Мың бір мақал сыныптан тыс сабақ

Сынып сағаты:  «Мақал-сөздің мәйегі»          Мақсаты: 1.     Оқушыларды  ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері        арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйренеді ,ата-бабалардан қалған аысл қазынаны сақтап толықтырып, қастерлеу ге тәрбиеленеді.          2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейеді.          Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.          Өтілу барысы:          Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!          Бүгін бізді...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты: «Мақал-сөздің мәйегі»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері

арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйренеді ,ата-бабалардан қалған аысл қазынаны сақтап толықтырып, қастерлеу ге тәрбиеленеді.

2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейеді.

Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

Өтілу барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

Бүгін біздің сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.

Бұл сайысты өткізу үшін 3 топқа бөлінеміз: мозаика арқылы бөлінеді

1. «Оқу» тобы. 2. «Білім» тобы. 3. «Ілім» тобы

Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.

Құрметті оқушылар және құрметті қонақтар, қош келіпсіздер!

Қазақ мақалсыз сөйлемеген, сондықтан халқымыз «Өнер алды- қызыл тіл» деп бекер айтпаған.

Сауық кешке келіңдер

Сөзден маржан терейік

Маған жақын келіңдер, 2-оқушы:

Мақал айтып көреиік. Айтқан ата-бабам да

Арпа-бидай ас екен.

Ас болмайтын адамға

Алтын-күміс тас екен

1 оқушы.

Сүйсіндірер қауымды

өлеңшінің сөзі алтын.

өнерлі кісі қадірлі.

өнерлінің қолы алтын.

1-тур «Жолдама алу»

1 минут ішінде әр топ мақал айтып шығады.

Одан кейін балалар орындарына орнығып отырады.

2-тур «Танысу» деп аталады.

Әр бала есімінің біріші әрпіне мақал-мәтел айту.

Мысалы, Әділхан- Әдепті бала- арлы бала.

3-тур Мақал - сөздің мәйегі

1. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі) .

2. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ... (Білім - жанып тұрған шырақ).

3. Жақсының аты өлмейді ... (Ғалымның хаты өлмейді).

4. Көз жетпеген жерге, ... (сөз жетеді) .

5. Отыз тістен шыққан сөз, ... (отыз рулы елге тарайды).

6. Өнерлінің қолы алтын, ... (өлеңшінің сөзі алтын).

7. Еңбек етсең ерінбей, ... (тояды қарның тіленбей).

8. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес).

9.Әке көрген оқ жонар,... ( шеше көрге тон пішер).

10.Ердің көркі- сақал, .. .(сөздің көркі- мақал).

11.Кісі елінде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол).

12 Кісі аты тершең,.. ( кісі киімі кіршең кіршең.

4-тур Берілген сөздерге мақал-мәтел құрау

ЕЛ. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. ЕҢБЕК. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. КӨЗ. Көз - қорқақ, қол - батыр. БІРЛІК. Бірлік болмай, тірлік болмас. ДОС. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады. ӨНЕР. Өнер алды қызыл тіл. БІЛІМ. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. ДЕНСАУЛЫҚ. Денсаулық - зор байлық. ОТАН. Отан үшін отқа түс, күймейсің. ОҚУ. Оқу инемен құдық қазғандай.Бала, дұшпан, аға,қыз , әке сөздеріне де мақал- мәтел айтылады.

5-тур Жасырылған жұмбақтың шешуіне мақал тауып айту:

  1. жұмбақ

Шыңдары шырқау,

Көшіп жүр бір тау. (Түйе)

Мақал: Көрмес түйені де көрмес.

2-жұмбақ:

Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді. (Қар)

Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

3-жұмбақ:

Желден желігеді

Судан шегінеді. (От)

Мақал: Отан оттан да ыстық.

4-жұмбақ

Қабат- қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

Мақал: Кітап -білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

4.Жылт-жылт етеді

Жылғадан өтеді. (су)

Мақал: Судың да сұрауы бар.

5.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қой) Мал өсірсең, қой өсір. Пайдасы оның көл- көсір.

6- Жұмбақ:

Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)

Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.

7- Жұмбақ:

Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян)

Мақал: Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

8-жұмбақ

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында наны бар.(бидай)

Мақал:

Алтын, күміс -тас екен.

Арпа, бидай- ас екен.

Осымен сайысымыз аяқталады.

Мақал- мәтел айтылды,

Ойымыз да сарқылды.

Сүйсіндірдік қауымды-

Өнерлі кісі қадірлі.

Жеріміз біздің құт мекен,

Арпа- бидай -ас екен.

Мақалды көп білетін

Балалар да бар екен!

Кері байланыс: оқушылар іс-шарадан алған әсерлерін стикерлрге жазады

Марапаттау сәті.



© 2010-2022