Жақсы қасиеттерді дамыту-әр мұғалімнің борышы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жақсы қасиеттерді дамыту-әр мұғалімнің борышы

Бүгінгі таңда барлық бастамалар , яғни білім мен ғылым негіздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру- ұстаздар қауымының қолында. Мектепке келген әр баланы бар болмысымен қабылдай отырып, оның бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту-әр мұғалімнің борышы деп білемін. Мұғалім өз пәнінің білгірі ғана емес, баланың кеңесшісі әрі серіктесі бола білуі тиіс. Өзге мектептермен салыстырғанда біздің білім ошағына білім алуға келген оқушылар жылы қабақ пен мейірімге өте зәру. Сондықтан білім алушылардың әрбір оң қадамдарын құптап, жеткен жетістіктеріне қуанып отырамыз. Мектебімізде ұстаздар мерекесі қарсаңында:«Ұстаздар оқушылар көзімен» атты сурет көрмесі және «Ұстазыңды құттықта!» атты шығармашылық сайыс ұйымдастырылған болатын. Аталған игі іс- шараға әр оқушы өз шамасына қарай қатыса білді. Атап айтсақ ,1 «а» сынып оқушылары : Ақтасова Мерей мен Хасенова Мадина алғаш қолдарына қалам ұстатқан ұстазы Сәуекенова Айнұр Ғалымқызына арнап жүрек жарды лебіздерін білдірсе, орта буын оқушылары өз ойларын өлеңмен өре білді.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар » демекші, өзгелерден көш ілгері озып шыққан 9- сынып оқушысы Нұрғали Сәрсенбек болды. Сәрсенбектің мектеп басшысы Сейдахметова Гүлмира Есмұханқызына арнап жазған мына өлең жолдарын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.

Қыдыр ата қолдап жүрсін қысы- жазы.

Бақыт келсін әрбір таңмен жаңарып,

Жүз жасаңыз, шәкірттерің таралып.

Жаңа талап жетелесін мұратқа,

Шабыт өрбіп, келе берсін жаңалық!

Қиындықтар кетсін мәңгі ұмыт боп,

Жақұт ойлар келе берсін ұлық боп.

Жақсылық пен араласып бітпейтін,

Аты өшсін, берекесіз, былық көп...

Жанға жағып жақсы тілек талайдан,

Ой түбінде асқақ арман молайған.

Ізгілікке қадам басып ұстазым,

Қыдыр Ата қолдап жүрсін қысы- жазы.

Есетова Алтыншаш Карабаевна .

Боровской санаторлық мектеп - интернатының мұғалімі.



© 2010-2022