Тәрбиелік шара. Тақырыбы: Ата-ана-өмір арнасы, Бала - оның жалғасы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Есекенова Лаззат Ермекалиевна.

БҚО, Казталов ауданы. Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Тақырыбы : Ата- ана- өмір арнасы , Бала - оның жалғасы.

Мақсаты : Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық ,қайырымдылық, достық қарым қатынасты қалыптастыру; дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен тапсырмаларды ата- аналармен бірлесе отырып шешу.

Қажетті жабдықтар : Смайликтер, көбелектер,флипчарт, шарлар,сиқырлы айна.

Пікірталас барысы: Кеш жарық, қымбатты ата - аналар, оқушылар!

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған.Әр отбасында ата- ананың орны бөлек.Бала әкеден ақыл,анадан мейірім алады.Ата- анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті » деген нақыл сөз бар.Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді ,әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы ,көз қуанышы ,шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген.Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.

Ендеше, бүгінгі өткелі отырған ой бөлісу кешімізге қош келдіңіздер!

Ата аналарды , балаларды ортаға шақырып тренинг өткізу. «Сиқырлы айна»

Смайликтер арқылы топтарға бөлу. Топтарды орындарына жайғастыру.

«Алтын ұя »тобына : Бала тәрбиесінің осалдығы неде?

«Ардақтылар» тобына : Ата ана, мектеп ,интернат байланысын нығайтудың қандай жолдарын ұсынар едіңіздер?

«Ұлағат» тобына: Ұстаз қандай болу керек?

«Жас қыран» тобына : Мінсіз оқушының сипаты қандай? Сіз білетін ондай оқушы бар ма?

«Жас ұлан» тобына : Оқушы мінсіз болуы үшін не істеу керек?

Әр топ өзіне берілген тапсырманы флипчартта қорғайды.

Бағалаушылардың пікірі тыңдалады.

Қорытындылау : Бала сүйсең , жаныңда таң атады,

Сәбисіздің жазылмас жара табы.

Жақсы бала дос жарды сүйсіндіріп,

Жаман бала жауыңа талатады.

Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,

Байқалмайды балаңның олқы жері.

Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,

Жаман бала тірілей өлтіреді- деп жырлаған ақын Фариза апамыз «Бала» атты өлеңінде. Сіздерге қуаныш сыйлар ұл- қыздарыңыз аман болсын.

© 2010-2022