туралы айтсақ, оған қант қызылшасы пайдаланылады. Бұл бірден-бір табиғи бояу. Кока-кола құрамындағы қант - 10 %.

Ал, газдандырылған бұл сусындар құрамындағы қышқыл деңгейі туралы айтсақ, лимонды қышқылы көптеген табиғи тағам құрамына қосылатын компонент. Сусындарды шығарғанда бензойный және сорбиновая қышқылдары концерванттары қосылады. Бұл екеуі де табиғи қоспалар. Мәселен бензойный қышқылы - мүкжидек (клюква) (8% пайызға дейін) және итбүлдірген (брусинкі) құрамынан алынды. Бұл қоспалар өнімнің сақталу мерзімін ұзарту үшін қосылады. Ол болмаса біз микробилогиялық улануға ұшыраған болар едік,-дейді тағам маманы.Газдандырылған сусындар құрамындағы бояулар қаншалықты зияндығы бар деген мәселеге Москвада өткен балалар дәрігерлерінің конгресінде де тиянақты тұжырым жасалған. Тамақ ғылыми-зерттеу институты ғалымдары мен мамандарының зерттеуі бойынша балалардың бойындағы гиперактивтілік, жұртшылықтың айтқанындай, жасанды бояуларға байланысты емес екен. Бала қай жаста болмаса да өз уақытының 20%-ын қозғалыста өткізуі, ойнауы, жүгіруі керек. Ал егер ол көп қозғалмай, теле-компьютер алдында отыратын болса, ол кері әсер етеді. Сондықтан бояулы газды су балаға зиян деген шындыққа жанаспайды,-дейді ғалым Тея Чембуридзе.

Кімге сенеміз?

Қазір бұл әлемде кім не айтпайды. Біреу біліп айтады, біреу біреуден естігенін айтады. Ал біреулер әдейі елді шошыту үшін де айтып қарап, қызығына қарап отырады. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары да кейде байыбына бармай қалатын жайлар да жоқ емес. Осы сәуір айы басында ресейлік бірінші арнада «Сақ болыңыз, тағам!» телехабарында көрсетілген фильмде сөйлеген кейбір сарапшылар пікіріне ден қойсақ, алкогольсыз сусындар құрамындағы лимон қышқылы адам организміне зиянды екен, өйткені біздің организміміздің өзі «қышқылданған», сөйтіп, ол адам сүйегін жұмсартуға әсер етеді деп айтып қалған. Сонымен бірге газды суды көп тұтынатындардың иммунитеті төмендейді, клеткалық деңгейдегі зат алмасу процесі бұзылады деген пікірлер де келтірілген.

Индияда шаруагерлер осындай газданған сусындармен егіс алқаптарын зиянкестерден қорғайды екен, егер тауық бауырын газды су құйылған ыдысқа салып 12 сағат қойса, еріп кетеді. Кола құрамында қант көп, тісті бүлдіреді екен, деген алып-қашпа пікірлер де айтылып жүргенін естуге болады. Кока-Кола дайындау құрамы өте құпия сақталады, халыққа жария етілмейді деуші басылымдар да бар екенін семинарға қатысушылар айтып, оларға қандай нақты дәлелдер бар екені сұралды. Әрине, мұндай пікірлер халықты адастыратыны өз алдына, адамдар әлгіндей сөздерді естіген соң өз-өзінен ауру болады,-дейді журналистермен бас қосуға арнайы келген Атланта қаласындағы «Кока кола» компаниясы штаб-пәтерінің ғылыми-зерттеу департаменті жетекшісі, диетолог, ғылым докторы Тея Чембуридзе. - Сонымен бірге бизнесте бәсекелестер арасында мұндай жағдайлар болып тұратыны, бір-бірінің имиджін түсіруге жұмыстанатыны шындық.



Қорытынды

Газды сусындардың құрамындағы қоспалардың орталық жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр ауруларына шалдықтырады. Сонымен қатар газды сусындарды ұдайы тұтыну тахикардия, қант диабеті, психомотрлық қозу, жоғары дәрежедегі невроз, күйзеліс сияқты ауыр дерттерге душар ететіндігі ғылыми тұрғыда анықталған. . Сондай-ақ, Кока - Коланы ішектің созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. Ал, ер адамдар үшін тіптен қауіптірек, яғни, бедеулікке апаратын бірден-бір қауіпті жол болып тұр. Оның үстіне жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар.

«Бірінші байлық - денсаулық»-демекші, бір ғасырлық тарихы бар сусынды жиі тұтынбағанымыз жөн. Табиғатта таза бұлақтың суынан артық сусын жоқ.Сонымен қатар қазақтың ұлттық сусындарын ішсек денсаулыққа пайдалы.Мәселен, ұлттық сусындарымыздың бірі - қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар.Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының құтылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан. Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады.Болашағымыз салауатты болсын десек, бұл сусындардан аулақ болайық.








Әдебиеттер

  1. Дэвид Грейзинг Я хотел, чтобы весь мир покупал Coca-Cola. Судьба лидера Роберто Гисуэта = I'd Like the World to Buy a Coke: The Life and Leadership of Roberto Goizueta - М.: Красивая страна, 2006. - С. 320. - 3000 экз. - ISBN 5-902898-01-3.

  2. Mark Pendergrast For God, Country, and Coca-Cola: The Definitive History of the Great American Soft Drink and the Company That Makes It - 2 ed. - Basic Books, 2000. - 621 p. - ISBN 0-465-05468-4.

3. Газдалған сусынның зияны » Білімділер порталы

bilimdiler.kz/gilim/6366-gazdalgan

4. Зиянды газды сусындар - курсовая работа

yaneuch.ru/cat_38/ziyandy-gazdy-sus...









20


© 2010-2022