Тақырыбы: 7-cәуір денсаулық күні

Мақсаты:1. Ата-ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру. 2. Ата-ананың балаға берер өнегесі арқылы баланың ер намысын жоғары ұстауға, спортты сүюге, ата-анасын сыйлауға тәрбиелеу. оқушылар мен  ата-аналарға  адам  денсаулығыныңқымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спорт...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: 7-cәуір денсаулық күніҚайырбек Оразов атындағы

Аралағаш орта мектебі



Тақырыбы: 7-cәуір денсаулық күні






















Тақырыбы: 7-cәуір денсаулық күні















(отбасылық, спорттық сайыс)


Дайындаған: Қаңтарбаева Ж.Қ



7 сәуір- Денсаулық күніне арналған спорттық жарыс


Тақырыбы: «Толағай»

Мақсаты: 1. Ата-ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру.

2. Ата-ананың балаға берер өнегесі арқылы баланың ер намысын жоғары ұстауға, спортты сүюге, ата-анасын сыйлауға тәрбиелеу.

оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сайыстың түрі: Спорттық ойындар, жарыс.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Отбасылық газет, нақыл сөздер, залды шармен безендіру, спорттық жабдықтар.

Өтетін орны: Спорт зал.

1. Спорт- денсаулық кепілі.

2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ.

3. Саулық-байлық негізі

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Олай болса, бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер құрметті спорт сүйер ата-аналар мен оқушылар.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық- әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» сайысына қош келдіңіздер!

«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор сайыс. Осындай сайыс бүгінде біздің мектебіміздің 5-6 сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1-ші жүргізуші: Ал, құрметті халайық! Ортаға сайысқа түсетін отбасыларды салтанатпен шақырайық.

2-жүргізуші:

Денсаулық-ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

1-жүргізуші: Ал, енді спорт заңы бойынша қазылар алқасы болуы шарт.

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Райхан Кеңесовна

2. ______________________________________________________

3. ______________________________________________________

2-ші жүргізуші:

- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Уа, ағайын, туысқан,

Пайда болмас тұрыстан.

Басты көтер белді жаз,

Көтер еңсе сайыстан.

Әнші ұлды шақырып,

Әннен шашу шашайық.

5-ші сынып жанкүйерлерінің атынанкелесі әніді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Денсаулық-ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

2-жүргізуші: Ендеше осы сайыс - оқушыларды спортқа баулиды. Оқушылар арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түспек!

1-жүргізуші: Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана - шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1. «Таныстыру» сайысы

2. «Эстафета-таяқшамен» сайысы.

3. «Кім жылдам?/доп/» сайысы.

4. «Сафари /қаппен/» сайысы.

5. «Капитан» сайысы.

6. «Бетпе бет»/допты маңдайларымен тақап, кедергілерден өту/.

7. «Қаңбақ» /обруч/ сайыс

8. «Арқан тартыс» сайысы.

2-жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

Ал, енді І кезең: «Таныстырудан» бастайық!

(топтың атауы, ұраны). Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.

1-жүргізуші:

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

ІІ кезең: «Эстафета» сайысы.

2-жүргізуші:

Спорт - денсаулық кепілі десек, бұл жарыс тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден сайысқа қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

ІІІ кезең: «Кім жылдам?» сайысы.

1-жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

ІV кезең: «Сафари» сайысы.

2-жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

V кезең: «Капитандар». Капитандарымызды ортамызға шақырайық

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1-жүргізуші: Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік ғып

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

6 кезең: «Бетпе бет». Допты маңдайларына тақап, кедергілерден өту.

2-жүргізуші: Денсаулықтың маңызына қанығып,

Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.

Той - думанда да, кездесу мен жиын да,

Өтеді әр кез Салауаттың бағында.

7 кезең: «Қаңбақ» сайысы.

Жүргізуші: Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген.

8-кезең: «Арқан тартыс»

2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер сайысы. /әр отбасыға жеке мақал айтылады, соны аяқтау қажет/

1. Денсаулық - ........................ (зор байлық)

2. Тәні саудың - ................................ (жаны сау)

3. Емнің алды - ................................ (еңбек)

4. Тазалық - саулық негізі,

Саулық - .................... негізі. (байлық)

5. Шынықсаң - ..................... (шымыр боласың)

6. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын ............. ізде. (жол)

1-жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы.

Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,

Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.

Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,

Жол салады айдын шалқар болашаққа.

2-жүргізуші:

Өмір,өзін қайдасын,

Күн мен түнді жалғайсың.

Жақсыларға жақынсың,

Жамандарға шалғайсын.

Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,

Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.

Денсаулықтың әліппесі әрқашан,

Жыр шашады қуана мына еліне

1-жүргізуші:

Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.

2-жүргізуші:

Марапаттау рәсімі біздің ата-аналарымыздың өнерлеріне тәнті болып отырған әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1-жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай сайысы аяқталды.

2-жүргізуші:

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық.

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамадалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!




Тақырыбы: 7-cәуір денсаулық күніТақырыбы: 7-cәуір денсаулық күніТақырыбы: 7-cәуір денсаулық күніТақырыбы: 7-cәуір денсаулық күні

© 2010-2022