Сыра және газдандырылған сусындардың адам өміріне зиянды әсерлері

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы №52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Өмірбекова Нағима Медетбекқызы

Сыра және газдандырылған сусындардың адам өміріне

зиянды әсерлері

Мамандар алкогольді өнімдердің денсаулыққа зияндылығын құрамындағы спирт мөлшеріне қарай анықтау керек дегенге түбегейлі қарсы. Өйткені, алкогольді өнімдердің барлығы да адам денсаулығына зиянды. Соның бірі- сыра.Сыра осыдан 3500 жыл бұрын Персияның Оңтүстік батысында шыға бастады.Археологтардың зерттеуі нәтижесінде балшықтан жасалған құмыралар мен түтікшелер табылған.Ежелгі Египетте сыраны Вавилоннан тасымалдаған.Кейін өздері шығара бастады.Египеттен Эфиопияға, одан Кавказға, одан Европаға тарай бастады. Бүгінде елімізде сыраның түр- түрі бар. Сөредегі сыраның көптігінен көз сүрінеді.Буыныңды босатып, санаңды улайтын осы сусын жұрт ойлағандай зиянсыз емес .Оны уақыт пен ғылым дәлелдеп отыр. Ең қауіптісі - жастардың бұған үйір екендігі.Жас ағзаның соған үйренетіні соншалық -сыра алкоголизмі деген ауру да туындап үлгерген.Сыра алкоголизмінің денсаулыққа келтіретін зардабы шаш етектен екені баяғыда-ақ дәлелденген.Алайда, құрамында спирт мөлшері аз болғандықтан , көпшілік жұрт осы бір кеселді сусынның зияндарын елеп, ескере бермейді.Мәселен, ХІХ ғасырда ағылшындар алкоголизммен күресу барысында «қуаты жоғары» ішімдіктерді сырамен алмастыру арқылы мәселені шешуді ойлайды.Алайда, көп ұзамай-ақ «Сыра туралы заңды» қайта өзгертуден басқа шара қалмайды.Өйткені мәселе бұрынғыдан бетер ушығып, қоғамда маскүнемдер саны күрт артқан.Ал, Германия канцлері Бисмарк ұлт болашағы орасан зиянын байқап:« Сырақорлық нақұрыстыққа, жалқаулыққа және белсіздікке (импотенция) апаратын қоғамдық індет» -деген болатын.Шамадан тыс сыра ішу, әсіресе жүрекке зиян.Неміс дәрігері Болингер сыра алкоголизмнен туындайтын жүрек ауруына «Бавариялық сыра-жүрек» деген лақап тақты.Өйткені, сыра ішу- түрлі жүрек ауруларының себепшісі екенін дәлелдеді.Ол бұл ішкілікте көбікті тұндыратын кобальт қоспасы бар екенін айтады. Сыра қолданатындардың қан тамырларында осы таксинді қоспа қалыпты мөлшерден он есе көп болады.Сыраның құрамында көмір қышқыл газы көп мөлшерде болатындықтан, адам ағзасына ене салысымен, қан тамырларға көп күш түсіреді. Мамандар мұны «жүректің сыра синдромы» деп атайды. Өйткені, жүректің қанды айдауы нашарлап, жүрек еті босай түседі. Жалпы көпшілік «сыра ішіп алқаш бола қоймаспыз» дейді.



© 2010-2022